Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу 6
1.1 Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы 6
1.2 Актобе қаласы бойынша Салық Комитетінің сипаттамасы 12
1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы 16
1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 17
1.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 17
1.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 18
1.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 19
1.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 20
1.4.5 Математикалық жабдықтау 22
1.5 Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы заңдарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасында салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлшерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.

1 Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу

1.1 Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі болып табылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

1.2 Актобе қаласы бойынша Салық Комитетінің сипаттамасы

Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы заңдарын шығарып сол негізінде ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты Салық комитетініңде өздеріне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы заңдарда ережелерде Салық комитетінің қызметтері мен міндеттері туралы айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады. Енді, осы Салық комитетінің жалпы ережелеріне және құрылымдық ережелеріне тоқталып кетейік.
Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің есепке алу және талдау басқармасының жалпы ережелерін атап өтейік:

1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды немесе жеке тұлғалар мемлекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:

1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

1.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

1.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

1.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:

1.4.5 Математикалық жабдықтау

Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. «Есепке алу және талдауың ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамасысыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамасыз ету керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

1.5 Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы

Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқаруында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер - бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементтерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жүйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.