Казакстаннын кор биржасы
Жоспары
Кіріспе 3
I бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері 5
1.1. Қор биржасының түсінігі мен дамуы 5
1.2. Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері, басқару органдары 8
II бөлім. ҚР қор биржасының даму ерекшелігі 17
2.1. Қазақстанда қор биржасының дамуы 17
2.2. Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар. Қазакстан қор биржасында бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды талдау 23
III бөлім. Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары 35
Қорытынды 44
Қолданылған әдебиеттер тізімі 46
Кіріспе
Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернизациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда – қор биржасының және т.б. жандануына әкелді.
Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.
Осы тақырыптың маңыздылығы – қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика, құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.
Осы жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында қор биржаларының қалыптасуының мәселелерін, оның қазіргі жағдайын, онда жасалатын мәмілелер түрлерін қарастыру болып табылады.
Жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде қор биржасы туралы жалпы түсінік беріліп, тақырыптың теориялық мәні ашылады. Келесі бөлімде талдау ретінде Қазақстан қор биржаларында жасалатын мәмілелер қарастырылады. Ал қорытынды бөлімде Қазақстан қор нарығының мәселелері мен оларды шешу жолдары ұсынылған.
Жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдармен қатар итернет желісі де пайдаланылды. Курстық жұмыста Қазақстан қор биржасы айлы соңғы статистикалық мәліметтер келтірілген.
I бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1.1. Қор биржасының түсінігі мен дамуы
Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады. [1, 231 бет]
Қор биржасы - құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. [1, 231 бет]
1.2. Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері, басқару органдары
Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін бағалы қағаздарға солғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың тізімдеріне кіргізілу – бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және жоғары деңгейінің көрсеткіші.
Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі болатынын ескере отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін көрсететін түрлі санаттарды енгізеді.
Биржа оның құрушыларының (құрылтайшы) еркімен және қызмет ету мерзімінің шектеусіз құралады. Сондықтан, биржаның құрылтайшылары деп өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді. [2, 199 бет]
Құрылтайшы неғұрлым көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық-материалдық жағдайы мықты болады деп саналады. Әйтсе де құрылтайшылардың көптігі биржаны басқаруды күрделендіреді деген де тұжырым бар.
1-сурет.Биржаның ұйымдық құрылымы
Биржаның жоғары басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы. Оның негізгі қызметі:
• пайданы бөлу;
• төрағаны және биржа кеңесінің мүшелерін сайлау және оларды қызметінен түсіру;
• жарғыға және басқа реттеуші құжаттарға өзгеріс енгізу;
• биржа ісінің бағдарламасын бекіту;
• жылдық есебін қарау және оны бекіту туралы шешімдер қабылдау.
Жалпы жиналыс аралығында биржа жұмысын қолма-қол басқару және бақылау биржалық кеңеске жүктеледі. Ол биржа акционерлерінен сайланады. Оның құрамына биржа президенті мен тексеру комиссиясының төрағасы кеңесші дауыс құқығымен кіреді.
II бөлім. ҚР қор биржасының даму ерекшелігі
2.1. Қазақстанда қор биржасының дамуы
Жалпы алғанда қор биржасы бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі, сондықтан Қазақстанда қор биржаларының қалыптасу негіздерін қарастырғанда оны бағалы қағаздар нарығынан бөліп қарау дұрыс емес. Қазақстандағы қор биржасының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйысдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты заңнамалық база қажет екнеі белгілі. Бағалы қағаздар нарығы мен қор биржаларын дамыту мақсатында кейбір заңдар кеңес үкіметі кезінде де қабылданған болатын, бірақ ол қор биржасының тұрақты түрде халыққа қызмет етуіне жеткіліксіз еді. Шыны керек жоспарлы экономика тұсында қор биржасының қажеті де шамалы еді. Өйткені бұл тұста мемлекет барлығына өзі реттеу енгізіп, барлық мәселелерді өзі шешті.
2.2. Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар. Қазакстан қор биржасында бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды талдау
Барлық биржалық операцияларды екі типке бөлуге болады: кассалық мәміле және мерзімдік мәміле.
Кассалық мәміле (spot) - бұл сатушының қолында бар бағалы қағаздарға жасалуымен сипатталады. Кассалық мәміле бойынша есептесу сатушы бағалы қағаздарды сатып алушыға әкелген күннен, 2-3 күн өткеннен кейін жүзеге асады. Мысалы, ФРГ-да бұл мерзім биржалық 2 күннен артық болмайды, ал АҚШ, Англияда - күнтізбектің 5 күні.
Мерзімдік мәміленің негізгі сипаттамасы - бұл сатушы мен сатып алушының міндеттері болашақта белгілі бір мезетте орындалуы, жүзеге асуы керек, мысалы, мәміле бірінші қыркүйекте жасалса, ол бірінші желтоқсанда орындалуы керек. Мәмілеге отырған кезде сатушыда сатылатын қор игіліктері болмауы не сатып алушыда төлейтін ақшасы болмауы мүмкін.
