Голощекин, Сталин, Хрущев және Брежнев кезеңіндегі Қазақстан
Тақырыпты осылайша бөліп алып отырған басты себебіміз - аталған «халық көсемдері» мен «аса көрнекті қайраткерлер» республикамыздың тарихында «Із қалдырған» адамдар. Филипп Исаевич (шындығында Шая Ицкович) Голощекин 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол 1876 жылы 26 ақпанда (жаңа стиль бойынша 10 наурызда) Витебск губерниясының Невель қалашығында ұсақ буржуа отбасында дүниеге келген. Алты кластық гимназия курсын, содан кейін (1901- 1903ж.ж) тіс дәрігері мектебін бітірген. Дәйекті түрде жүйелі білім алмаған, шала сауатты, марксистік - лениндік теориясын да меңгере алмаған профессионал-революционер.
Дей түргенмен республикадағы асыра сілтеушіліктің асқыну жағдайы 1932 ж. 17 қыркүйекте өткен БК(б)Ц ОҚ-нің Пленумында қаралып «Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда мал шаруашылығының шығынының себебі анықталып, оның орнын толтыру шаралары қаралды. Алайда, ашаршылықтан қырғынға ұшыраған халық тағдыры атаусыз қалды. Қырылған адам саны жөнінде ортақ бір пікір болмағанымен зерттеушілер арасында біреулері -1 млн. 300 мың екіншілері - 1 млн. 750 мың, ал үшіншілері - 2 млн. 20 мың деген цифрларды атайды. Қалай болғанда да бұл Голощекиндік қызыл қырғынның (дәлірек айтсақ этноцидтің) нәтижесі еді.
Қорыта айтқанда, Голощекин саясаты Қазақстанда экономика саласында аштыққа, мал басының күрт азаюына, халық шаруашылығының көптеген саласындағы дағдарысқа, В.И.Ленин негізін салған ЖЭС беделін түсіруге әкеп соқты.
«Халықтар көсеміне» айналған Сталин лениндік социализм құру идеясын бұрмалай отырып, тарих сахнасынан өзінің идеяларымен және оны практикалық іске асыруға террор ғасырларда болмаған жауыздығымен халыққа көрсеткен жала, қайғы-мұңымен орын қалдырды. Оның қасіреті - бір халықтың басына түскен іс емес, бүкіл одақ көлеміне түскен ауыр қасірет.
Тың игеру ісіне орасан зор қаржы жұмсалды. Республиканың ауыл шаруашылығына 1954-58 ж.ж. Қазақстанда 337 жаңа совхоз ұйымдастырылды. Тың игеруге ауқымды материалдық қор бөлінді. 1953 ж. салыстырғанда 1956 ж. тыңға әкелінген трактордың саны 213 %, комбайндар 232 % артты. Осыған орай республикада техника саны көбейді. Егер 1958 ж. республикада 40 мың трактор болса,1960 ж. басында 156,2 мыңға жетті. 1954-60 ж.ж. аралығында барлығы 26,484 мың га. жер жыртылды.
Қысқасы, атақ-даңққа, ордендер мен медальдарға белшесінен батқан Л.И.Брежнев тек қара басының қамын ойлап, моральдық дәйексіздік көрсетті. Сондықтан да Голощекин, Сталин, Хрущев сияқты Л.И.Брежневтің де қазақ халқының тарихынан қомақты орын алуға ешқандай да құқы жоқ.