Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Тараздан шыққан тарландар

X-ғасырдың аяғында Саман мемлекетінің іргетасы шайқалып, иелігіндегі жерлері екі уәлаятқа бөлініп кетеді. Осы екіге бөлінген елдің шекарасы Жайхун (Әмудария) өзенімен бөлініп тұрады. Саман тұқымын енді түркінің қаңлы, қарлұқ, шігіл, яғма тайпаларына билігін жүргізген Қарахан әулеті алмастырады.Қарахан мемлекеті Ислам Мәдениетін жасаушы мейлінше гүлденген елдердің бірі саналады: ғылым, әдебиеті жоғарғы деңгейде дамыған. Оның айғағы: Қарахан мемлекетінің алып тұлғалары Баласағұн қаласында туып-өскен әйгілі ақын Жүсіп Баласағұни мен Махмуд Қашғари еңбектері. Бұлар түркілік қана емес, дүниежүзілік мәдениетке айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар.

Көне Тараздың рухани орталық болғанын XI - ғасырға жататын тассуат пен онда жазылған арабша жазудан да көруге болады. Тассуаттағы жазуды оқып ажыратқан профессор Ю.Н. Завадовский болды. Тассуатта былай делінген: «Бұл тассуатты Әбу әл-Мәлік Құтлықтың қызы Фатима қатын Алланың нұрлы шапағатына бөлейтін жолға түсу үшін және оның рақымы мен жомарттығына үміт ете жасатты. Оның өзі және ата-анасы һәм күллі мұсылман (жамағаты) Алланың кешіріміне жолықсын! Бұл (тассуат) төрт жүз... жылдың раби-л-аууал айында бітті».

Қазақ жеріне моңғол шапқыншылығынан кейін қазақ қалаларына халық қайта орала бастаған. Бұл Отырарға ғана емес Шу алқабындағы қалаларға да қатысты. Ал Аспара, Мерке, Құлан, Тараз, Шелжі, Садырқорған, Науакент сияқты қалалар маңында егіншілік пен бау-бақша кең өріс алды. Сол аймақтан өтетін сауда-керуен жолдары қалалардың гүлденуіне септігін тигізді.
Махмұт бин Әли ат-Тарази, Әбу Таһир ат-Тарази сияқты басқа да ойшыл, ақын, әдебиетшілерді өмірге әкелген Тараз мәдени өмірін жалғастыра берді. Таразқақпаларын ашып, қалада күмбезді ғимараттар, моншалар салынды.

Әдебиеттер тізімі:
1. Стебелева И.В. Развитие тюркских поэтических форм в ХІ веке. М.,1971,
4-бет.
2. Бартольд В.В. Двенадцать лекции по историй турецких народов Средней
Азии.- Сочинения, М., 1968, Ү том, 113-бет.
3. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности.М.-Л., 1951, 224-бет.
4. Йақут әл-Хамауи ар- Рауми. Мұғджам әл-Булдан. 4- том.
5. Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп- тұқиямнан өзіме дейін. Алматы. 1993.
6. Ә.Дербісәлиев. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995.
7. Мыңжани Н.Қазақтың қысқаша тарихы.Алматы,1994.
8. Түбі біртүркі тілі. Алматы,1993.
9. Құтты білік. Алматы,1986. Ауд. Егеубаев.