Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 72 стр.

Год: 2006

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оларды анықтау әдістемелері 30

2 «ЛИБЕЛЛА БОТТЛЕРС» ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 36
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 «Либелла Ботлерс» ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 «Либелла Ботлерс» ЖШС инвестициялық дамуын талдау 51

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 58
3.1 «Либелла Боттлерс» ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 58
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 63

ҚОРЫТЫНДЫ 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ 72

КІРІСПЕ
Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстанда экономикалық реформалардың негізгі бағыты ретінде жоғары экономикалық өсу қарқындарын қамтамасыз етуге және экономика тиімділігін жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындау мен іске асыру болып отыр.
Инвестициялық жобалар бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру экономика дамуына әсер ететін маңызды мемлекеттік тұтқалардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.

Бірінші тарауда инвестицияның теориялық мәселелері қарастырылды. Оның тартымдылығын арттыруға әсер ететін факторларға және реттеййтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз.
Екінші тарауда сусындар шығару саласында көптеген жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Либелла Боттлерс» ЖШС –ке жалпы сипаттама беріліп, қаржылық–экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорынның инвестициялық жағдайы анықталып, талданады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануына тоқталып, талданды. Сонымен қатар, оның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін инновация туралы да сөз болды.
Зерттеудің методологиялық негіздеріне ҚР заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, теориялық бөлімінде ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистерді және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат
Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды құрамдас бөлігінің бірі – тартылған инвестициялар туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.
Бұл проблемаға ортақ көзқарас П.Массемен қарастырылған, ол инвестициялауды «инвестициялау көмегімен бүгінгі қажеттілік қанағатын келешекте күтілетін қанағатқа айырбастау актісі» деп түсінеді.
Инвестицияны «Қазіргі кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінің капиталды меншік құндылығының ағымдағы өсімі» ретінде, немесе, «тұтыну үшін қолданылған, қазіргі кезеңдегі табыстың сол бөлігі» ретінде анықтайтын Дж.Кейнстің жұмыстарында инвестициялау процессінің ғылыми негіздері қарастырылған.

1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары
Мемлекет, инвестициялық ресурстар нарығындағы жағдайды реттейтін, негізгі операторлардың бірі болып бой көрсетеді, ал оның шетел инвестицияларына деген саясаты көбіне елдегі инвестициялық ахуалдың күйін анықтайды, әлеуетті инвесторлардың шешім қабылдауларына әсер етеді.
Нарық қатынастарын дамытудың қазіргі кезегінде Қазақстанда инновациялық – инвестициялық саясатты құру және жүргізу үшін алғышарттар қалыптасты: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеудің нарық құралдарын пайдалану; макроэкономикалық процесстер арқылы басқарудың нарықтық әдістерін әзірлеу және енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны қаржыландыру көздерін әзірлеу; инновациялық және инвестициялық саланың ролін түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновациялық және инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен.

2 «ЛИБЕЛЛА БОТТЛЕРС» ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау
Инвестициялық ахуал дегеніміз - инвестордың тиімді капитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы мәдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу. Басқаша айтқанда инвестициялық ахуалдың анықтамасы— инвестицияны бөлуте жайлы жағдай жасайтын капиталды сыртқа шығаратын елдердің экономикалық саяси табиғи ресурстардың және арнаулы іс-әрекеттің жиынтығын білдіреді. Бірақ біздің пікірімізше бұндай анықтама әлі толық емес. Көптеген шетелдік және жергілікті экономистер инвестициялық ахуал және сыртқы фактор түсігіне геосаяси орналасу орнын басқа ұлттық рыноктарға жақындығында қосады.

2.3 «Либелла Ботлерс» ЖШС инвестициялық дамуын талдау
Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасы неғұрлым инвестициялық қатынастар тұрғысынан дүниежүзілік 20 елінің құрамына енеді. Тек, 1999 жылдың өзінде Қазақстан Республикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары тартылса, тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде 10 млрд. Долларды құрады. Даму және реконструкциялау бойынша Европалық банк Қазақстанның тартылған инвестициялары көлемі бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында бірінші, Орталық және Шығыс Европа мен Прибалтика елдерінің арасында Польша мен Венгриядан кейінгі үшінші орынды иеленетінін дәлелдейді.
Республиканың түрлі сусындар кешеніне бағытталған шетел инвесицияларын талдау жетекші орында АҚШ иеленуін көрсетеді. 1999 жылғы американдық инвестициялар ағымы 1998 жылмен салыстырғанды 2,3 есе өскен. Содан соң Нидерланды мен Великабритания көзге түседі. Германия, Канада, Қытай, Корея мен Турциядан келетін тікелей инвестициялар бойынша құлдырау байқалуда.
Сусындар өндірісінің салаларының Қазақстандық бөлігінің кейбір блоктарын конкурсқа шығарумен, сонымен қатар жақын жылдардағы экспорттық сусындар өндірісінің құрылысымен байланысты сусын шығарушы компанияларының қызметі жанданады деп күтілуде.

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 «Либелла Боттлерс» ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау
Жеке инвестициялық ресурстардың шектелу жағдайында, республикада тиімді экономиканы құруға бағытталған, құрылымды – инвестициялық саясатты жүзеге асыру, сусындар шығарушы салаларының жаңа кен орындарын, көлікті, өңдеуші және машина жасау өндірісін енгізу жолымен өндіруді кеңейту үшін ірі отандық және шетел капитал салымдарын талап етеді.

3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту
Қазіргі кезде өндірістік кәсіпорындарға, соның ішінде, әсіресе нақты сектор саласына қатысты өндірістерге инвестиция тарту мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бұл жағдайда, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның инновациялық белсенділігін арттырған жөн.
Ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткеніндей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-техникалық жөне инновациялық салада лидер болу.
Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысымдағы қарастырылған сұрақтар мен мәселелерді ескере отырып мынадай қорытындыға келуге болады.
Жаңа экономика жағдайында нақты сектордағы инвестициялық және де инновациялық артықшылықтарды әкімшілік модификациялау және мемлекетпен жаңа кертартпа тәртіппен байланысты автономды бизнес –бірліктерді енгізу қажет. Инновациялық үрдістерді де жүзеге асыру үшін нақты сектордың ірі компанияларының әкімшілік стимулдарын мемлекет қалыптастыру керек.
Біз, аймақтық инвестициялық программалар ресурстарды тиімді пайдалануына, даму артықшылықтарын анықтауға, инновациялық даму мен кластерлік әдісіне бағытталуы керек деп ойлаймыз.