Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері


Жоспар
Кіріспе 3
І бөлім. Екінші деңгейлі банктер қызметін нарықтық жағдайда қадағалау мен реттеу 5
1.1 ҚР Екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау мен реттеу тәртібі 5
1.2 Банктік қадағалаудың мәні және әдістері 10
1.2 Шетел мемлекеттерінде екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау 21
ІІ бөлім. Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері 24
2.1 Аудит және оның түрлері 24
2.2 Аудиторлық тәуекелшіліктер әдістері мен банктік аудиттің тәсілдері 26
2.3 Есеп айрысу қатынасының аудиті 28
Қорытынды 31

Кіріспе

Банк қызметін мемлекеттік реттеу аясында банктерді қадағалаудың орталықтандырылған жүйесінің құрылуы, банктік қызметті ішкі және сыртқы тексеру үшін қадағалау тәртібінің ережелері мен нақты процедураларын анықтады және банктерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктелуді қамтамасыз етті. Осы кезде банктік қызметке қадағалау жүргізу жолдары өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер келесі нормативтік актілерде көрініс тапты: «Банкке бақылау жасау құқығын сатып алу мен жүзеге асыру шарттары туралы Ереже», «Теріс капиталы бар банктердің акцияларын мәжбүрлі түрде сату және сатып алу тәртібі туралы ереже». Жалпы 1996 жыл ішінде ҚР ҰБ 104 нормативтік акті дайындап, бекітті.

Мен бұл курстық жұмысты орындау барысында әдістемелік негіз ретінде келесілерді қолдандым: «ҚҚА туралы ҚР заңы», «ҚР Ұлттық Банкі туралы заң», «Бағалы қағаздар туралы заң», Екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау мен реттеу мәселелеріне қатысты авторлардың еңбектерін.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның банктік жүйесі біршама тұрақты және сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банк алдында тұрған негізгі мәселелер – қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік құқықтық базаны жақсарту, бухгалтерлік есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту.
Тақырыбымның өзектілігі – Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа өту кезеңінде халықаралық стандарттарға сай болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Осы жұмысымның зерртеу объектісі болып «ҚР Қаржылық нарық және Қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі» табылады.

І бөлім. Екінші деңгейлі банктер қызметін нарықтық жағдайда қадағалау мен реттеу

1.1 ҚР Екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау мен реттеу тәртібі

ҚР реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі (ҚҚА) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган болып табылады. Ол өз қызметінде тәуелсіз, тікелей Президентке бағынады, сондай-ақ ҚР Президенті бекіткен Ереже негізінде қызмет етеді. ҚҚА өз қызметін 2004 жылы 1 желтоқсаннан бастады.
ҚҚА міндеттері:
- қаржы қызметін тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу шараларын іске асыру;
- шынайы бәсекелестік қағидалары негізінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуіне тең жағдай жасау;
- қаржы ұйымдарының қызметін реттеудің және қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, қабылданған міндеттемелердің дер кезінде және толық орындалуын қамтамасыз ететін шараларды қолдану.
ҚҚА атқаратын қызметі мен құзыреті:

1.2 Банктік қадағалаудың мәні және әдістері

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау агенттігі көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттерінің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Бұл - қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.

1.2 Шетел мемлекеттерінде екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау

Қазіргі уақытта қолданылатын қадағалау органдарының әр түрлі мемлекеттердің коммерциялық банктерінің қызметін бағалау жүйесі маңызды ерекшеліктерге ие және келесі факторларға байланысты: тексерулерді орындарында отырып өткізу мүмкіндіктеріне; дистанциондық қадағалау жүйесіне; қадағалау шегінде көрсетілген есеп-қисаптың түрі және мазмұнына; ақпараттардың басқа да түрлерінің болуына байланысты. Сонымен қатар, қазіргі кезде қолданылатын жүйені келесідей түрде топтастыруға болады.

ІІ бөлім. Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері

2.1 Аудит және оның түрлері

Қазіргі нарықтық қатынастың даму жағдайында, республикада ЕДБ жүйесінің дамуында, кеңеюінде банктер арасында клиенттерді тарту үшін депозит, банкаралық несие және басқа да несиелік ресурстарды тарту үшін бәсекелестік орнады.
Банктік аудит – банктің жарғылық қызметінің экономикалық талдауының және бақылауының бір бағыты. Банктік аудиттің негізіне заңды тұлғалардың ережелерін, бухгалтерлік есепті білу ережелерін және салық салу ережелерін қолдану енеді .
Банктік аудиттің мақсаты болып есеп-қисаптың банктік ережелерге сәйкес, сонымен қатар бухгалтерлік есептің талаптарына және қаржылық есеп-қисап пен кеңес беру қызметіне сәйкес толықтығын және дұрыстығын анықтау табылады.
Банктік ережелерге сәйкес екінші деңгейлі банктердің қызметін аудиторлық ұйымдар жыл сайын тексеріп отырады.

2.3 Есеп айрысу қатынасының аудиті

Аудитор есеп айыру операцияларын тексеру негізінде алдымен ағымды шоттың ашылу тәртібін тексереді, яғни:
- өтініш (ағымды шотты ашу туралы);
- қол үлгісі және мөрі бар құжатты;
- салық инспекциясында тіркелу құжатты;
- қандай қызметпен айналысатыны туралы анықтама және т.б. құжаттар.
Әрбір заңды тұлғаға ағымды шотын ашқаннан кейін аудитор шоты бойынша қаржы қозғалысын құжаттар бойынша тексереді. Ақшасыз есеп айырысу құжаты бойынша аудитор келесі құжаттарды тексереді: ТТ (төлем тапсырысы), ТТТ (төлем талап тапсырысы) және т.б.
Нақты ақшамен есеп жүргізілген кезде дербес шоттың қозғалысы хабарламаға қолма-қол жарна және ақшалай чек арқылы жүргізіледі.
Банктер жалпы жақындаулар және біркелкі құжат айналымдар жағдайына байланысты нақты ақшасыз есеп айыру, кәсіпорынды таңдау еркіндік принциптерінен, есеп айыру нысандарын және олардың келісім шарттар бекітілуінен пайда болады. Бірақ осы жағдайды ескере отырып аудиторлар құжат айналымының тексерілген банкте жалған құжаттың енуіне қауіпсіздік және қорғау жүйесіне ерекше көңіл аударады, сондықтан аудиторлық тексеру жоспарын құру кезінде мекеменің қосымша ішкі бақылауларын және ішкі аудитор жағынан құжаттарды толықтай тексеруді талап ететін нақты ақшасыз есеп айырысу және құжат айналымының қауіпті және аса қаралмаған бөлімдерін анықтау керек.

Қорытынды

Осы курстық жұмысты қорыта келгенде, нарықтық жағдайда банктік қызметті реттеу және қадағалау қазіргі таңда нарықтық экономикада алатын орын орасан зор.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау агенттігінің көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттерінің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртіпке сәйкес банктер Қаржылық қадағалау агенттігіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.