Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұлы отан соғысы және Қазақстан

XX ғасыр саяси және әлеуметтік қайшылықтармен қатар, жойқын соғыстарымен де адамзат санасында мәңгі қалды. Өйткені екінші дүниежүзілік соғыстың өзі-ақ қаншама ұрпақты қайғы - қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Бұған кешегі Ұлы Отан соғысының қиындықтарын бастан кешкен еліміздің тарихы куә. Сол соғысты қан майданда басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетілгенше жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.

Ал бүгінгі Қазақстан Республикасының тұрғысынан қарасақ, Ұлы Отан соғысы тәуелсіз мемлекет тарихының құрамдас бір бөлігі екенін мойындауымыз қажет. Бүл оның мемлекеттік идеологиясына да, өз халқын туысқандық пен достық аясында біріктіруіне де, жас ұрпақты, әсіресе ел қорғаушыларды патриоттық пен ерлік рухта тәрбиелеу мақсатына да сай. Өйткені, Гитлерлік германия Кеңестер Одағына қарсы соғыс жоспарын жасағанда, онда Қазақстанға да байланысты шаралар белгіленген болатын.

Ел басына күн туғанда И.Сталин Ресей тарихынан Суворов, Кутузов және басқа да осы сияқты тұлғаларды көтеріп, халыққа патриоттық рух беруге тырысқаны мәлім. Осыған сәйкес, Қазақстанда да халықтың ерлік дәстүрін қайта көтеру ісі қолға алынды. Кенесарыны да, Наурызбайды да, Абылайды да еске алып, ұлттық тарихымыздың тереңіне үңілдік. Қазақ халқының елін қорғаған, жерін қорғаған кезеңдерін еске түсірдік. Сөйтіп, қазақ халқының санасын қалыптастыру ісі басталды.

Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлеріміздің қанымен, тылдағы аналарымыздың маңдай терімен, қажыр-қайратымен, халықтың ынтымақ-бірлігімен келді.