Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 35 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының ішкі функциялары

Жоспар
1 Экономикалық функция 3
2 Әлеуметтік функция 10
3 Экологиялық функция 18
Пайдаланған деректемелер тізімі 35

1 Экономикалық функция
Қазақстан Республикасының орындайтын функциясы, яғни рөлі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, мемлекеттің өз қызметі ретінде түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының функциясы – қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Мемлекетіміздің функцияны ішкі және сыртқы деп күрделі екі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақты және уақытша функциялар адамдардың құқығын қорғау, отан қорғау, заңдылықты қорғау – деген функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген функцияларға ұқсас болып, солар арқылы орындалып жатады.
Экономикалық функцияда мемлекет өзінің қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің экономика саласындағы қызметі экономикалық дамудың бағыттарын ұсынады, меншік нысандарын қорғауға , экономикалық қызметтің бостандығын қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстардың ұйымдастырылуын бекітуге бағытталған.
Экономикалық функция - мемлекетпен ел экономикасын жоғарғы дәрежеде дамуының стратегиялық бағыттарын жасау мен үйлестіруді көздейді.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының функцияларын дамыту тенденцияларының мынадай жолдары іске асуы мүмкін:

2 Әлеуметтік функция
Әлеуметтік функция - Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің адамның әл – ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан – жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Конституцияда былай көрсетілген:

3 Экологиялық функция
Экологиялық функция - айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми – техникалық прогресті жедел дамытудан және адамдардың қызметінің басқа да түрлерінен болатын табиғатқа төніп тұрған қауіпті ескеріп, олардың зардаптарын болдырмауға, ластаушы көздерді жоюға, айналадағы ортаға келетін зиянның басқа да түрлерін қысқартуға тиіс. Ол қоғамдық өмірге араласушылардың барлығынан да жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны, басқа да табиғи ресурстарын ұтымды да үнемі пайдалануды талап ете алады, табиғат тепе – теңдігінің бұзылмауын қадағалайды, айналадағы ортаны қорғауға байланысты жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Қазақстанда осы жүйені басқаратын және аталған қызметтерді атқарумен тікелей шұғылданатын табиғат табиғи ресурстары және айналадағы ортаны қорғау министрлігі арнайы құрылды. Бүгінде адамзатқа экологиялық қатар қауіпі төніп тұрғандықтан, ал жекелеген мемлекеттердің оны жоюға күш – мүмкіндігі жете бермейтіндіктен, бұл бағытта бірнеше мемлекетердің қызметін үйлестіру қажеттігі туады. Сондықтан, экология саласында халықаралық (БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде) және мемлекетаралық бағдарламалар жасау, сонымен бірге бірқатар мемлекеттердің келісімімен жүргізілетін іс – қимыл тәжірибесін тарату кең өріс алуда.

2.4 Мәдениет пен ғылыми - техникалық прогресті дамыту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы
Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана сезімі, білімі, әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, әдебиет, музыка, ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.
Мәдени функция – ғылымды, білімді, адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, жоғары мәдениетті азаматты қалыптастыруға бағытталады. Мемлекет мәдениеттің әдебиет, театр, кино және тағы басқа түрлерінің дамуын қолдайды.
Мәдениет бағытындағы функция, яғни мәдени – тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан – жақты жетілуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғы шарт жасайтын жұмыстар.
Мәдениет – адам жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат – бұл мәдениетті жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату жөніндегі мемлекеттік органдар қолданатын шаралар кешені.
«Қазақстан - 2030» стратегиясы еліміздің мәдени және рухани байлығын еселеп арттыру міндетін қойды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтсақ, «Біздің қолымыздағы осындай баға жетпес қаражат жан – жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай жасауға тиістіміз». Бұл ретте мәдениеттің рөлінің маңыздылығына ешкім шүбә келтірмесі хақ.
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қызметтің негізгі бағыттары мынадай принциптерді көздейді:

Пайдаланған деректемелер тізімі
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2002 жыл
Қазақстан Республикасының « Инновациялық қызмет» туралы заңы
Қазақстан Республикасының « Мәдениет» туралы заңы. 1996 жыл 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі» 2007 жыл 9 қаңтар
Арнайы әдебиеттер:
Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М., 1981, 1982
экономики и государства. Автореферат доктора экономичиских наук.Алматы, 1998 жыл.
Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000
Гайман – Черновюк В.И. Очерк теории государства и права. М., 1996
Дробязко С.Г Общая теория права. Минск 2005
Ерманов В.А «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде». Алматы 2002 жыл
Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
Нерсесянц В.С. Теория государства и права. Москва., 2001.
Общая теория государства и права. Курс лекций .Под.ред. Б.К.Бабаева.,Новгород 1993
Общая теория права и государства. Под.ред. В.В.Лазарева., Москва 1996
Поляков А.В. Общая теория права. Санк – Петербургского государственного университета. 2005
Радько.Т.Н. Теория государства и право.Москва.Академический Проект 2005
С.Өзбекұлы Мемлекет және құқық теориясы. Алматы Жеті жарғы 2006 жыл