Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру

Жастар болашақтың тұтқасы» демекші, Қазақстан қазір өз жастарының білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлуде. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында өзіне деген сенімі мол, ерік жігері мақты, патриот, жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі, жүктеліп отыр. Қазіргі мектеп алдында коғамдық бейімділігі бар, өзін өзі жүзеге асыра алатын, қарым - қатынас жасай білетін жастарды жаңа әлеуметтік ортаға дайын тұлға қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан жастарды әлеуметтендіру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының ең көкейкесті мәселесінің бірі.

Демек, тұлғаның әлеуметтенуі оның ана тіліне, күнделікті тұрмыс жағдайындағы мінез - құлқына, шығармашылыққа деген ынтасы мен өз халқының мәдениеті қабылдау қабілетіне байланысты. Оқушының қалыптасуы қоршаған ортасын танумен, өмір сүру барысында кездесетін жақсылық пен жамандықтардан тұрады. Сондықтан, сыртқы орта баланың әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты фактор.

Сонымен, әлеуметтендіру дегеніміз - қарым - қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, өзінің қажеттілігі мен қызығушылықтарын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін тұлғаның қалыптасуы. Жеке тұлғаның әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы, әлеуметтік тәжірибені меңгере дамуының әлеуметтік кезеңдерін қамтитын және әрбір кезеңі белгілі бір анықталған мәселелерді шешу мақсатына жауап беретін, өмір бойы созылатын үздіксіз процесс.