Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Геология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Кен орынның жалпы геолого-физикалық құрылымы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Кен орынның геологиясы 4
1.1 Кен орынның геолого-физикалық құрылымы 4
1.2 Негізгі игеру объектілерінің жалпы сипаттамасы 5
2 Кен орынды игеру жағдайы және қысқаша тарихы 7
2.1 Мұнай және мұнай-газ игерудің жоспарлық негіздемесі, бұрғылау жұмыстарының мөлшері 1-кесте 7
2.2 Қабаттық қысымды ұстау жүйесі 8
3 Ұңғыларды пайдалану 10
3.1 Фонтанды ұңғыларды пайдалану 10
3.2 Фонтанды ұңғының технологиялық режимін таңдау 11
3.3 Фонтанды ұңғылардың жабдықтары 12
4 Қабатты және ұңғыманы зерттеу 16
4.1 Фонтанды ұңғыларды зерттеу 16
4.2 Кен орында жүргізілетін зерттеу жұмыстары 2-кесте 18
5 Ұңғымаларды меңгеру және сұйықты шақыру 20
5.1 Ұңғымаларды меңгеру әдістері 20
5.2 Ағынды шақыру 21
6 Еңбекті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 22
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер 30

Кіріспе

Әлібекмола кен орыны әкімшілік жағынан Қазақстан республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының территориясында, Ақтөбе қаласының оңтүстігінде 250-270 км қашықтықта орналасқан.
Батысында 10км қашықтықта орналасқан Жағабұлақ ауылы мен Шұбаршы ауылы (45-50км ) ең жақын елді мекен болып табылады. Ембі станциясы кен орынның солтүстік-шығысында 50 км жерде орналасқан.
Орографиялық жағынан аудан сай мен жыралармен тілімделген нашар адырлы жазықтықпен сипатталады. Солтүстік-батыс бөлігі Құмжарған бархан құмымен жалғасады. Рельефтің максималды абсолют белгісі +281м орталық бөлігімен ұштасқан минималды +160м Ембі өзенінің алқабында байқалады. Ембі өзені ауданның солтүстік бөлігін қиып өтеді.

1 Кен орынның геологиясы

1.1 Кен орынның геолого-физикалық құрылымы

Әлібекмола кен орынның геологиялық құрылымы 1994ж, КазНИГРИ және «Тұлпар» мемлекеттік холдингтік компаниясының «кен орынның мұнай, газ және ілеспе компоненттер қоры « есебінде берілді. Сондай-ақ ЖШС «Казахойл Ақтөбе» тапсырысы бойынша сейсмикалық съемка жүргізілді. Нәтижесінде кен орынның геологиялық құрылымы жайлы жаңа материалдар алынды.
Аймақтың тектоникалық планы бойынша кен орын Шығыс Европа платформасының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.

1.2 Негізгі игеру объектілерінің жалпы сипаттамасы

КТ – І жоғарғы карбонатты қабаттың жалпы қалындығы 250-599м . Жату тереңдігі 1850-2950м.
Әлібекмоланың оңтүстік көтеріңкісіндегі КТ-I қабатындағы газ телпекті мұнай кеніштері бар. ГКЗ-да мұнай мен газ қорын бекіту кезінде КТ-I қабатын екі объектіге бөледі: КТ- II-1 және КТ-II -2 бір мұнай-газ және су-мұнай шекарасымен, абсолют қабылданған белгісі минус 1671м (МГШ) мен 1772м (СМШ).
Белгіленген шекарасында МГШ мен СМШ кеніші биіктігі 70м және 101м.

2.2 Қабаттық қысымды ұстау жүйесі

Қабаттық қысымды ұстау жүйесі (СППД) және қабаттық суды дайындау қондырғысы (УППВ) мұнай газ конденсатты Әлібекмола кен орынының құрамына кіреді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан.
Қабаттық қысымды ұстау жүйесі қабаттық қысымды ұстау мақсатымен қабатты суландыру үшін қолданылады. Қабатқа айдалған су айдау ұңғымасынан өндіру ұңғымасына қозғалысы кезінде мұнайды өзімен ілестіре отырып өндіру ұңғымасына алып шығарады.

3 Ұңғыларды пайдалану

3.1 Фонтанды ұңғыларды пайдалану

Ұңғының фонтандауы әдетте жаңа ашылған мұнай кен орындарда жүреді, яғни қабат энергиясының қоры үлкен болғанда, сондай-ақ ұңғының түбіндегі қысым, ұңғыдағы сұйық бағанасының гидростатикалық қысымынан үлкен болғанда, сағаға қарсы қысым тудырғанда, және ұңғыдағы осы сұйықтықтың қозғалысымен байланысты үйкелісті жоюға жұмсалатын қысымы көп болғандықтан әрбір фонтандаушы ұңғының жұмысы үшін жалпы міндетті шарт келесі негізгі теңдікпен өрнектеледі:

3.2 Фонтанды ұңғының технологиялық режимін таңдау

Белгілі болғандай фонтанды және әсіресе жоғары шығымды ұңғыларды игерудің бастапқы этаптарында мұнай өндіруші кәсіпшіліктерінің мүмкіндіктерін анықтайды. Сондықтан оларды зерттеулерді, терең сынақтарды алуға, ағындардың және басқа да жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Фонтанды ұңғыларды пайдаланудың негізгі режим орнату үшін әртүрлі тәжірибелі режиміндегі оның жұмыстарының нәтижелерін білген жөн. Фонтанды ұңғының жұмыс режиміндерін штуцерлерді ауыстыру арқылы өзгертеді, нақтырақ айтқанда оның өту саңылауының диаметрін өзгертеді. Сонымен бірге белгілі бір уақытта ұңғыны жаңа режимде қандай да бір өлшеулерді жүргізу алдында ұстап тұру қажет. Бұл уақыт штуцері өзгертумен және осымен бірге шығынмен түп қысымының өзгеруіне байланысты өзгерісінен кейін қабат пен ұңғының орнатылған режиміне көшуіне қажет. Ұңғының ұзақтылығы әртүрлі болады және қабаттың гидроөткізгіштігі пьезоөткізгіштігіне тәуелді, сондай-ақ шынның салыстырмалы өзгерісіне тәуелді болады.
Ұңғының орнатылған режимінің белгілері болып, оның шығымының тұрақтылығы және ұңғының буфері мен құбыр аралық кеңістікке орнатылған манометр көрсеткіштері табылады. Әдетте бұл уақыт бірнеше ондаған сағаттармен өлшенеді.

3.3 Фонтанды ұңғылардың жабдықтары

Мұнай және газ өндірілетін мұнай мен газ кен орындарының геологиялық жағдайлары әртүрлі. Олар өнімді қабаттың орналасу тереңдігімен ерекшеленеді, тау жыныстарың өту беріктігімен, қабат қысымы мен температурасымен, газ факторымен, мұнайдылығы мен қанығу қысымы және басқа да қасиеттерімен сипатталады. Осы геологиялық сипаттамаларына және өнімді қабаттың ерекшеліктерін тәуелді ұңғының әртүрлі конструкциялары қолданылады. Бұл конструкцияларда негізгі элементі болып, қисық бағытталуын (5-15м), конструктор (100-500м) және шегендеу – пайдаланушы (өнімді горизонт) болып табылады.

4 Қабатты және ұңғыманы зерттеу

4.1 Фонтанды ұңғыларды зерттеу

Ұңғылар мен қабаттарды зерттеу және сонымен қатар белгілі тапсырмаларды орындау үшін, яғни өнімді қабаттардың және бөлек ұңғылардың геолого-физикалық және гидродинамикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштері болып табылады. Бұл көрсеткіштер мұнай және газ кен орындарын игеруін жобалау үшін сондай-ақ қабаттар жұмысымен ұңғыларды пайдалану режимдерін орнату, реттеу, бақылау үшін қажет.
Фонтанды ұңғыларды зерттеу кезінде шығынды, қысымды, ұңғылар арасындағы арақашықтықты, температураны өлшейді. Сұйықтық пен газдың тұтқырлығын, жұмыстардың кезектілігін жыныстардың сығымдылығын және қабат сұйықтығын арнайы аппаратуралар көмегімен лабораторияларда, ал қабаттардың қуатын-геофизикалық көрсеткіштер бойынша анықтайды.

6 Еңбекті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге және зиянды, жарылғыш - жанғыш заттардың шығуының алдын алуға бағытталған негізгі шаралар технологиялық аппараттардың және құбырлардың беріктігімен саңылаусыздығын қамтамасыз ету, алыстан басқару және өндірістік үрдістерді жоғары деңгейде автоматтандыру, газ бөлінуін жедел анықтау жүйелерінің (байланыс, ауаны бақылау және апаттық дабыл беру жүйелері) бар болуы және тұрақты жұмыс жасап тұруы, зиянды және жарылу қаупі бар өндірістерді жеке орындарда немесе ашық алаңдарда орналастыру, өндіріс бөлмелерінде желдеткіштерді қолдану, коррозияға шыдамды материалдардан жасалған жабдықтарды, құбырларды және аспаптарды қолдану, металл конструкцияларды коррозиядан қорғауды қамтамасыз ету, арнайы жабыны бар жабдықтарды қолдану және көп қабатты аппараттарды қолдану, апаттық бөлгіштердің болуы, коррозиядан қорғаудың технологиялық тәсілдері, алаулы оттық жүйелерінің бар болуы және олардың шығарылған газды тұрақты өртеп тұруы болып табылады.

Қорытынды

Мен осы 1-өндірістік практикада өзімнің теориялық білімімді іс-жүзінде жүзеге асырып және терең түсіндім. Мен жұмыс барысында қабат қысымын қалай бақылау керектігін, айдау және игеру ұңғымаларының жұмыс тәртібін білдім. Онда жүргізілетін негізгі ұңғыма жұмысын зерттеумен, негізгі өндірістік кешендер құрылысымен таныстым.