Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 56 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары


МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ 3
I бөлім. Президент жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары 6
II бөлім. Қоғамдағы демократияландыру процесi. Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та жауапты процесс 14
III бөлім. Қазiргi кезеңдегi экономикалық саясаттың ерекшелiгi 37
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектiлiгi.
Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған.
Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты.

Диплом жұмысымның мақсаты мен мiндеттерi.
Жұмыстың негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтiк және рухани дамуының алғышартьтарын ашып көрсету және елдегi ахуалды терең таразылау, дамуымыздың әлемдiк тәжiрибе тұрғысынан талдау және реформаларды іске асыру мен жаңа институттардың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру болып табылады.
Осы алдымызға қойған мақсаттан мынадай мiндеттер туындайды:
- Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық саяси ахуалды анықтап,
оның даму үрдiстерiн айқындау;
- қазақстандық қоғамды демократияландыру процесiнiң ерекшелiктерiн саралау, оның басым бағыттары мен негiзгi принциптерiн зерттеу;
- қазіргі кезендегi экономикалық саясатты жүзеге асырудың
қазiргi жай – күйi мен оның ерекшелiктерiн талдап көрсету;
- республикадағы демократиялық өзгерiстердiң қоғамның бiлiм
және мәдениет мәселелерiне ықпалын ашып көрсету;
Дипломдық жұмыс құрылымы.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады. Сонымен бiрге жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi көрсетiледi.
“Президент Жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары” атты бiрiншi бөлiмде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 Ел халқына Жолдауы туралы, ондағы елiмiздiң iшкi және сыртқы саясатына, саяси экономикалық және әлеуметтiк дамуына байланысты мақсат – мiндеттер айқындалады. Сонымен қатар Президенттiң ”ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары”, 1998-2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды мiндеттерге талдау жасалынады.
”Қоғамды демократияландыру процесi” – деп аталатын екiншi бөлiмде Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдiсiнiң қалыптасуы, оның жүзеге асырылу ерекшелiктерiне тоқтала келiп, мәселенiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк салалардағы негiзгi принциптерi мен мiндет – мақсаттары анықталады.

I бөлім. Президент жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, Елбасымыз жылма – жыл халықты iшкi және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етедi. 1998 жылғы 30 қыркүйекте Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ”Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл– ауқатының артуы” атты 2030-шы жылға дейiнгi дамуын байыптайтын ұзақ мерзiмдi Стратегия ұсынды. Онда Президент аталмыш Стратегияны жүзеге асыруда ағымдағы жылы атқарылған iстерге баға берiп, алдағы жылдарда атқарылар iстiң нақты нысаналарын көрсетiп бердi . Бұны өз отандастарымыз құптап қарсы алды.
Президенттiң Қазақстан халқына арналған Жолдауы алыс және таяу шетелдердегi баспасөз беттерiнде кейiнен жазылып, оқырмандар назарын өзiне қатты аударып отыр. ”Қазақстан-2030” бағдарламасы әлдебiр дерексiз абстрактты идеология емес, ол – ең алдымен , нақты iс-қимылдың айқын жоспары. Ал, ол жоспары өзiнiң кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуы тиiс. Ол үшiн нақты iс-қимыл мен жұрттың бәрiне айдай айқын нәтиже керек.

II бөлім. Қоғамдағы демократияландыру процесi. Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та жауапты процесс

Әлемдiк тарихқа көз жiберсек қоғамды демократияландырудың сан қилы жобаларының бiрсыпырасы жүзеге асты да. Мәселен, ХVII ғасырдағы Американ Конституциясы немесе Ұлы Француз буржуазиялық революциясының азаттық пен теңдiк ұрандары. Ал, Қазақстан қоғамындағы демократия туралы мәселенi халқымыздың тарихынан бастаған жөн болар. Мәселен, Дала демократиясы, хандардың сайланумен қатар Қасым ханның қасқа жолы, Есiм ханның ескi жолы мен Тәуке ханның ”Жетi жарғысы” қазақ даласындағы демократияның алғашқы көрiнiстерi емес пе, сахарадағы демократияның мықты тұғырларды тiрек еткенiне билер институты да куә болып табылады .
Алайда Егемен Қазақстанның ұлттық тәуелсiздiкке бағытталған жолы өте ұзақ болды.
Сонау ХV ғасырдағы ұлан ғайыр кең далада көне феодалдық мемлекеттiң мұрагерi ретiнде қазақ хандығы шаңырақ көтердi. Түрлi тарихи жағдайлардың пәрменiмен бірнеше ғасырлар бойына Қазақстанның аймақтары Ресей империясының құрамына ендi. Осыдан кейiнгi кезеңде Қазақстанның саяси тарихи ұзақ уақыт Ресей империясы тарихының қосымшасы болып қана келдi .Адамзаттық қоғам құру жөнiндегi идея Ресейде тек ғасыр басында ғана көтерiле бастады, ал шет аймақтарына тым кеш естiлдi. Дегенмен, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. либерал демократтық бағыттағы қазақ зиялылары ұлттық мемлекет құрудың жолдарын, оның келешек өзiндiк келбетiн талқылай бастады. Маңайына алдындағы қатарлы зиялыларды топтастырған ”Қазақ” газетi кезiнде бұл мәселеге байланысты маңызды мақалалар арнады. Қазақстандағы тарихи даму өркендей келе 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа ұласып, ол жаңа ұлттық сананы оятуға әкелдi. Оның соңы патшалық ресейдегi революцияға ұласты.

