Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Геоэкология

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 35 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қоныс және Бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)


ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1 ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ 4
1.1 Қоныс пен Бектас кен орындары туралы жалпы мәліметтер 4
1.2 Қоныс пен Бектас кен орындарының техникалық сипаттамасы 6
1.3 Объектілердің технологиялық сызбасы мен күйі 7
1.4 Қалдықтар көздері 9
2 ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ МІНДЕТІ 13
2.1 Өндірістік мониторинг анықтамасы 13
2.2 Қоршаған ортаның өндірістік мониторингінің негізгі міндеті 15
2.3 Өндірістік мониторинг процедурасы 16
3 ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРНЫНДА ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГТІ ЖҮРГІЗУ 17
3.1 Байқау жүйесі 17
3.2 Атмосфералық ауаның ластану мониторингі 17
3.3 Ауыз су, жер асты және ақаба сулардың мониторингі 18
3.4 Топырақ, өсімдік және жануарлардың үлгілі түрлерін бақылау 18
3.5 Радиациялық фон мониторингі 18
4 ҚОНЫС ПЕН БЕКТАС КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ 19
4.1 Далалық жұмыстар 19
4.2 Зерттеу материалдары мен әдістері 21
4.3 Атмосфералық ауаның ластану мониторингі 25
5 ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АУА АЛАБЫН СЫНАМАЛАУ МӘЛІМЕТТЕРІН КАМЕРАЛЫҚ ӨҢДЕУ 27
5.1 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын сынамалау 27
5.2 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын сынамалау есептеулерінің нәтижелері 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
РЕФЕРАТ 35

КІРІСПЕ

Жұмыс тақырыбы - "Қоныс және Бектас кен орнындағы қоршаған ортаның өндірістік мониторингі (атмосфералық ауа алабының ластану мониторингі мысалында) " .
Тақырып өзектілігі: соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында газ және мұнай өндірудің қарқынды дамуымен байланысты қоршаған ортаға үлкен техногендік жүктелім түсуде. Мұнай саласының қоршаған табиғи орта компоненттері мен экологиялық күйіне әсерін бағалау үшін көптеген өндірістер өндірістік мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторингті зерттеулерді жүргізу кен орнының және оның обьектілерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы жүргізілген мониторингті зерттеулер арқылы біздер атмосфералық ауаның, топырақтың, жер беті суының бүгінгі кездегі экологиялық күйін және қандай зиянды заттармен, ауыр металлдармен, радионуклидтермен ластанғандығын біле аламыз.
Жұмыстың мақсаты: Қоныс және Бектас кен орнында жүргізілген өндірістік мониторинг нәтижелері арқылы мұнай саласының қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау, ауаға шығарылатын ластаушы заттардың әсерін төмендету бойынша ұсыныстар енгізу және атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалау.
Жұмыста қойылған негізгі мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді толығымен игеру тиіспіз. Осыдан жұмыстың негізгі міндеттері:

1 ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қоныс пен Бектас кен орындары туралы жалпы мәліметтер

Қоныс пен Бектас кен орындары Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аумақ солтүстік континенттік шөл зонасында орналасқан және ауқымды көлдік қазан шұңқырға бекінген. Кен орынның аумағына жақын жатқан елді мекендері: Жалағаш (150км), Жусалы (210км), Қарсақпай (180км) теміржол станциялары және Сатпаев ауылы (250км) (сурет 1).
Орографиялық жағынан аудан әлсіз төбешікті дала болып келеді. Аумақтың су артериясы және тұрақты елді мекені жоқ.
Климаты. Аудан климаты шұғыл континенттік, ауа температурасының маусымдық және тәуліктік үлкен ауытқуларымен, жауын-шашын аз (жылына 10мм) және жазы құрғақ . Жаздағы max температурасы 30-350С, min қыста -38-400С. Қатты желдер тән: жазда - батыс пен оңтүстік-батыс, ал жылдың қалған уақытында – солтүстік және солтүстік-шығыс, Оңтүстік-шығыс бағыттағы тұрақты желдер тән, қыста боран мен дауыл жиі кездеседі. Көбінесе қыс - көктем маусымдарында жауын-шашын мөлшері 150 мм/жыл. Кен орын аумағында су көздері жоқ [5].
Геология мен геоморфологиясы. Қоныс пен Бектас лицензиялы кен орны Сарылан шоқысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Үстірт меридианды бағытта 35км-ге созылған. Беттік абсолюттік белгілері солтүстікте-200м-ден, оңтүстікте-160м-ге дейін өзгереді. Қоныс пен Бектас учәскелері арасында батыстан аудан шегіне үстірт бетімен салыстырғанда тереңдігі 70 метрге жететін Қараой ірі қазаншұңқыры орналасқан.
Үстірт беті плиоцен жынысының кешенімен құрылған құрылымдық-денудациялық жазық болып табылады, Аудан сейсмикалы емес.

