Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағы


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҒЫ 4
1.1 Табиғи саябақтар 4
1.1.1 Алтынемел ұлттық табиғи-тарихи саябағы 5
1.1.2 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 6
1.1.3 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 7
1.2 Табиғат ескерткіштері 8
2.3 Зоологиялық саябақтар 12
1.4 Ботаникалық бақтар 14
1.5 Қорықтар 15
1.5.1 Ақсу-Жабағылы 16
1.5.2 Алматы және Алакөл қорығы 17
1.5.3 Алакөл мемлекеттік қорығы 19
1.5.4 Наурызым мемлекеттік қорығы 19
1.5.5 Қорғалжын мемлекеттік қорығы 20
1.5.6 Марқакөл мемлекеттік қорығы 21
1.5.7 Барсакелмес мемлекеттік қорығы 22
1.5.8 Үстірт мемлекеттік қорығы 23
1.5.9 Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді.

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҒЫ
Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ал 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда.

1.1 Табиғи саябақтар
Көрікті ландшафтарды, табиғи кешендерді қорғаудың бүл формасы біздің елімізде соңғы жылдары қолға алынып отыр. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың қорықтардан біраз айырмашылығы бар. Мұнда табиғатты қорғау мен оның аясында ұйымдасқан түрде тынығу ісі бірдей жүргізіледі. Табиғи саябақ аумағында адам аяғы баспайтын қорықтар аймағы мен тынығу аймағы болады. Онда арнайы маршруттар белгіленіп, турист соқпақтары, аялдамалар мен тынығу пункттері орналасады.

1.1.1 Алтынемел ұлттық табиғи-тарихи саябағы
Ұлттық табиғи-тарихи саябақтар - табиғат қорғауда едәуір орны бар, республикалық санатқа ие, экологиялық, рекреациялық (тынығу), ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи-тарихи объектілерді көп салалы пайдалануға жөне қорғауға арналған аймақ. Алтынемел саябағы - 1996 жылы 10 сәуірде Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарының аумағында ұйымдастырылған. Ұлттық саябақ Іле өзенінің терістігінде орналасқан.

1.1.2 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Павлодар облысындағы Баянауыл таулы орман алқабын сақтап қалу, туризмді реттеу жөне жаппай тынығу жағдайын жақсарту мақсатында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде ұйымдастырылды (1985). Жоба бойынша табиғи саябақ аумағы 50 мың га алаңды қамтыды.

1.1.3 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Соңғы жылдары Қарқаралы жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары ұйымдастырылған (1998) бүл табиғи саябаққа жүктелетін негізгі міндет - Орталық Қазақстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және табиғат қорғаудың маңызын көпшілікке насихаттау.

1.2 Табиғат ескерткіштері
Кең-байтақ даламызда бір кездері мекендеген, бірақ бертін келе жойылып кеткен мамонт, жүндес мүйізтұмсық, керік, тағы басқа көптеген хайуанаттардың қазба қалдықтары мен сонау көне дәуір куәлары реликті өсімдіктер мен жануарлар - бұлар миллиондаған жыл бойы тіршілігін жоймай сақталып бізге жеткен табиғатымыздың тамаша ескерткіштері.
Міне, осы табиғат ескерткіштерін қорғаудың эстетикалық және ғылыми маңызы орасан зор. Өйткені оларды жан-жақты зерттеу арқылы ғалымдарымызға жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің қалыптасу тарихынан, олардың эволюциялық даму жолынан және табиғаттың басқа да небір жұмбақ сырларын ашу үшін қажетті құнды мәліметтер алуына мүмкіндік туады.

1.3 Зоологиялық саябақтар
Біз табиғат жағдайлары әр түрлі аймақтардан тұратын өлкемізде жануарлардың 630-дай түрі мекендейтінін айтып өттік. Осынау жануарлар дүниесі өкілдерінің бөрін табиғи жағдайда кезіктіру мүмкін емес.

1.4 Ботаникалық бақтар
Қалаларда ірі-ірі өнеркәсіп орталықтарында көгалдандыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Көгалдандыру ісінде пайдаланылатын өсімдіктердің сан алуан да әсем болуы сол аймақты көркейтіп, түрлендіріп жіберетіндігі белгілі. Бүл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, негізінен, ботаникалық бақтарда жүргізіледі. Мұндай бактар - бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде жөне дүние жүзінің басқа да бөліктерінде өсетін өсімдіктер әлемі өкілдерін жинақтап, оларды зерттей отырып, жаңа іріктемелерді шығарып, өсімдіктерді жерсіндірумен айналысатын ірі ғылыми мекеме. Қазақстанда 5 ботаникалық бақ бар. Олар:

1.5 Қорықтар
Бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аумағы шаруашылық кешендерінен босатылып, онда кен өндіру, құрылыс салу, аң-құс ату, балық аулау, шөп шабу, мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынады. Сонымен қатар қорық аумағына улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты сол аймақтың ерекше ландшафтысы мен географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтағы экологиялық процестердің барлығы адамның араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз табиғат лабораториясы деп те атап жүр.

1.5.4 Наурызым мемлекеттік қорығы
Наурызым мемлекеттік қорығы - 1934 жылы құрылған. Қорық орманды дала табиғатын сақтауға негізделген. 1960 жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып, тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны корғау министрлігінің қарауында болды.

1.5.5 Қорғалжын мемлекеттік қорығы
Теңіз - Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтитын - 1958 жылы ұйымдастырылған. Алайда үш жылдан кейін ол орман - аңшылық шаруашылығына айналдырылып, содан 1968 жылы қайтадан қорық болып құрылған. Бастапқыда 15 мың га жерді алып жатса, қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының жер көлемі 258,9 мың га аумақты қамтиды. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда көктем мен күз айларында көл беті құстардан көрінбей кетеді.

1.5.6 Марқакөл мемлекеттік қорығы
Марқакөл мемлекеттік қорығы - 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған, Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында орналасқан. Осы екі қыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылысқан Алтайдың ару көлі - Марқакөл адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте орналасқан.

1.5.7 Барсакелмес мемлекеттік қорығы
Барсакелмес мемлекеттік қорығы - Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі - 18,3 мың га. Соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы көлдер құрғап, олардың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды.

1.5.8 Үстірт мемлекеттік қорығы
Үстірт мемлекеттік қорығы - 1984 жылы Батыс Қазақстандағы Маңғыстау аймағы Ералиев ауданының аумағында құрылған. Қорықтың жалпы жер көлемі - 223,3 мың га. Қорықтың орталығы - 200 шақырым жердегі Жаңаөзен қаласы. Қорықтың алып жатқан жері Арал және Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Ауыз су тапшы, жер үсті сулары жоқтың қасы.

1.5.9 Батыс Алтай мемлекеттік қорығы
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы - Шығыс Қазақстан облысының Риддер және Зырян аудандарының аумақтарын қамтиды. Қорық 1992 жылы құрылған. Жер көлемі - 56,1 мың га. Қорық Қазақстандық Алтайдың Линей, Холзун, Коксин атты тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аумағында Ақ және Қара Үлбі өзендері мен Кедрово және Щербакова көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде, қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. “Қазақстанның өсімдіктер әлемі” – Ғылыми басылым. - “Алматыкітап” ААҚ, 2004.
2. Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Ғылыми басылым. – “Алматыкітап” ААҚ, 2003.