Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Филология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Аударма өнері және көркемдік түсініктер туралы


ЖОСПАР
1 АУДАРМА ӨНЕРІ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҮСІНІКТЕР ТУРАЛЫ 3
2 АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР АУДАРМА ТУРАЛЫ КЕЙБІР ОЙЛАР 18

1 АУДАРМА ӨНЕРІ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҮСІНІКТЕР ТУРАЛЫ
Аударма саласы — мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Ол туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек, күн тәртібінде тұра бермек. Және солардың актуальдылығы — белгіл кезеңдерге байланысты жағдай. Аударма туралы қай кезеңде не айтылса да маңызын жоймайды, өйткені ол қашан да жаңа, соны проблемаларға жол ашады, мұрындық болады. Ол проблемалардың негізгісі, бір сөзбен айтсақ, аударманың әсіресе классикалық шығармалар аудармасынын, көркемдік дәрежесі, оны екінші тілде жасаудың жолдары.
Аударма өнері, аударма үлгілері, ең алдымен, әр дәуірдің жемісі болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық дәуірде, барлық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні, ертеңгі бүгінгіні алдына үлгі ете отырып, соның жетістіктерін пайдаланады, өз тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп, аударманы алға дамытады.

Бұл жалпы аударма өнерінде бар болғанымен, қазақ әдебиетінде кездеспеген тәжірибе, Абай ғана ашқан жол. Абай қазақ топырағында шын мәніндегі аударма әдебиеттің, оның ішінде орыс әдебиеті классиктері шығармаларын аудару үлгісін жасаушы болды. Көркем аударманы өнер етіп тұңғыш таныстырушы да және таратушы да Абай. Поэтикалық аударма дегеніміздің өзі жалпы адамзат мәдениетінің айнасы екені де Абай өнерінен анық көрінді. Осы жайлар Абай аудармаларын халықтық қазына деңгейіне көтерді. Ардагер ақын салған жол ұлт мәдениетінің, интернационалдық мәдениеттің, әдеби даму, әдебиеттердегі өзара ықпал дегендердің асқан өнегесі болып қалды және қала да береді.
Міне, осыдан кейін Абай «бірер ақынның бірер өлеңін» аударды деуге ауыз қалай барады. Абай аудармасы өнеге болудан қалды деп қалай айта аламыз. Әрине, Абай аудармалары да белгілі дәуірдің жемісі. Оны жоққа шығара алмаймыз. Онда сол дәуір, сол уақыт таңбалары бар екені рас. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, Абай аудармалары көркемдік, тәлімдік жақтарынан әлі де биік белесте, асқан өнер дәрежесінде қала берері талассыз ақиқат. Классиктің «лассиктігі де сонда жа-тыр. Біз үшін мәселенің манызды жағы осында.

2 АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР АУДАРМА ТУРАЛЫ КЕЙБІР ОЙЛАР
Әдебиет өз тілінде, ұлт көлемінде өсумен қатар, басқа да өскелең ұлт әдебиетінің жақсы шығармаларын ұдайы қосып алып,байып отыратыны бәрімізге белгілі. Біздің қазақ әдебиетінде де басқа тілдерден көптеген кітаптар аударып жатқаны да бұл жұмыстың кең көлем алуы да өте заңды. Бұл мәдениетіміздің өскендігінің бір белгісі. Жазба әдебиет тілдің баюына, өсуіне, қалыптасуына көп қызмет ететіні белгілі. Кейінгі ұрпақ тілді ел аузынан үйренумен қатар, кітаптан, газеттерден, журналдардан, радио, -телевидениеден үйренеді. Әдебиет тілі көпшілікке ұстаздық етеді.
Әдебиеттің асқын шеберлері шығармаларына өте жауапты қарап, Маяковскийдің тілімен айтқанда, кейде бір сөз табу үшін мыңдаған тонна сөз рудасын "ақтарған. Міне, осы тұрғыдан қарағанда аударма әдебиетінің тілі осы жоғарыда айтылған талапқа сай келе ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен төл шығарма мен аударма шығарманың тілін салыстырып қарасақ біраз нәрсені аңғарамыз. Сонда аударма тілі мен төл шығарманың тілінде көп жағдайларда айырмашьшық барын көреміз.