1.2 Қоныс пен Бектас кен орындарының техникалық сипаттамасы

Қоныс кен орны. Қоныс кен орны адам мекендемейтін аумақта орналасқан. Тұрақты елді мекендер жоқ. Жол торабы - топырақ пен дала жолдар. Жақын жатқан елді мекендер Жалағаш (200км) пен Жусалы (120км) теміржол станциялары.
Кен орны 1989 жылы ашылды. Бірінші ашылғаны - №1 іздеу ұңғымасы (сурет 2). Қоныс кен орны құрылысы 1986-1988 жж. МОП сейсмикалық барлаумен дайындалған. Іздеу бұрғылаулары 1988 ж., барлау бұрғылаулары -1990ж-дан бастап жұмыс істей бастады. 1996ж бастап Қоныс кен орнының сынамалық пайдалану жобасы шегінде пайдаланылатын ұңғымалар бұрғыланған және оларды зерттеу жүргізілді. Кен орны қимасында анықталған кендерден мұнай қорының 90%-ы және еркін газдардың 55%-ы ең үлкен қорлары күрделі геологиялық құрылымы бар М-П горизонтының кені болып табылады [7].

1.3 Объектілердің технологиялық сызбасы мен күйі

Қоныс пен Бектас кен орындарында мұнайды жинаудың технологиялық сызбасы негізіне бір құбырлы сәулелі жабық жүйе салынған. Қазіргі жағдайда мұнайды фонтан әдісімен алады.

1.4 Қалдықтар көздері

Әр өнеркәсіптік алаңда 7 ластау көздері бар. Олардың 2–уі ұйымдастырылған, 5-уі ұйымдастырылмаған. Вахтылы ауылда 8 ауа ластаушы көздер табылған, олардың 2-уі ұйымдастырылған, 6-ы ұйымдастырылмаған. Жалпы Қоныс кен орындарында ластаудың 120 стационарлы көздері табылған, олардың 34 ұйымдастырылған, 86-сы ұйымдастырылмаған.
Атмосфералық ауаны ластаудың стационарлық көздері: ұңғыма, мұнай қыздырылған пеш, мұнай насосы, сепараторлық қондырғы, мұнай жағатын факелі, мұнайды қабылдау үшін сыйымдылықтар, дренажды сыйымдылық.
Ластаушы заттар: азот оксиді, азот диоксиді, марганец оксиді, темір оксиді, көмірсутегі, күйе, көмірсу оксиді, акролеин. күкірт диоксиді [2].
Кен орындарында ілеспелі газды утилизациялау мәселесі шешілуде. Ол үшін Қоныс пен Бектас кен орында 2003-2006 жж. аралығында ілеспелі газды утилизациялау бағдарламасы жасалды.
Шараны жасау келесіні есепке алумен орындалған:

Қоныс пен Бектас кен орнындағы ілеспелі газды утилизациялаудың қолайлы жолдарын таңдау экономикалық, технологиялық, әлеуметтік критерилерді есепке алумен жүзеге асырылатын болады. Дәйекті алғашқы мәліметтерді алу мақсатында жобада газдың ақиқатты ағындары мен олардың сандық және сапалық таралуы бағаланған.
1 және 2-кестеде Қоныс кен орнының сепарация газ құрамының компоненті құрамы мен мұнайдың физико-химиялық қасиеттері берілген.

