Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Әлеуметтік мемлекет идеясының конституциялық заңнамада көрініс табу эволюциясы

Тарихқа жүгінсек әлеуметтік мемлекет түсінігі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда бола бастады. Әлеуметтік мемлекеттің теорияларының қалыптасуына либералды құқықтық мемлекетте бұрын болмаған жаңа қасиеттердің пайда болуы себеп болды.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы адам өркениеттілігінің негізгі жетістіктері болып есептелінетін адам құқықтарының алғашқы топтарының - азаматтық, саяси құқықтардың мемлекет тарапынан танылуына сүйенді. Қоғамдағы экономикалық қатынастардың өзгеруі адамның жеке құқықтары мен саяси құқықтарының жүзеге асырылуына тиімді әсер ету мен теріс әсерлерін де тигізді, яғни әлеуметтік мәртебесіне байланысты бір тұлғалар мемлекетте танылған құқықтарын толық жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болса, басқа тұлға ол құқықтарын толық қолдана алмады.

Тәуелсіз мемлекет ретінде ҚР әлеуметтік мемлекеттілікті қалыптастырудың алғашқы негізін 1993 жылғы Конституцияда әлеуметтік - экономикалық құқықтарды бөлек тарау (5 тарау, 18 - 27) ретінде бекітіп, қалады[6]. 1993 жылғы Конституцияда бекітілген нормалар және мемлекетіміздің өркендеуінде алғашқы рет конституциялық құрылыстың негізі ретінде 1995 жылы қабылданған Конституциясында әлеуметтік мемлекеттік қағидасы бекітілді.
Қазақстан Республикасы өзінің дамуындағы маңызды кезеңдерін өткізіп жатыр. Мемлекеттіліктің қалыптасуы негізінен саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани даму бағыттарында жүргізілді. Бұл өзгерістер Конституцияда бекітілген нормалар, оның ішінде адам, оның өмірі құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітілуіне байланысты. Осы міндетті шешу үшін мемлекет өзінің негізгі қызметтерін әртүрлі тәсілдер қолдану арқылы жүзеге асыруы керек.
Мемлекет теориясына сүйенсек, мемлекеттің қызметтеріне экономикалық және әлеуметтік қызметтер жатады. Бұл қызметтердің жүзеге асырылуының өзі мемлекетті әлеуметтік мемлекет ретінде сипаттайды. Әлеуметтік мемлекет түсінігінің өзі мемлекеттің өз мойнына әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мақсатын қойып, адамдарға қажетті өмір сүру жағдайларын әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асыруға тырысады.
ҚР Конституциясында әлеуметтік мемлекеттің сипаты немесе анықтамасы берілмеген, бірақ кейбір нормалар Қазақстанға әлеуметтік мемлекеттің сипатын береді. Әрине бұл нормалар негізінен мемлекеттің адам алдында, қоғам алдындағы негізгі міндеттері ретінде бекітілген. Бұл міндеттерге:

Әлеуметтік мемлекет мемлекеттіліктің дамуының кезекті эволюциялық сатысы болып келеді. Оның туындауының объективті себептері ретінде ғылыми - техникалық ілгерілеу жағдайында адамдардың сұранысын кең түрде есепке алу қажеттілігі, олардың әлеуметтік құқықтары тану және мемлекет тарапынан кейбір әлеуметтік қызметті өз міндетіне алудың қажеттілігі саналады.
Жүз жылдан астам уақыттан бері қалыптасып, дамып келе жатқан әлеуметтік мемлекеттің анықтамасы әр - түрлі болғанымен, әлеуметтік мемлекеттік сипатын анықтайтын белгілер шектеулі болып келеді. Қазіргі уақыттағы ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне сүйене отырып, әлеуметтік мемлекеттің сипатын анықтайтын келесі белгілерді бөліп көрсетуге болады:

Құрылып жатқан демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық ретінде бекітіледі. Сондықтан, мемлекет адам туралы қамқорлық, оның материалдық жағынан игілікті тұрмысын қамтамасыз ету маңызды міндетті, осыдан артық маңызды міндет мемлекетте болмауы керек. Азаматтық қоғам қалыптастыру тұжырымдамасына сай ҚР әлеуметтік мемлекеттіліктің келесі негіздерін дамыту мен қалыптастыру бекітілген: «...ҚР қол қойған халықаралық шарттар мен актілерді ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру және үйлестіру; мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау; еңбек қатынастарын жетілдіру; әлеуметтік саясатты жаңғырту; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру; азаматтық қоғамның басқа институттарын дамыту; азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту»[9].