Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Құдіреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы интерактивті дәріс өткізу әдістемесі

Дәріс сабағында құдіреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану бағдарламалық материалды оқытудың адекватты тәсілдерін қолдана отырып білім беруді жаңаша ұйымдастыру болып табылады. Құдіреттілікке бағытталған тапсырмаларды тиімді қолданып, бағдарламалық материалды оқытуды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі болып бағдарлы дәріс (ақпарат көзі, тезис) көмегімен жаңа материалды өз бетінше оқыту саналады. Студент қағаз тасымалдаушыда басылған дайын бағдарлы дәріс материалын қолданады. Дайын ақпараттық көз немесе тезис материалдарын қолдану студентті барлық сабақ бойы дәрісті конспектілеу сияқты бірсарынды жұмыстан құтқарады, олар оқу материалының негізгі фактілері мен ақпараттарын ғана жазып отырады.

Жоспары:
1. Жазба құрылымдық типі. Өрістер. Жазбаны программада сипаттау.
2. Жазба элементтерін енгізу, шығару. With операторы.
3. Жазбаны программалау.

I. Ұйымдастыру бөлімі.
Студенттермен жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыру, олардың қызығушылығын ояту мақсатында келесі тапсырмалар орындалады:
1. Төмендегі кестені толтырыңдар (2- слайд).
Құрылымдық типтер
(Нені білеміз? Нені үйрендік?)

II. Теориялық білімді меңгеру бөлімі.
Бұл бөлімде студенттерге құдіреттілікке бағытталған тапсырмалар орындау ұсынылады. Ол арқылы жаңа материалды өз бетінше меңгеру жүзеге асырылады. Тезис материалын қолданып, жауап бланкісін толтыру студенттің ақпараттық және коммуникативті құдіреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Студенттер 2 топшаға бөлініп отырғызылып, оларға 10 пункттен тұратын сұрақ - жауап парағы таратылады.

III.Бекіту бөлімі. Жоспардың 3- сұрағын қарастыру.
Интерактивті тақтаға елесі есептің шарты жазылған слайд шығарылады.
Жазбаны қолданып, келесі есептердің Паскаль тілінде программасың құрыңдар:
1-есеп. 5 студенттің фамилиясы және үш сабақтан емтиханнан алған бағасы берілген.
1) әр студенттің фамилиясын және орташа бағасын
2) топтың орташа бағасын табыңдар.

Қорыта айтқанда, оқытушы дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы және бағалаушы ғана емес, студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Ол сабақ үрдісінде студентке материалды дайын күйінде бермей, олардың ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді тандап алуы қажет.