Кесте 1- Қоныс кен орны сепарация газының компонентті құрамы [8]

2 ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ МІНДЕТІ

2.1 Өндірістік мониторинг анықтамасы

Кен орны нысандарының қоршаған ортаға ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін шараны экологиялық (өндірістік) мониторинг деп аталады. Ол қоршаған орта компоненттерінің күйін ұзақ уақыттық байқау жүйесі болып табылады. Орындалған байқаулар мәліметтері банкін талдаудың бүгінгі таңдағы әдістері және табиғат күйі мен табиғат қорғау шараларын болжаудың моделдеу кен орны және оның нысандарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет етеді.
Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау. Бағалау, тексеру және болжау жүйелері. "Мониторинг" деген термин "монитор" - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм коференциясының алдында"бақылау" ұғымын толықтыру ретінде пайда болды [11].
Биосфераның абиотикалық құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында кезектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық мониторингтің информациялық жүйесі жасалды.
Антропогендік әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:

2.2 Қоршаған ортаның өндірістік мониторингінің негізгі міндеті

Қоршаған орта мониторингінің міндеті:
• қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің күйі көрсеткіштерін анықтау (топырақ және өсімдік жамылғысының, ауа және су ортасының, жануарлардың моделді түрінің);
• төмендегі анықтауды қоса отырып, ластаушы көзі ауданында қоршаған орта компоненттерінің сапасын өзгертетін масштабтарды анықтау:

2.3 Өндірістік мониторинг процедурасы

Өндірістік мониторинг процедурасы келесі талаптарды есептеумен жүзеге асырылуы керек:
- қоршаған орта компоненттері күйінің сандық көрсеткіштерін алу;
- ластаушы заттарды тастаумен ықпалымен қалыптасқан қоршаған орта компоненттерінің барлық өзгерістерін анықтау;
- арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу.
Көлемінен тәуелді рәсімделетін өндірістік мониторинг мәліметтер құрауы тиіс:

3 ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРНЫНДА ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГТІ ЖҮРГІЗУ

3.1 Байқау жүйесі

Қоныс және Бектас кен орнында табиғи компоненттердің бүгінгі таңдағы күйін бағалаудың негізі қоршаған ортаға табиғат пайдаланушылардың шаруашылық іс-әрекетінің ықпалын максималды мүмкіндікпен есепке алумен жоспарланатын табиғи байқаулар болып табылады.
2004 жылдың вегетациялық кезеңіндегі қоршаған ортаның өндірістік мониторингі үнемі байқауларды ұйымдастыруға бағытталған. Мониторингтің бастапқы сатысы жүйелік табиғи байқауларды ұйымдастыру, жинақтау, консервация, сынаманы сақтау және транспортировка, материалды камералды және аналитикалық өңдеу болып табылады [6].
Қоныс және Бектас кен орны аумағында су, жер беттік байқау, радиациялық фон, атмосфералық ауаны байқау посттарының мониторингті станциялары белгіленген.

3.2 Атмосфералық ауаның ластану мониторингі

Атмосфераның ластану деңгейі зиянды заттар қалдықтарының мөлшерінен және олардың химиялық құрамынан, қалдықтарды тастау жүзеге асырылатын биіктіктен, ластаушы заттардың тасымалдануын, таралуын және айналуын анықтайтын климаттық жағдайлардан тәуелді. Атмосфераның ластану деңгейін байқауды ұйымдастыру ережесі ретінде селитебті зона үшін (қалалар және тұрғылықты пункттер) 17.2.3.01-86 МСС жасалған. Осы жағдайдағы байқаулар 3 категориялы, яғни стационарлы, маршрутты және қозғалмалы посттарда өткізіледі. Қоныс және Бектас кен орнында санитарлы-қорғау зонасы аумағында және өндірістік учаске шегінде орналасқан байқаудың қозғалмалы маршрутты посттары ұйымдастырылған. Тәулігіне бір рет (декадты кезең аралығында) қозғалмалы лабораторияны пайдаланумен әрбір посттың ауданында атмосфералық ауаның ластануын бақылау бойынша байқау жүргізіледі.

