Мемлекет және билік
Жоспар
1 Жеті жарғы (толық мәтіні) жарғының негізгі өзегі 3
2 Билік деңгейлері 4
3 Би 5
4 Хандық билік 6
5 Билікке жататын істер 9
6 Кеңес және жүгініс 11
Әдебиеттер 18
1 Жеті жарғы (толық мәтіні) жарғының негізгі өзегі
1. «Жарғы» қазақ арасында кең тараған, ғасырлар елегінен өткен «Жол», («Жаза», «Жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы») негізін қуаттайды және жетекшілікке алады.
2. «Жарғы» арғы түбін Алаштан алатын қазақ елінің, бірлігін, туыстығын сақтап қалуды көздейді.Қандай да болмасын билік, бітім сөз қазақтың арасын ашпай «жарасуға», «қарындасқа» бастауы тиіс.
3. «Жарғы» ел басшылығына ұсынылатын хан, ұлыс сұлтаны, билердің жеке бастарының қасиеттері жоғары болуын талап етеді.Қазақ ішінде таза мұрагерлік, таза сайланбалы тәртіп жоқ.
2 Билік деңгейлері
1. Ақсақал билігі -ата баласының ішінде жүреді.Неке мен отбасы, жақын туыс ағайын арасы, мұрагерлік пен енші т.б. мәселелерді шешуге хақылы.Ақсақалдар бір ата баласы ішіндегі дауда кінәлі жақты жазалауға да хақылы.
2. Рулы елдің билігі-сол елдің ішінен шыққан көсемге тапсырылады. Ол не өз қасиетімен, не аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді. Ру биі рулы елге иелік жасайды, дау шарына төрелік айтады, ағайынды бір-бірімен табыстырады. Сол рулы елді өзге жерде қорғайды, намысын жыртады. Жақсы би өз руын өрге суйрейді, өз бас бұзарын өзі жазалайды.
3 Би
1. Би-сайланбалы қызмет емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дәстүрін білетін, шежіреден хабары бар, ауызы дуалы, шаруасы түзу, ата-тегі белгілі және елге беделді, сыйлы адам би болады.
2. Би-жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет. Айтқанын ел қабылдаса жас бала да елге билік айтып, даудың шешімін шығарады.
4 Хандық билік
1. Қазақ билік жүйесінде мұрагерлік және сайланбалы қызмет қатар қолданылады.
2. Хан сайлаудың шарты елдің ең белгілі көсемдерінің ақ кигізге хан тағына үміткерді көтеріп, елді аралатып бір биікке шығаруы.
3. Екінші шарты ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру.
4. Хан сайлауға қатысушылар ақ кигізді қылдай қылып бөліп алады.
5. Ханға жақын адамдар оның киімін алады.
5 Билікке жататын істер
Билердің алдына немесе «кеңес», «жүгініс» сияқты билердің басы қосылған ортаға түсетін мәселелердің қатарына: