Қосылған құн салығын.
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қосылған құн салығының экономикадағы мәні және мазмұны. 4
1.1 Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны 4
1.2 Қосылған құн салығының жекелеген шет мемлекеттердегі алыну механизмін талдау 6
ІІ Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығының қызмет ету механизмін талдау 11
2.1 Қосылған құн салығын есептеу механизмі 11
2.2 Қосылған құн салығының бюджет жүйесіндегі алатын орны 19
ІІІ Қосылған құн салығының алыну мәселелері және дамыту перспективалары 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Қазақстан Республикасы XXІ күрделі өзгерістермен аяқ басты. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз атап көрсеткеніндей «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондықтанда болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр. Ол үшін елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшін экономикалық жүйелердің тиімді қызмет етуі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжіриебесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болғандықтан, салықтардың ішінде бюджетте маңызды орын алатын қосылған құн салығын қарастыру ерекше өзекті болып саналады.
Жұмыстың зерттеу пәні болып - Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы.
1 Қосылған құн салығының экономикадағы мәні және мазмұны.
1.1 Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны
Әлемдік тәжірибеде жанама салықтардың келесідей түрлері бар:
1. айналымға салынатын салық
2. сатудан алынатын салық
3. қосылған құн салығы
4. акциздер
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жанама салықтардың 2 түрі бар: қосылған құн салығы және акциз. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі.
1.2 Қосылған құн салығының жекелеген шет мемлекеттердегі алыну механизмін талдау
Өткен тарауларда айтылып кеткендей, Қазақстанның салық жүйесінде 1995 жылдан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының көптеген елдерінде қосылған құн салығы негізгі салықтардың біріне айналған.Бұл салық 1954 жылы Францияда М.Лоре енгізген болатын. Бұл елдің салық жүйесі негізінен жанама салықтарға басым көңіл бөлді. Қосылған құнға салынатын салық жанама салықтың кеңінен тараған бір түрі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықтар есептеу барысында негізінен төрт әдіс қолданылады:
ІІ Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығының қызмет ету механизмін талдау
2.1 Қосылған құн салығын есептеу механизмі
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі ( Салық Кодексі ) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салынатын салық айналымының құнының бір бөлігі бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғыда салық бойынша есепке алу механизмі көрінісін табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығының салық салу объектілері болып есептеледі.
2.2 Қосылған құн салығының бюджет жүйесіндегі алатын орны
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өзекті мәселердің бірі болып, салық ауыртпалығы саналады. Бұл мәселе, әсіресе, шаруашылық іс-әрекетпен айналысатын әртүрлі агенттерді толғандырады. Олар: мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, жалдамалы жұмысшылар.
ІІІ Қосылған құн салығының алыну мәселелері және дамыту перспективалары
Қосылған құн салығы күрделі көп сатылы салық, тауарды өндіру мен өткізудің әрбір сатысында алынатындықтан, оны есептеу мен төлеуде, салық төлеушілердің өзінің ҚҚС бойынша міндеттемесін анықтау кезінде есептеу мен төлеуде көптеген қателіктер жіберіледі.Салықтық тексерудегі тәжірибе көрсеткендей көптеген қателіктер салық салынатын айналымды және есепке жатқызылатын ҚҚС -н есептегенде кезеседі.
Қорытынды
Қазақстанның егемендік алғалы бергі жылдарында салық саясатымызды жетілдіру барысында мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер.
Еліміздің салық жүйеміздің дамуы нәтижесінде бүгінгі таңда салықтардың тоғыз түрі бекітілген. Атап кетсек, корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, жер салығы, акциздер, әлеуметтік салық, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы және жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.