Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім 4
1.1 Қолдану саласына талдау 4
1.2 Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы 6
1.3 Салық инспекциясының сипаттамасы 12
1.4 «Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау» АЖ-сін құрудың мақсаты 15
1.5 «Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау бойынша қызмет көрсету» АЖ-сіне қойылатын талаптар 15
1.6 Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесінің құрылымына қойылатын талаптар 17
1.7 Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау бойынша қызмет көрсету АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар 17
1.8 Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 18
1.9 Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 20
1.10 Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 21
1.11 Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 21
1.12 Математикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 22
1.13 Лингвистикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 23
1.14 Концептуалдық сызба нұсқасы 23
2-ТАРАУ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 24
2.1 Салық инспекциясының есептер кешенінің мінездемесі 24
2.2 Кіріс ақпараттары 24
2.3 Шығыс ақпараттары 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау» ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты –Салық инспекциясының заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдауының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі салық жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
- «Салықтық операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
- «Салықтық операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
- Курстық жұмысымың құрылымы.
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни Салық жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде салықтық операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.
1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
1.1 Қолдану саласына талдау
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды.
1.2 Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
1.3 Салық инспекциясының сипаттамасы
Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы заңдарын шығарып сол негізінде ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты Салық инспекциясында өздеріне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар.
1.4 «Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау» АЖ-сін құрудың мақсаты
Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
«Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау бойынша қызмет көрсету» АЖ-сін құрудың негізгі мақсаты - клиенттің әрбір бөлімшесі бойынша қаржылық ақпаратты беру мен іздеудің, өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар болып табылады:
1.5 «Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау бойынша қызмет көрсету» АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
Салықтық жүйеде ақпарат конфиденциальды және құпия болып табылады, сондықтан бүтіндей бүкіл жүйе жүйенің сапалы сипаттамаларын жақсартумен және қол жеткізуді шектеу жолымен санкцияланбаған қол жеткізу мен әртүрлі тоқтамдардан қорғалумен қамтамасыз етілуі тиіс.
1.7 Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау бойынша қызмет көрсету АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамaсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және модельдерді қосады.
1.8 Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.
АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.
Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:
1.9 Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
АЖ-нің қызмет етуі мен құрудың маңызды шарты ұйымдастырушылық қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің қызметкерлерінің қызметін оның қызмет ету объектті басқарудың қолда бар жүйесін талдау және оның тиімділігін өсірудің бағыттарын қалыптастыру. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай ақ жүйе қызметін реттейтін заңдық актілерді қамтиды.
1.10 Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) деп автоматтандырылған АЖ-нің жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдар кешені (ТҚК) аталады.
АЖ-ні техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1.11 Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.
БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:
1.12 Математикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Математикалық қамтамасыздандыру – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық әдістерінің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтығы. «Депозиттік операцияларды жүргізудің» АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруы нақты есептерді шығаруға және оның дұрыстығын бақылауға тиімді программаны дайындауға мүмкіндік береді,осы есептерді шешу үрдісінде ДЭЕМ жұмысын басқару және оның жұмысының дұрыстығын бақылау тиіс.
1.13 Лингвистикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Лингвистикалық қамтамасыздандыру – бұл АЖ-нің әрекетінде есептеуіш техникасының құралдарымен АЖ қызметкерлердің тілдесуінде ақпараттық бірліктерді құру мен сәйкестендірудің, табиғи тілді қалыптастыру үшін тілдік құралдардың жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:
1.14 Концептуалдық сызба нұсқасы
Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
2-ТАРАУ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Салық инспекциясының есептер кешенінің мінездемесі
Осы курстық жұмыстағы ақпараттық жүйе тұрғызу барысындағы есептер кешені Салық инспекциясының салық және басқа да төлемдердің бюджетке түсуі туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге. өңделген мәліметтерді сақтауға, осы мәліметтер негізінде есеп беру, сонымен қатар шығыс құжаттар формасын алуға арналған. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесі мынандай есептер кешенінен тұрады:
2.2 Кіріс ақпараттары
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
2.3 Шығыс ақпараттары
Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.
10-кесте
Қорытынды
Қазақстан Республикасының салық жүйесі осы талаптарды орындаған кезде жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Егер де біз тек осы саламен ғана шектеліп қоймай барлық салының жұмыс істеуін автоматтандыратын болсақ онда біз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымыз айдай анық. Қазіргі кезде жүйелерді автоматтандыру өте күрделі үрдіс болып табылады, ол білікті білімді мамандар қажет етеді осы мамандар арқылы аталған мәселелерде шешуге болады деп есептеймін. Нарықтық экономикада уақытты өте бағалайды егер де Қазақстан Республикасының салық жүйесі автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтін болса уақыт тиімділігі осы жерден көруге болады. Дипломдық жұмыс өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады. Тұрғызылған ақпараттық жүйе Салық комитетінің жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатады, арттырады және салыққа байланысты ақпаратты дер кезінде алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпараттық жүйе Салық комитетіне мәліметтерді өңдеуге, топтастыруға мүмкіндік береді, салық базасынан кез келген салық және кәсіпорындар туралы ақпараттарға оңай және тез арада қол жеткізуіне жағдай жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Салық Кодексің Алматы -2005.
2. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары. 1 маусым 2003 жыл.
3. «Практикум по эконометрикең - п.р. И.И. Елисеевой, Москва 2004.
4. «Математическое программирование в примерах и задачахң - И.Л. Акулич, 1986
5. «Эконометрияң - Е.И. Куулинич, Москва – 1999ж.
6. «Статистиканың жалпы теориясың Ызғарбек Әміреұлы, Алматы-1998ж.
7. Системы управления базами данных и знаний: Справочное издание./ Под ред. А.Н. Наумова. - М.: Финансы и статистика, 1991. – 352 с.