Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Полный просмотр работы

Ақша реформасы, оның алғышарттары мен мазмұнына

Жоспар
КІРІСПЕ 3
І АҚША РЕФОРМАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 4
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі 4
1.2 Ақша реформасын жүргізудің маңыздылығы 6
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ 10
2.1 1947 жылғы ақша реформасы 10
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы 12
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 16
2.4 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
Қолданылған әдебиеттер 26

КІРІСПЕ
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегңнің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, таур формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

І АҚША РЕФОРМАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі
Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктың несиелік билеттері жатады. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1.2 Ақша реформасын жүргізудің маңыздылығы
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мемлекеттік банкке 1,2,3,4,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234г) 10 рублге теңесті. Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда векселдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарылып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігмен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия саласынан 25 пайыз алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды.Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылады.

ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ
2.1 1947 жылғы ақша реформасы
Ұлы Отан соғысы елге - 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады.
Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу үшін халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, әскери адамдарға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылады. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті.

2.2 Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.

2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
Бір адамның ауыстырылатын ақшасының ең жоғарғы мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасталуға рұқсат етілді. Белгіленген лимидтен жоғары соммада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

2.4 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі
Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банк¬тердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына, жиын¬тық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналас¬тыры¬ла¬ды. 2003 жылдан бас¬тап барлық банктер қар¬жы¬лық есеп берудің ха¬лықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Ақша құнсыздана бастады. Ақшаның қатты құнсыздануына байланысты оның нәтижесі: шаруашылық қатынастарының натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылыуы болып табылады.
1922-1924 жылдары ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сұраныс пен тұтыныс салдарында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
КСРО ыдырағаннан соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп, және бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды.

Қолданылған әдебиеттер
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
5. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
6. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
7. Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030. Алматы, 1997-Б. 52-54
8. Ақша. Несиелер. Банктер. Г.С. Сейткасимов редакциясымен жасалған. Алматы 1999 ж.
9. Красавина Л. Н. «Халықаралық валюта-несиелік және қаржылық қатынастар» Мәскеу 2000
10. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк- Петербург 2001.
11. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.