II бөлім. Қазiргi кезеңдегi экономикалық саясаттың ерекшелiгi

Қазақстанның егемендi ел болып, экономикалық реформаны жүзеге асыра бастағанына жетi жылдан асты. Егемен ел болған соң өзiнiң дербес мемлекеттiк құрылысын жасап, ата заңын қабылдап, әлемнiң елдерiмен жүргiзетiн сыртқы саясатын айқындап, шаруашылықтың бұрынғы социалистiк жоспарлы бiр орталықтан басқарылатын жүйесiн жойып оның орнына нарықтық экономикалық жүйеге көшу үстiнде. Бiр жүйеден екiншi жүйеге көшу қиындықсыз, ауыртпалықсыз болмайтыны белгiлi.
Нақтырақ айтсақ капитализмге өту үшiн өтпелi кезеңнiң бiрнеше түрi бар. Ондай кезеңдi Жапония да, Германияда да, Шығыс Еуропа елдерi де бастан кештi.Бiрақ әр елдiң өтпелi кезеңi өзiнше, өз ерекшелiктерiмен өттi.
Қазақстандағы өзгерту процесi экономиканың бiр баспалдағынан екiншiсiне көшуге байланысты емес, бiр экономикалық жүйеден түбегейлi өзге екiншi жүйемен алмасуына байланысты. Бұл кезеңнiң экономикасы тек қана өтпелi кезеңге тән және де кеңестерден соңғы түрi болды. Ол тарихта бұрын болған өтпелi кезеңнiң ешқайсысына да ұқсамайды.

III бөлім. Қазіргі кезеңдегі экономикалық саясаттың ерекшелігі

Қазақстанның егеменді ел болып, экономикалық реформаны жүзеге асыра бастағанына жеті жылдан асты. Егемен ел болған соң өзінің дербес мемлекеттік құрылысын жасап, ата Заңын қабылдап, әлемнің елдерімен жүргізетін сыртқы саясатын айқындап, шаруашылықтың бұрынғы социалистік жоспарлы бір орталықтан басқарылатын жүйесін жойып, оның орнына нарықтық экономикалық жүйеге көшу үстінде. Бір жүйеден екінші жүйеге көшу қиындықсыз, ауыртпалықсыз болмайтыны белгілі.
Нақтырақ айтсақ капитализмге өту үшін өтпелі кезеңнің бірнеше түрі бар. Ондай кезеңді Жапонияда, Германияда да, Шығыс Еуропа елдері де бастан кешті. Бірақ әр елдің өтпелі кезеңі өзінше, өз ерекшеліктерімен өтті.
Қазақстандағы өзгерту процесі экономиканың бір баспалдағынан екіншісіне көшуге байланысты емес, бір экономикалық жүйеден түбегейлі өзге екінші жүйемен алмасуына байланысты. Бүл кезеңнің экономикасы тек қана өтпелі кезеңге тән және де кеңестерден соңғы (постсоветский) түрі болды. Ол тарихта бүрын болған өтпелі кезеңнің ешқайсына да ұқсамайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінде саяси жүйені жедел түрде реформалау мен қоғамды демократияландыру алдыңғы орынға шықты. Елдің саяси өміріндегі соңғы өзгерістер мен қоғамдық өмірдің жанданып, жаңа бір сапалы қалыпқа түсуіне қоғамдағы белең алған демократиялық бет бұрыстың айтарлықтай себепкер болғаны мәлім. Бұл, әрине, "тәуелсіздікке қолымыз жеткен соңғы жеті жылдан астам уақытта қоғамды демократияландыру барысында ештеңе тындыра қойған жоқпыз" деген сөз емес. Әр нәрсенің өз уақыты бар, Қазақстандық қоғамның да өз эволюциясы мен өз тар жол, тайғақ кешулері бар екендігін ұмытпаған жөн. Қалай болған күнде де елдің саяси өмірінде соны құбылыстардың бой көрсете бастағаны ақиқат. Мұның өзін саяси жүйенің дамуындағы өзіндік бір бет бұрыс деп те бағалауға хақымыз бар сияқты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1) Назарбаев Н. Ә. "Қазақстан - 2030". Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998. — 96 бет.
2) Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1996
3) Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.
4) Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
5) Назарбаев Н. Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын // Ақиқат, 1998, №3.
6) Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқының азаматтық тандауы — тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар: Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама. Ақмола, 1997, 6 маусым. Алматы: Қазақстан, 1997.
7) Кекілбайүлы Ә. Жабыла іске жұмылсақ, жағдай тез жақсарады //Ақиқат, 1998, №2.