Сәйкестікті міндетті және ерікті растау
Жоспар
1 Сәйкестікті міндетті және ерікті растау 3
1.1 Сәйкестікті растау нысаны 3
1.2 Сәйкестік белгісі 5
Әдебиеттер 11
1 Сәйкестікті міндетті және ерікті растау
1.1 Сәйкестікті растау нысаны
Еуроодақтың «Глобалдық концепциясымен» сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті растаудың міндетті және ерікті түрлері қолданылады (1 сур.)
1-сурет. Сәйкестік растаудың негізгі нысандары («Техникалық реттеу туралы» заңы мен сәйкес)
Егер міндетті сәйкестік растау техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде көрсетілсе, онда ол жүзеге асырылады. Ал үрдістер қауіпсіздікке әсерін тигізсе ғана орындалады.
Міндетті және ерікті сәйкестік растаудың айырмашылықтары олардың мақсаттарында, яғни міндетті сәйкестік растау нарыққа рұқсат алу үшін жүргізілсе, ал сәйкестік растаудың ерікті түрі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, нарықта өз орнын табу үшін қолданылады.
Өнім, үрдістер, қызмет ету бұлар сәйкестікті растау объектілері болып табылады.
Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламентпен бекітілген талаптарға өнімнің сәйкестігін растау келесідей жүргізіледі:
1.2 Сәйкестік белгісі
Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;
Сәйкестік белгсімен өнім мен қызметті таңбалау мақсаттары:
3-сурет. Сәйкестік белгілері
1 - ГОСТ Р жүйесінің сәйкестік белгілері (а - міндетті түрде сәйкестікті растау кезіндегі сәйкестік белгісі; б – мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкестік белгісі; в – сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік белгісі; г - ерікті түрде сәйкестікті растау кезіндегі сәйкестік белгісі;
2 – ТМД-ның кейбір елдерінде ерікті сәйкестікті растау кезіндегі сәйкестік белгілері (а - Беларусия; б - Украина; в –Қазақстан; г - Өзбекстан).
Өнім мен қызметтің сәйкестік белгісін таңбалау кез-келген технологиялық тәсілдер арқылы қойылуы мүмкін: улау, құю, ою, басу, штамптау немесе баска да тәсілдер, белгінің нақты бейнесін камтамасыз ету үшін, сыртқы ортаға тұрақтылығы мен өнімнің жарамдылық мерзімінен ұзақ уақытқа дейін сақтау.
Техникалық реттеу аясында қойылған техникалық регламенттердегі талаптарына сәйкес сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген өнімге сәйкестік белгісі қойылмайды.
Өтінім беруші сәйкестікті растау өтінішін тапсырғанда, ҚР СТ 3.4 немесе ҚР СТ 3.5 талаптарына сәйкес бірінші тармағында өнім мен қызметтің таңбалауына айырықша құқығына сай, өз ойын көрсете алады.
Сертификатталған өнімнің сәйкестік белгісін таңбалауының техникалық әдістемесінде көрсетілуі тиіс:
Сәйкестікті растау үшін дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін материалдардың тізбесі техникалық регламенттерде айқындалады.
Дәлел ретінде техникалық құжаттама, өз зерттеулері (сынақтары) мен өлшемдерінің нәтижелерін және (немесе) өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.
Өз дәлелдері және сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестікті декларациялау кезінде өтінім беруші өз дәлелдеріне қосымша таңдауы бойынша зертханада жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын ұсынуға құқылы.
Әдебиеттер
1. Булашев Б.К. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау. Астана, 2006
2. Сағадиев Сертификаттау. Алмата 2000
3. Қажғалиев Н.Ж., Булашев Б.К., Жусин Б.Т. Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау. Астана, 2006
4. Фомин В.И. Сертификация продукции.-М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.- 320 с.
5. А.Қ.Смагулов. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау. Оқулық. Алматы, 2005.-389 б.