Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Педагогика және оның тарихы


Жоспар
1 Педагогика және оның тарихы 3
1.1 Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым 3
1.2 Педагогиканың пайда болуы мен дамуы 5

1 Педагогика және оның тарихы
1.1 Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» - жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнін білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді.

1.2 Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.