Кәсіпорын рыноктары
Жоспар
1 Кәсіпорын рыноктары 3
1.1 Кәсіпорын - тұтынушылары мінез-құлықтарын зерттеу 4
1.2 Кәсіпорын - тұтынушыларға әсер ететін факторлар 7
Әдебиеттер 9
1 Кәсіпорын рыноктары
Жоғарыда тұтынушыларға әсер ететін факторларды және сатып алу үрдісін талдаған кезімізде тұтыну тауарлары рыногындағы түпкі тұтынушыны қарастырған едік. Енді тұтынушы ретінде кәсіпорын рыногының маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Кәсіпорын рыноктарын зерттеу кезінде рыноктардың үш түрін белгілеуге болады: өнеркәсіп тауарлары рыногы, арадағы сатушылар рыногы, мемлекеттік мекемелер рыногы.
1.1 Кәсіпорын - тұтынушылары мінез-құлықтарын зерттеу
Кәсіпорын - тұтынушыға қажетті тауарларды сатып алумен кәсіпорындағы арнайы бөлімше айналысады, ол "сатып алу орталығы" деп аталады.
Сатып алу орталығы дегеніміз жалпы бірыңғай мақсаты қалыптасқан және барлық тәуекелді өзіне жүктейтін сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісінде қатысатын тұлғалар мен топтар жиынтығы болады. Оған сатып алу туралы шешім қабылдау барысында төмендегі рөлдердің бірін атқаратын ұйымның барлық қызметкерлері кіреді:
1.2 Кәсіпорын - тұтынушыларға әсер ететін факторлар
Кәсіпорын - тұтынушыларға әсер ететін факторларға мыналар жатады:
1. Қоршаған орта және оның жағдайы (сұраныстың деңгейі, экономиканың даму бағыты, болашағы, өндірісті жабдықтау шарттары, ғылыми-техникалық прогрестің қарқыны, бәсекелестердің әрекет бағыттары, саяси жағдайы, несие алу жағдайы).
2.Тұтынушы кәсіпорын ерекшеліктері (мақсаты, жұмыс әдістері, ішкі жүйесі).
3. Ұжым адамдары арасындағы қатынастар жағдайы (өкілдігі, мәртебесі, өз пікіріне сендіре алуы, ісінің икемділігі).