Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Филология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған еңбектер


Мазмұны
Кіріспе 3
1 ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ТІЛШІ АХМЕТ 5
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының поэзиясы 5
1.2 Қазақ тіл білімінің қалаушысы 7
1.3 Ахмет Байтұрсынұлы әдебиеттің әліп-биі 10
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӨЗ ҚОЛЫМЕН ЖАЗҒАН ЕҢБЕКТЕРІ 13
2.1 Қазақ тіл ғылымының - атасы 13
Қорытынды 16
Пайдаланған әдебиеттер 17

Кіріспе
Өнер алды – қызыл тіл деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

1 ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ТІЛШІ АХМЕТ
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының поэзиясы
Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы қоғам дамуы мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол уақыттағы қазақ халқының тағдыры жөнінде ой қорытудан бастады.
Патша үкіметіндегі чиновниктермен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып, жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық-зомбылықтары жас Ахметтің жүрегіне жара боп түсті.

1.2 Қазақ тіл білімінің қалаушысы
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.

1.3 Ахмет Байтұрсынұлы әдебиеттің әліп-биі
Күні кешеге дейін кешең қалып келген әдебиет теориясы да бізде, әдебиеттің тарихы мен сыны секілді, бүтінделеді.Әлгі бір Аристотель қалыптастырған ұғыммен тұжырымдайтын болсақ, бұл ғылымда бүтін: мұның да «басы, ортасы, аяғы» бар.

2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӨЗ ҚОЛЫМЕН ЖАЗҒАН ЕҢБЕКТЕРІ
2.1 Қазақ тіл ғылымының - атасы
Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»-, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған.

Қорытынды
1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшы, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы жаңашыл ағартушы. Араб графикасына негізделген қазақ жазуын жаңартушы. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер – демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін жасады.
2. Алмастай көп қырлы ғажайып талант иесі Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – И.А.Крыловтан аударып құрастырған 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «қырық мысал» атты еңбегі. Ахаң әрбір аудармасының соңынан өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін жанынан қосып отырған. Ақынның бұл қосымшасын халқымыздың сол кезегі тұрмыс - тірлігін, мінезін, психологиясын анық байқауға болады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақ әдебиеті газеті Алматы 1990 жылы
2.Қазақ әдебиеті 11-сынып 2003 жылы
3.Ахаң туралы ақиқат «Қазақстан» «Шапағат» Алматы 1992 жылы