Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы

Инновация - барлық тараптар үшін жаңалық болып табылатын идеяның коғамдағы өскелең сұранысты қанағаттандыратын әрі оны ендірушілерге үлкен мөлшерде табыс әкелетін рухани немесе заттық дүниеге, жүйеге, қызметке айналуы. Инновациялық үдерістің негізінде инновациялық қызмет тұрады. Инновациялық қызмет - өзінің мәні мен мазмұны өмірдегі барлық саладағы жаңа, прогресстік идеяларды үздіксіз ендіру арқылы қоғамның өскелең сұранысын ұдайы қанағаттандырып отыру болып табылатын қызмет.
Инновациялық қызметтің басқару тетіктерін шартты түрде былай қарастыруға болады:

Инновациялық қызметті экономикалық тұрғыдан реттеу.
Бұған инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау тетіктері жатады. Олар - салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қаржыландыру, субсидия, несие, және амортизация.

Бүл жоспарды жүзеге асыру үшін Үкіметтің негізгі операторы болып «Самұрық-Қазына» қоры табылады. Қазіргі кезде Самұрық-Қазына акционерлік қоғамы электроэнергетика, көлік, мұнай газ саласы, химия, металлургия өнеркәсібі, сондай-ақ туризм салаларындағы, атом энергиясы, машина жасау, аэрокосмостық өнеркәсіп сияқты приоритетті салалардағы да инвестициялық жобаларға талдау жасап, олардың ішінен неғұрлым тиімділерін анықтау, қаржыландыру жұмыстарын жүргізіп отыр.

Ұлттық инновациялық экономиканың қалыптасуына салалық ғылымның өнеркәсіппен, ғылым академиясымен байланысын үзуі де жағымсыз әсер етті. Нәтижесінде салалық институттар жабылып, бұл кешеннің жекелеген кәсіпорындарға, жоғары оқу орындарына, ғылыми зерттеу орталықтары мен мекемелерге айналуына себеп болды. Жалпы алғанда шаруашылық тәжірибеге ірі инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін іс-әрекетті біріктірудің механизмі жоқ.

Бұндай артта қалушылықты жеңу үшін инновациялық даму жолына түсуге ынталы болып отырған біздің елге инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесін терең зерттеп, жеткен жетістіктерін сараптап, қолайлысын дамыған ұлттық инновациялық жүйе мен ұлттық инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруда пайдалана білуіміз қажет.