3-сурет. Биржа операциясының түрлерi [2, 230 бет]
Қор биржасы акционерлiк қоғамдардың жұмысын қадағалап оны көрсетiп отыратын анықтаушы тәрiздi. Биржадағы акция курсының динамикасы (баға қозғалысы) – акционерлiк қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын маңызды фактор. Экономикасы дамыған мемлекеттерде акция курсының қозғалысы баспасөзде жарияланып тұрады. Мұндай мағлұматтар акционерлердiң өз қолындағы акциялардың бағасын қазiргi таңдағы курсымен салыстырып қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. [2, 233 бет]
Қазiргi кезеңде әлемнiң барлық елдерiнiң, әсiресе, бұрынғы Одақ республикаларының үкiметтерi алдында мемлекеттiк шығындардың кiрiстерден асып кету мәселесi тұр. Мұнда бюджет толтырудың негiзгi тәсiлi – сыртқы заемдар және Орталық (Ұлттық) банкiден несиелiк ресурстарды қарызға алу.
III бөлім. Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан қор биржалары өзінің дамуы жөнінен әлемнің ірі қор биржаларынан әлі де болса қатты артта қалуда. 1999 ж. биржалық айналыстың қарқынды түрде өсуі байқалды. Бағалы қағаздармен мәміле арасында МҚО жасалған мәмілелер алғашқы орынға шықты (жалпы сатылған қағаздардың 30%-ы)[9, 5 бет].
Қазақстанның бүгінгі таңдағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы оның дамуды қажет ететіндігін көрсетеді. Инвестициялық салымдардың тиімділігі мен сенімділігі тұтастай алғанда мемлекеттің экономикасының дамуын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады және де біз үнемі соған ұмтылуымыз қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сəйкес əзірленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын одан əрі дамыту, оны ашық жəне тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын қорғау жəне адал бəсекелестiктi қамтамасыз ету болды. [12]
Бағдарламаның іс-əрекеті кезіңде бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұйымдық-құқықтық нысанға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарды оларды оңтайландыру мақсатында капиталдандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау жүзеге асырылды, бағалы қағаздар рыногы-ның кəсіби қатысушылары орындауға міндетті пруденциалдық норма-тивтері белгіленді.
Қорытынды
Осы курстық жұмыс барсында мен қор биржасы тақырыбын қарастырып, ол жайлы мейлінше көп мағлұмат беруге тырыстым. Сонымен қатар нарықтық экономикаға өту тұсында Қазақстан қор биржасын қалыптастыру және қор биржасы қызметін ұйымдастыруға байланысты туындаған мәселелерді қарастырдым.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаты – кәсіпорындардың дамуына қажетті ақша қаражаттарын тарту үшін нарықты саудалық қор құндылықтарымен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін әрқайсысы жеке функциялал атқаратын бағалы қағаз түрлері қолданылады. Осы құнды қағаздардың бір бөлігі өздерінің кезекті иелеріне жету үшін қор биржаларынан өтеді.
Қор биржаларының пайда болуы акционерлік фирмалардың дамуына жағдай жасау қажеттілігінен туындады. Уақыт өте келе биржаның өзі де ақша жасау, айта кететін жайт қомақты ақша, алаңына айналуда. Қор биржасы экономикалық пропорциялардың реттеушісі рөлін атқара бастады. Ол ең нақты аспап тәрізді, адам қызметінің кез келген саласындағы ауытқуларға акция бағамына ауытқулар арқылы жауап қайтарады.
Бүгінгі таңда кез келген нарықтық экономиканың, соның ішінде қазақстандықтың да, қор биржаларынсыз және бағалы қағаздарсыз өмір сүруі болмайды. Олар нарықтағы тепе-теңдікті ұстап тұрушы негізгі құралдардың бірі.
Қазақстандағы қор биржаларының активті жұмыс істеуі қажеттілік, олсыз инвестициялық белсенділіктің тірілуіне мүмкіндік жоқ. Қор нарығын бағалы қағаздарды шығару және айналдыру қатысушыларының экономикалық қатынастарының бірігуі деп айтуға болады.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығын қарастырғанда, мұнда әлі де орнын жоймаған көптеген олқылықтармен қатар біраз жетістіктердің барына да көз жеткіздік. Бұл тұрғыдан алып қарағанда мұнда әлі де болса көп жұмыстар атқарылып, заңдар мен бағдарламалар қабылдануда.
Қазақстан қор биржасының қазіргі таңда көптеген кемшіліктері болса да, барлық мәселелер дұрыс шешімін тапса, біздің бирржа әлемнің дамыған қор биржалары арасына қосылады деген сенім мол.