Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тракторды сынау техникасы мен технологиясы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тракторды сенімділікке сынау


Жоспар

1 Тракторды сенімділікке сынау 3
1.1 Негізгі түсініктемелер 3
1.2 Сынауды ұйымдастырудың жағдайы мен тәртібі 4
1.3 Трактордың тоқтаусыздығы және оның көрсеткіштерін анықтау 7
1.4 Трактордың технико-экономикалық көрсеткіштерін және қуатының тұрақтылығын сынап анықтап талдау 14
1.5 Жоспарлы техникалық күтімнің қиындығын анықтауға сынау 14
1.6 Тракторды пайдалана отырып сынап мерзімдік қорын анықтау 17
1.7 Тракторды еліктете сынау 18
1.8 Беріктікке сынау 24
1.9 Техникалық сарап 28
1.10 Тозуды өлшеп зерттеу тәсілдері 30

1 Тракторды сенімділікке сынау

1.1 Негізгі түсініктемелер

Тракторды сенімділікке сынаудың мақсаты оның пайдалану кезіндегі мерзімдік төзімдігін анықтау. Сынақтың бұл түрі уақытты, қаражатты көп қажет етеді және де ғылыми тұрғыдан алып қарағанда күрделі проблема.
Машинаның сенімділігінің негізгі оны ойластырып жобалағанда жасалып, өндірісте іске асып, пайдалану кезінде қамтамасыз етіледі. Кеңестер одағында машинаның мерзімдік төзімділігі негізінен оның беріктік және тозуға бекемдік қорларын арттыру арқылы және жоспарлы жөндеу, күту жұмыстарын үйымдастырумен қамтамасыз етіледі. Қысқы кезеңде тракторлар міндетті түрде жөндеу жұмысын өту қажет болатын. Беріктік және тозуға бекемдік қорлары тетіктердің, бөлшектердің материал сиымдылығын көбейту арқылы жасалды. Осының салдарынан тетіктердің, бөлшектердің салмақтары шамадан тыс үлкен болды. Қазіргі нарық заманында бұндай принциптің келешегі жоқ.
Сенімділік дегеніміз заттың талап етіліп қойылған уақыт ішінде, не болмаса талап етілген істеуге тиіс жұмыс барысында, оның пайдаланылу көрсеткіштерін сақтай отырып белгіленген функцияларын орындай білу қасиеті.

1.2 Сынауды ұйымдастырудың жағдайы мен тәртібі

Сынаудың мемлекеттік қабылдау түрін кемдегенде үш трактормен жүргізіп олардың ең аз дегенде 3000 сағат жүктемеленіп жұмыс істеуі қажет. Трактор сынау кезінде трактордың осы түріне белгіленген барлық жұмыстарда пайдалынылуы тиіс. Трактордың түріне, ерекшелігіне байланысты пайдаланылатын жұмыстардың негізгі түрлері келесідей: жалпы жұмысқа арналған тракторлар үшін – жер жырту; топырақты қопсытып жырту; топырақты қопсыту; топырақты тіліп қопсыту; жинау жұмыстары; қуат алу білігі немесе гидрожетек арқылы жұмыс істейтін машиналармен жұмыс атқару; көліктік жұмыстар.

1.3 Трактордың тоқтаусыздығы және оның көрсеткіштерін анықтау

Тоқтаусыздық заттың белгілі бір уақыт ішінде немесе белгілі бір жинақісінде берілген талапқа сай деңгейде өзінің жұмысқа жарамды қабілетін сақтау қасиеті. Жинақіс уақытпен немесе атқарылған жұмыс көлімімен анықталады. Тракторды пайдаланғанда немесе сынағанда тәуліктік жинақіс, айлық жинақіс, бірінші тоқырауға дейінгі жинақіс, тоқыраулар аралық жинақіс және басқада жинақіс түрлерін анықтап пайдаланылады.
Қалыпқа келтіруге болмайтын немесе бірінші тоқыраудан кейін ауыстырылатын және де қауіпсіздік ережелеріне сәйкес пайдалануға болмайтын бұйымдардың тоқтаусыздық көрсеткіші ретінде тоқтаусыз жұмыс атқару ықтималдығы, тоқырау жиілігі пайдаланылады. Қалыпқа келтіруге болатын бұйымдар үшін тоқтаусыздық көрсеткіші ретінде тоқырауға дейінгі жинақіс, тоқыраудың тасқындық айқындауышы, тоқтаусыз жұмыс атқару ықтималдығы т.т пайдаланылады.

1.4 Трактордың технико-экономикалық көрсеткіштерін және қуатының тұрақтылығын сынап анықтап талдау

Трактордың өнімділігі және үнемділігі оның қозғауышының қуатының тұрақтылығын және жанармай шығының белгіленген деңгейде өзгеруіне байланысты. Трактордың және оның кейбір құрылым бірліктерінің өнімділігі, үнемділігі әр бір 900-1000 сағат пайдаланғаннан кейін анықталып отырылуы тиіс. Бұларды анықтау үшін тракторды тартымдылыққа сынап тарту сипаттамасы жасалады. Қозғауыштың жылдамдық сипаттамасы анықталып жасалады және де жағар майдың шығыны өлшенеді.
Трактордың бұл аталған көрсеткіштерін анықтауға бағытталған сынақты жоспарлы техникалық күтім жұмыстарымен сәйкестеріп өткізген тиімді болады. Бұндай мақсаттағы алғашқы сынауды трактор 150-200 мотосағат жұмысқа пайдаланған соң өткізіледі.
Тракторды тартымдылыққа сынау тректе өткізіліп, тек ең жоғарғы тарту қуаты пайда болатын берілісте ғана жүргізілумен шектеледі. Сынауды қоршаған ортаның температурасы 15÷30°С деңгейінде болғанда жүргізеді.
Тәжірибелік тарту сипаттамасы бойынша максималды ілмектегі қуат және осы жағдайға сәйкес келетін меншікті жанармай шығыны анықталады.

