Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мәліметтер базасын басқару жүйесі


Жоспар
1 Мәліметтер базасын басқару жүйесі 3
1.1 Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы 5
1.2 Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері 5
1.3 Мәліметтер типі 6
1.4 Кестелер 8
1.5 Сұраныс 8
1.6 Қалыптар 9
1.7 Есептер 11
1.8 Беттер 11
1.9 Макростар мен модульдер 12
1.10 Мәліметтер схемасын даярлау 12
1.11 Кестелермен жұмыс 13
1.12 Сұраныстармен жұмыс 15
1.13 Параметрлі сұраныс 16
1.14 Қорытынды сұраныс 16
1.15 Қалыптармен жұмыс 17
1.16 Автоқалып 17
1.17 Есептермен жұмыс 18
Қортынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21

1 Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Электронды есептегіш машиналардың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар ғана емес жарандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер МБ-ның көмегімен іске асады.
МБ-белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал – тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.

1.1 Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады.Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағаналардан тұрады.

1.2 Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері
Өрістер мәліметтер базасының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерін береді.

1.3 Мәліметтер типі
Электрондық кестемен танысқанда біз мәліметтердің үш типін қарастырғанбыз:мәтіндік, сандық және формулалар. Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:

1.10 Мәліметтер схемасын даярлау
Тапсырыс берушінің тұтынатын мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап алып, мәліметтер базасының құрылымын дайындауға кірісеміз. Мәліметтер базасын оның негізгі объектісі – кестелерінің құрылымын дайындаудан бастайды.

1.11 Кестелермен жұмыс
Microsoft Access - те кез келген объектімен жұмыс істеу Мәліметтер базасы терезесінен басталады. Оның сол жақ панелінде Access-тің негізгі объектілері орналасқан. Кестені құру үшін сол жақ панельден кестені басқару элементін таңдап аламыз.Оң жақ панельде жаңа кестені құруға арналған басқару элементтері мен мәліметтер базасында бұрыннан бар кестелер тізімі келтірілген.

1.12 Сұраныстармен жұмыс
Кестелер мәліметтер базасының ең негізгі, құнды объектісі болғандықтан, оған тек базаны құрушы адам ғана қатынай алатындай болуы керек. Ал басқа қолданушылар базадан мәліметтер алу үшін сұраныстарды қолдануы қажет. Мәліметтер базасын жобалаушы барлық қажетті сұранысты алдын ала даярлап қояды. Microsoft Access Мәліметтер базасы терезесінің сол жағындағы Сұраныс элементін таңдап алып, оң жақ терезедегі Конструкторлар режимінде сұранысты даярлау командасын таңдасақ, үлгі бойынша сұраныс бланкі терезесі ашылады.

1.13 Параметрлі сұраныс
Мәліметтер базасын қолданушы тек дайын сұраныстармен жұмыс істей алады. Егер жобалаушы құрған сұраныста бағасы 45000 теңгеден аспайтын тауарды іріктеп алуды ғана қарастырса, онда біз бағасы 60000 теңгеден аспайтын тауарды іріктеп ала алмаймыз. Өйткені оған сәйкес сұраныс дайындалмаған.

1.14 Қорытынды сұраныс
Қорытынды сұраныс электрондық кестелердегі қорытынды функциялардың қолданылуындай қызмет атқарады. Топтау амалдарының көмегімен қайсыбір өрісте қорытындылау функцияларын құруды жеңілдетеді.

1.15 Қалыптармен жұмыс
Қалыптар мәліметтерді енгізудің, алдын ала қарап шығудың және түзетудің ең қолайлы әдістерін ұсынады. Олар қамтитын басқару элементтерінің көмегімен кестедегі мәліметтерге қатынау жүзеге асырылады.

1.16 Автоқалып
Кестелер мен сұраныстардан қалыптардың айырмашылығы, оларды автоматтандыру құралының көмегімен дайындауға болады. Соның ішінде, толығымен автоматтандырылған құрал АВТОҚАЛЫП болып табылады. Автоқалыптың үш түрі бар:

1.17 Есептермен жұмыс
Есептер қалыптар мен қатынау беттеріне өте ұқсас болып келеді. Бірақ есептер мәліметтерді баспа құрылғысына шығаруға арналған. Қалыптарға қолданылатын амалдардың барлығы дерлік есептерге де қатысты.

Қортынды
Кез келген саланың жұмысын дұрыс ұйымдастырудың ең басты шарты болып жетілген ақпараттық жүйені құру жұмысы табылады.
Информациялардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар информацияны үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгіл, оны сиғызарда алмайды.
Бұл проблемаларды шешу үшін компьютерлік технологияларды қолдануға болады. Компьютерде есептеулерді жүргізетін, графикалық бейнелерді, Мәтіндерді құруға мүмкіндік беретін бағдарламалардан басқа, үлкен көлемді информацияларды сақтау өңдеу және іздеу үшін арнайы программалар бар. Біз құрған базада орналасқан деректер өзара қисынды байланысқан болуы керек. Бұл нақты параметрлері, қасиеттері бойынша, яғни бір-біріне қатысының белгілері бойынша деректерді топтастыру жолымен іске асырылады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Т.Тиори, Дж. Фрай «Проектирование структур баз данных»
2. В.В Корнеев «Базы данных»
3. С. Каратыгин «ACCES 2000 на примерах»