Әлкей Марғұлан
Ә. Марғұлан - қазақ мәдениетінің тарихшысы: археолог, фольклоршы, этнограф және қазақтанушы
Қазақстан ғылымында этноархеологиялық жаңа ағымның негізін академик Әлкей Марғұлан қалады. Этноархеология зерттеулерінің басты объектісі болып халықтың материалдық мәдениеті, ал пәні—адамдардың іс-әрекет ерекшеліктері мен әлеуметтік қарым-қатынастарының өзіндік бет-бейнесі болып табылады. Кең байтақ қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен ашылмаған тарихи-мәдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге бұл ғылымның әдіс-тәсілі маңызды рөл атқарады.
Әлкей Хақанұлының бай мұрасы, әсіресе оның Отан тарихын зерттеуде ұстанған методологиялық принциптері ғылымдағы бүгінгі өзгерістермен ұштасып жатыр.
Қазақтар жайлы гуманитарлық ғылымның тұтас саласын ұйымдастырушы—іс дегенде тынымсыз, табанды да қайратты, сырттан қарасаң әрқашан сабырлы көрінетін өте сезімтал әрі жаны нәзік, тағдырдың небір шырғалаңы мен соққысын көрген ғалым Ә.Марғұлан еді.
Қорыта айтар болсақ, Ә.Марғұланның артына қалдырған мол мұрасы қазіргі тарих ғылымында жалпы мәдениетімізде болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашаққа қызмет жасайтын ұлтымыздың рухани байлығына жатады. Ә.Марғұлан шығармашылығын, сондай-ақ тарих ғылымының белгілі бір саласымен ғана шектеп қарастыру қателікке ұрындырады. Өйткені, ғылымның өзі тарихи процестерді жан-жақты өзара салыстыра, ұштастыра зерттеуді мақсат тұтқан. Сондықтан да ол археологиялық ескерткіштерді тарихи-жазба деректермен, тарихи жазба деректерді аңыз-жырлармен, аңыз-жырларды алдыңғы екеуімен байланыстыра зерттеген. Сол арқылы ғалым халқымыздың жүріп өткен тылсым әлемін жарқыратып, аша білген. Бұл әдіс кейінгі буын ғалымдарға да, біз сияқты, мектеп қабырғасындағы оқушыларға да үлгі болса керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Марғұлан Ә. «Ежелгі әдебиет куәлары» Алматы, 1966, 4-б.
2. Сонда, 6-б.
3. Марғұлан Ә. «Ойсылқара», «Жұлдыз» 1984, №4. 175-б.
4. Марғұлан Ә. «Қорқыт ата өмірі мен эфсоналары», «Жұлдыз», 1983. №3. 143-б
5. Марғұлан Ә. Әдебиет және искусство Алматы, 1941, 36-б.
6. Қазақ әдебиеті, 2004. 1-қаңтар. 3-б.
7. Сонда, 3-б.