3.4 Топырақ, өсімдік және жануарлардың үлгілі түрлерін бақылау

Топырақ мониторингі кері процестердің дамуына топырақ зерттеулерін жүйелі жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ стационарлы пунктер (станциялардың) желісінің ұйымдары мен олардың бақылаулардың бағдарламалары бойынша қамтамасыз етіледі. Мұнай әсеріне ұшыраған топырақтың экологиялық бақылау үлгісі-газ шығару, оларды алғашқы өңдеу және тасымалдау құрамына стационарлық экологиялық пункттердің территориялардың желісін құру, бақылау көрсеткіштері мен кезеңдік бақылауларды таңдау, кері процестерінің дамуына жергілікті бақылау жүргізу, және оларды тоқтату мен жою іс-шараларын өңдеу. Химиялық ластануды бақылау үшін топырақтардағы ауыр металдардың, мұнай өнімдерінің және басқа да приоритеттік (алғашқы) заттардың болуын анықтау жүргізіледі.

3.5 Радиациялық фон мониторингі

Бақылау станцияларындағы вегетациялық кезеңде кен орындарының аумағында сыртқы гаммафонды (түс, рең) анықтау жүргізіледі. Бір уақытта табиғи және өндірілген радионуклидтерді сараптауға 15 үлгіден кем емес су мен топырақтың сынамалары алынады. Сынамаларда табиғи және енгізілген радиоактивті радий 226, калий 40, цезий 137, гамма спектрометриялық анықтау жүргізілді [3].

4 ҚОНЫС ПЕН БЕКТАС КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ

4.1 Далалық жұмыстар

Қоныс пен Бектас кен орындарында қоршаған орта жағдайын бағалау үшін 2004 жылы маусымдық (көктем, жаз, күз) экспедициялық жұмыстар қарастырылды. Далалық жұмыстар вегетациялық кезеңге есептелген және жылдың үш кезеңі бойынша орындалды. Көктемгі, күзгі және жазғы экспедициялық саяхаттар уақытында кен орнының санитарлық және өндірістік зонасы шекарасының шегінде табиғи материалды жинақтау жүргізілді. Жұмыстар ауа атмосферасының ластануын бақылау бойынша бақылау бекеттерінде жүргізілді [5].

4.2 Зерттеу материалдары мен әдістері

Мониторингтік бақылауларда сынамаларды іріктеу сатысы (кезеңі) мониторингті ұйымдастырудың маңызды сатысы болып табылады. Табиғи сынамалар қоршаған ортадағы анықталатын компоненттердің құрамын дәйекті түрде көрсететіндей жағдайды қамтамасыз ету керек. Сынамаларды іріктеу сатысында бөгде ластаушылардан құтылу үшін сақтану шараларын қабылдау қажет. Сондай-ақ, сынамаларды дұрыс сақтамау термикалық разложение, химиялық реакциялар және т.с.с. салдарынан олардың химиялық құрамының өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Сынаманы іріктеуді жүргізуде олардың консервациясы өтеді. Ол ары қарай сынамаларды аналитикалық стационарлы лабораторияларға тасымалдауға мүмкіндік беретін қажетті операция.
Сынамаларды дайындау сатысы аналитикалық фазаның бірінші сатысы болып табылады.

4.3 Атмосфералық ауаның ластану мониторингі

Қоныс және Бектас кен орындарындағы мұнай өндіру технологиясына мыналар кіреді: өндіру; тасымалдау, қыздыру; сепарация; факелде (шырақта) флюидті жандыру; сақтау. Технологиялық сызбаның әр сатысында ауа атмосферасына зиянды заттар келіп түседі. Қоныс кен орны аумағында зиянды заттар қалдық көзін тізімге алу жүргізіледі, стационарлы көздер анықталды, жалпы және максималды-бір реттік қалдықтарды шығару есептелінді. Мұнай өндіру кезінде ауа атмосферасы ластануының стационарлы (тұрақты) көздері төмендегі обьектілер болып табылады:

5 ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АУА АЛАБЫН СЫНАМАЛАУ МӘЛІМЕТТЕРІН КАМЕРАЛЫҚ ӨҢДЕУ

5.1 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын сынамалау

Қоныс және Бектас кен орнында қоршаған ортаның өндірістік мониторингін жүргізу барысында атмосфералық ауаның зиянды заттармен, мұнай бензинімен және өлшенген бөлшектермен ластануы бақыланды. Ауа құрамында көп жылдық кезең ішінде атмосфералық түсулер тіркелген. Атмосфералық ауа күйінің қазіргі деңгейін сипаттайтын атмосфералық түсулер туралы ақпараттық сақтаушы болып ауа алабы табылады.
Қоныс кен орнында ластаудың 244 стационарлық көзі бар, оның 75 –ұйымдасқан және 169 – ұйымдаспаған. Өнеркәсіптік алаңдағы атмосфералық ауаны ластаушы стационарлық көздер:

5.2 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын сынамалау есептеулерінің нәтижелері

Қоныс және Бектас кен орындарындағы ауаны ластаушы зиянды элементтердің бақыланған концентрациялары бойынша жоғарыда аталған формулалар бойынша есептеп, олардың атмосфераға түскенде пайда болатын жалпы жүктелімін, олардың салыстырмалы көрсеткіштерін анықтадық. Мысал ретінде Қоныс-1 станциясының 2004 жылдың көктем мезгілінде ауа алабының көмертегі оксиді бойынша ластану жүктелімі қарастырылған:

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы осы дипломдық жұмыста кен орнындағы бүгінгі таңдағы ауа алабының жағдайына қысқаша сипаттама берілген.
Жалпы кен орнында 01.06.2003 ж инвентаризация нәтижелері бойынша 244 ластаушы көздер бар, олардың 75-і ұйымдасқан және 169-ы ұйымдаспаған. Стационарлы көздермен шығарылатын зиянды заттар қатары Қоныс және Бектас кен орнының санитарлы қорғау шекарасында атмосфералық ауа күйінің мониторингін жүргізу қажеттігін қалыптастырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Инструкция по проведению крупномасштабных почвенных изысканий земли РК .Госкомзем Республики Казахстан . Алматы, 1995
2 Каминский Н.А. Механический и микроагрегатный состав почвы, методы его изучения. Москва, АН СССР, 1958
3 Методические рекомендации по выявлению деградированных и загрязненных земель. Госкомзем, Министерство сельского хозяйства и продовольствия России. Москва, 1995
4 Михалев В.В. Система мониторинга земель РК и перспективы ее развития. В сб.Состояние и рациональное использование почв РК .Алматы. Тетис, 1998
5 Научно-методические указания по мониторингу земель РК .госкомзем Р.К., Алматы. 1993
6 Почвы Казахской СССР.Выпуск 14. Почвы Кзыл-Ординской области.наука. Алма-ата, 1983

РЕФЕРАТ

Берілген жоба мақсаты: "Қоныс және Бектас кен орнында жүргізілген өндірістік мониторинг нәтижелері арқылы мұнай саласының қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау және ауаға шығарылатын ластаушы заттардың әсерін төмендету бойынша ұсыныстар енгізу және атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалау".
Дипломдық жұмыс 4 тараудан тұрады.
I тарауда өндірістік мониторинг нысандары, яғни Қоныс және Бектас кен орнына қысқаша сипаттама берілген. Мұнда нысанның техникалық сызбасы мен күйі, ластану көздері ашылған.
II тарауда мониторинг жалпы анықтамасы, өндірістік мониторинг мақсаттары мен маңызы, процедуралары толық талданған.
III тарауда кен орнында өндірістік мониторинг жүргізу жұмысы, мониторинг қоныстары, атмосфералық ауаның ластануының мониторинг жүйесін ұйымдастыру ережелерімен таныстырылды.
IV тарауда - Қоныс және Бектас кен орнына жүргізілген өндірістік мониторинг нәтижелері келтірілді.
V тарауда статистикалық мәліметтері бойынша атмосфералық ауаға шығатын ластаушы заттар қатары бойынша атмосфералық ауаның сынамасы есептелген.
Бет саны- 41. Сурет саны-8. Кесте саны-12.
Жұмысты орындау барысында ұйымдасқан және ұйымдаспаған көздерден шығатын қалдықтардың мөлшері және жергілікті климаттық жағдайды есепке ала отырып, олардың таралу қашықтығы сияқты мәліметтер есептелді. Ерекше назар атмосфераның ластану мониторингіне бөлінді. Қоршаған ортаның компоненттеріне, яғни атмосфераға, су обьектілеріне, топырақ және өсімдікке, жануарлар әлеміне зиянды әсерін азайту бойынша ұсыныстар енгізілді.
Кілтті сөздер: өндірістік мониторинг, байқау посттары, табиғи материалды жинақтау, нысанның технологиялық сызбасы, ластаушы көздер, сынаманы іріктеу.