Атмосфералық ауа мониторингі
Жоспар
1 Атмосфералық ауа мониторингі 3
1.1 Атмосфераның ластануын қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру 3
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу 4
Әдебиеттер 7
1 Атмосфералық ауа мониторингі
Атмосфералық ауаның жағдайына қандай қадағалау жүргізіледі, қандай құралдар мен әдістер арқылы. Зиянды тастаулардың сейілуінің есептелуі бойынша міндеттерді шешу.
Атмосфераның сапасы ретінде физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың адамға әсер ету дәрежесін анықтайтын қасиеттерін түсінеді. Өсімдік және жануар әлемі, сонымен бірге материалдар, құрастырылымдар және бүтіндей қоршаған орта. Атмосфераның сапасы оның ластануына байланысты. Ластану көздері табиғи және антропогенді болуы мүмкін.
1.1 Атмосфераның ластануын қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру
Атмосфераның ластануын қадағалау стационарлы, маршрутты және қозғалысты (факель асты) постарда жүргізіледі. Стационарлы постар жүйелік қадағалауларды жүргізу үшін қызмет атқарады. Олар ауаның кескінің талдау үшін қажетті құрал-жабдықпен қамтылған арнайы павильондармен және метеорологиялық параметрлер үшін құрылғылармен жабдықталған.
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу
Атмосферадағы зиянды заттар тастауларының сейілуінің есептеулерімен танысу. Берілген нұсқалардың бірі бойынша зиянды заттардың жердік концентрациясын есептеп алынған есептік концентрацияның атмосфералық ауаға әсерін анықтау.
Атмосфераға құбырлар мен желдету құрылғыларынан түсетін өнеркәсіптік тастаулардың сейілуі турбуленттік диффузияға тәуелді. Тастаулардың сейілу үрдісіне атмосфераның жағдайы, өнеркәсіптер мен тастау көздерінің орналасуына, жергілікті жердің сипаттамасы, тасталатын заттардың химиялық қасиеттері, құбырдың биіктігі мен диаметріне байланысты. Қосындылардың горизонталды орын ауыстыруы негізінен желдің бағыты мен жылдамдығына, ал вертикалды температураның биіктікте таралуына байланысты.
Әдебиеттер
1 Белов С. В. Охрана окружающей среды. – М. : Высшая школа, 1991. – 320 с.
2 Бурлибаев М. Ж., Волчек А. А. Гидрометрические измерения и гидрометрические расчеты для водохозяйственных целей. – Алматы, 2001. – 254 с.
3 Виноградов Б. В. Проблемы мониторинга окружающей среды. – Геодезия и картография, 1991. – № 4, 157 с.