ҚР салық жүйесінің жағдайы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Салық салудың экономикалық мазмұны 5
1.1 Теориялық негіздері 5
1.2 Функционалдық негізі 8
2 ҚР салық жүйесінің жағдайы 15
2.1 Салықтардың жіктелуі 15
2.2 Ықпал ету механизмі 19
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер 29
Кіріспе
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады.
1 Салық салудың экономикалық мазмұны
1.1 Теориялық негіздері
Салық жүйесінің мәні мен рөлі, оның принциптері арқылы айқындалады. Қазіргі елдердің барлығының дерлік салық жүйесінің негізі, салық салу теориясының классигі - Адам Смиттің еңбектеріне сүйенеді. А. Смиттің пікірі бойынша, «салық - бүл жүктеме, сондықтан да мемлекет заң түрінде оның мөлшерін және төлеу тәртібін мұқият қарастыруы қажет. Мемлекеттің салықты жинау құны, мемлекеттің өмір сүру қажеттілігінен және оның жалпы қоғам мен жеке тұлғалардың мүддесін қорғауынан келіп шығады».
Арада біраз уақыт өткеннен соң, бүл тізім салықтардың жетілігімен және әрекеттілігімен (салықтар мемлекеттің мүмкіншілігі мен объективті қажеттілігіне сәйкес қысқартылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін), салық салу объектісі мен салым көзін таңдауымен, салымның бір реттілігімен толықтырылды.
1.2 Функционалдық негізі
Мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі шешілетін нақты мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Бүл реттеудің қай түрін болмасын, экономикалық қатынастарды салық саясатының көмегімен бөлу және қайта бөлу құрайды. Осы арқылы мемлекет экономика дамуының циклдік ауытқуларын жеңілдетеді, инфляцияға қарсы күрес жүргізеді, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытады және әлеуметтік қақтығыстарды жеңілдетеді. Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында рентабелділік, қоғамдық көзқарас пен қажеттілік сияқты критерийлерге өктемдік жасайды.
Салықтың экономикалық мазмұны олардың негізгі функцияларымен сипатталады. Салықтың ең негізгі функциясы болып - фискалдық саналады. Бүл функция салықтардың табиғатымен бірге пайда болған, яғни мемлекеттің қалтасын (бюджетті) толтыру үшін, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалай табысының бір бөлігін эквивалентсіз, мәжбүрлеп алу негізінде толтыру.
2 ҚР салық жүйесінің жағдайы
2.1 Салықтардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың қосындысынан тұрады. Тікелей салықтар салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады. Біздің елімізде оларға: жер салығы, мүлік салығы, табыс салығы және т.б. жатады. Ал жанама салықтар - тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, тұтынушылармен төленеді. Тікелей салық салу кезінде ақшалай қатынастар мемлекет пен салықты төлеушілер арасында пайда болса, ал жанама салықтарда - салық субъектісі болып мемлекет пен төлеуші (тауарды немесе қызметтерді тұтынушы) арасында делдалдық қызмет атқаратын тауарды (қызметті) сатушылар саналады.
2.2 Ықпал ету механизмі
Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуді, бағаның бір қалыптылығын қамтамасыз етуді, жұмыссыздық деңгейін төмендетуді, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, сыртқы экономикалық қызметті теңестіруді мақсат тұтады. Осы аталған мақсаттардың бәріне бірмезгілде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да салық саясатының басым түрі, қоғамның саяси күштерінің құрылғысына, экономикалық конъюнктураға байланысты болады.
Қорытынды
Ұдайы өндірістік мүдделерімен байланысты салық жүйесінің эволюциялық, біртіндеп қайта құру аясындағы салық салудың жасалған типологиясы негізігі белгілерімен сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты жалпы жүйелік функцияларды бөлуге мүмкіндік берді. Бұл фискалды, қайта бөлу, реттеуші функциялар және арнайы функцияларды орындайтын жеке салықтар немесе салық топтары.
Салықтар жалпы ішкі өнімді және ұлттық табысты мемлекеттік реттеу мен қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесінің құрылымы өзгеруде: салықтық алымдарының жалпы сомасындағы жанама салықтардың үлесі артып отыр.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті, 2003 ж.;
2. Караваева И.В. Налоговое регулирование рыночной экономики. Учебное пособие для вузов. Москва: Юнити-Дана, 2000 г.;
3. Налоги. Учебное пособие/ Под редакцией Д.Г. Черника. Москва: Финансы и Статистика, 2000 г.;
4. Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение. Москва: Инфра-М, 2000;
5. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник- Алматы: « Норма-К»- 2003 г.;