Саяси элита
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді.
“Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923 ) “ Жалпыға бірдей социология” трактатында ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бас тайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып , жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Франция саяаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер “Абсолютті құқық” деген еңбенінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден , жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.
Бұларды біріктіретін ортақ белгілеріне тоқталатын болсақ:
1. Кез-келген қоғамның элитарлығын мойындау, оның айрықша, билеуші билеуші шығармашылық байланысты енжарлық шығармашылық емес көпшілікке бөлінуі. Бұлайша бөлу адам мен қоғам табиғатының заңдылығынан туындайды.