Орта ғасырдағы Тараз қаласы: кейбір тарихи мәселелері
Жоспар
1 Орта ғасырдағы Тараз қаласы: кейбір тарихи мәселелері 3
1.1 Тараздың негізін қалаушы – Шажа 4
1.2 Әулиеата тарихы 5
1.3 Гродиково ауылын Атлах атау туралы 8
1 Орта ғасырдағы Тараз қаласы: кейбір тарихи мәселелері
Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Осыған байланысты Тараз тарихының көпті толғандырып жүрген кейбір мәселелері туралы ойларын ортаға салу үшін бұл мерей тойға тек Қазақстан ғалымдары ғана емес, әлемнің талай түпкірінен бір қатар ғұламалар да ат басын тіреді. Осы орайда Тараз тарихы жайлы көптеген пікіплер айтылып, ұсыныстар жасалды.
1.1 Тараздың негізін қалаушы – Шажа
Тараз қаласының негізін қазіргі жыл санауымыздан бұрынғы 42-41 жылдары қалаған ғұн шаньюі, яғни билеушісі лақабы қытайшадан оқылғанда Чжи-чжи немесе чих-чих яки че-че деген сияқты болғандықтан біраз қазақ жазушылары, ғалымдары оны шөже деп аударып ұсынып жүр. Шындығында бұл билеушінің өз есімі мүлдем басқаша. Чжи-чжи – билеуші болғаннан кейін алған лақабы. Ал, түркі дәстүрінде мемлекет басшылары таққа отырғанда әдетте Күнби, Арыстан немесе Бура (Буғра), Шыңғыс деген сияқты лақаптар алғандығы белгілі. Ал, Шөже құстың балапаны ғана. Қытай сияқты алып империяны кезінде тітіреткен, тіпті алты мың километрлік Ерен қабырға – қорған салдыруға мәжбүр еткен ғұн империясының билеушісін сарыауыз балапан шөже атымен атау еш жөнге келмейді.
1.2 Әулиеата тарихы
Әулиеата Абылай хан 1774 жылы Талас өзені жағасында тұрғызды деп Шоқан Уәлиханов жазған қала ма, әлде оны 1826 яки 1827 жылы қоқандықтар салды деп жүргендердікі дұрыс па? Бұл жөнінде Қазақстан ғылым Академиясының тарих және этнология институтының немесе еліміздегі университеттердің ешбер тарихшы ғалымы әзірше пікір білдірген жоқ.
1.3 Гродиково ауылын Атлах атау туралы
Тараз тарихында бүкіл түркі ұлысының өміріне 751 жылғы шілде айында Талас өзенінің жағасындағы Атлах қаласы мекені маңында мұсылман арабтар мен қытайлар арасындағы қырғын соғыс тағдырлы бетбұрыс әкелгендігі белгілі. Сол жолы екі ұлы бетпе-бет келіп шайқасқанда, тағдыр таразысы теңселгенде түркі ата-бабаларымыздың арабтар жағына шығуы халқымыздың ислам дінін біржолата қабылдауына бастағанын, осы соғыста жеңілген қытайлықтар арасындағы тұтқын шеберлер арабтарға қағаз жасау технологиясын үйреткенін, әлемдік өркениеттің осы құралы сөйтіп бүкіл әлемге Талас өзені жағасынан тарағанын ескерсек, бұл соғыстағы жеңістің маңызын толығырақ түсінеміз.