1.5 Жоспарлы техникалық күтімнің қиындығын анықтауға сынау

Тракторды тиімді пайдалануға және жұмыс атқаратын уақытының басқа істерге шығындалуының аз болуына тракторға көрсетілетін техникалық күтімге, реттеуге, жанармай құюға және жоспарлы жөндеу-тексеруге кететін уақыттың әсері елеулі. Трактордың техникалық себептермен жұмыссыз тұруы оның құрылысының тиімді ойластырылып жасалуынан, сапалы құрастырып жинаудан және пайдалану ережелерінің жан-жақты толық болып, жөндеп күтуге қажетті саймандармен, құрал жабдықтармен толық жабдықталуына байланысты.

1.6 Тракторды пайдалана отырып сынап мерзімдік қорын анықтау

Пайдалана отырып сынап трактордың мерзімдік қорын анықтау өте ұзақ уақытты қажет ететін жұмыс. Бұл сынақ кезінде трактор дағдылы жағдайда пайдаланылып күнделікті ауыл шаруашылық және де басқада жұмыстарды атқарады. Бұл сынақтың мақсаты трактордың тоқтаусыздығын, ұзақ өмірлігін және жөндеуге жарамдылығын, икемділігін, яғни оның жалпы сенімділігін анықтау.
Мерзімдік қорды анықтау үшін трактор жүктемеленіп кем дегенде 3000 сағ. жұмыс атқаруы тиіс. Сынақ нәтижесі бойынша трактордың сенімділігі сынақ кезінде жүргізілген техникалық бақылауларға, тоқыраулар кезінде және сынақ аяқталған соң жүргізілген техникалық сараптарға негізделіп анықталады.
Кеңестер одағында мерзімдік пайдалана сынау арнайы тәжірибелік шаруашылықта, колхозда немесе совхозда жүргізілетін машина сынау ыстанциялары басшылық жасайтын. Қазіргі жағдайда бұлай ұйымдастыру қиын. Бүгінгі күні бұндай сынақты тікелей машина сынау ыстанциясында немесе оған іргелес орналасқан шаруашылықтың жерінде жүргізу тиімді болуы ықтимал. Жалпы сынақтың бұл түрін ұйымдастыру, жүргізу нарық заманының талабына сәйкес ұйымдастыруды қажет етеді.

1.7 Тракторды еліктете сынау

Тракторды еліктете сынау арнай жабдықталған полигондарда жүргізіледі. Сынақ кезінде тракторға дағдылы жағдайда жұмыс атқарғанда пайда болатын жүктемелердің әсері еліктетіледі. Бұндай сынақтар нақтылы шаруашылық жағдайда жүргізілетін мерзімдік сынақтардың қосымшасы ретінде қолданылып келді. Бұл сынақтар шаруашылықтағы сынақтарды әлдебір себептермен жүргізу қиын болғанда немесе мүмкін болмағанда жүргізілетін. Қазіргі нарық кезеңінде еліктете сынауды кең қолданудың маңызы зор деп білу қажет. Еліктете сынауды кеңінен қолданып сынақ уақытын, шығынын азайтып жаңа машиналардың өмірге қысқа мерзімде келуіне жол ашуға болады. Еліктете сынауды кеңінен тиімді қолдану үшін оны ұйымдастыруды, пайдаланытн әдістемелерді, құрал-жабдықтарды жетілдеріп, сынақ жүргізілетін мамандардың біліктіліктерін артыру қажет.

1.8 Беріктікке сынау

Бұл сынақтың мақсаты трактордың тұлғалық (рама, жетекші белдіктің, беріліс қорабының т.т. тұлғаларының) құрылымдарының және оның пісіріп бекіткен жерлерінің қажу беріктігін анықтау. Осылармен қатар кабинаның, аспалы машиналарға арналған аспалардың және кейбір тұлғаларды бір-бірімен бекітуге арналған болттардың да қажу беріктігі тексеріледі. Аталған тетіктермен қосылыстардың сенімділігі олардың динамикалық жүктемелердің әсерінен қажып тозып бүлінумен анықталады. Бұл жағдайда ұзақ уақыттылықтың көрсеткіші ретінде тетіктердің шекті күйге жетіп, беріктігі азайып олардың қажу жарықтары пайда болуын туындатуға қажетті жүктемелеу циклінің саны қолданылады.
Статикалық анықталмайтын жүйелерде, солардың ішінде трактордың рамасында пайда болған қажу жарықтары әрқашанда оның шекті күйге жеткенін сипаттайды деп тұжырымдау дұрыс емес. Кейбір жағдайларда жарықшақтардың пайда болу әсерінен ішкі шоғырланған кернеулер азайып тетіктің бойына таралып жарықшақтың әрі қарай таралуы тоқтап тұлғалық құрылғы көп уақыт берік жұмыс істейді.

1.9 Техникалық сарап

Техникалық сараптың міндеті: сынаққа келген трактормен бірге жіберілген техникалық құжаттардың толықтығын және сапасын тексеру; трактордың құрамдалып құрастырылып жинап жасалуының сапасын тексеру; трактордың құрылымдық айқындауыштарының агротехникалық талаптарға сәйкестігін тексеру; тоқыраулардың болу себептерін анықтап тексеру, талдап жазу; трактордың тетіктерінің тозуға бекемдігін бағалап анықтау; жөндеуге бейімділігін, икемділігін бағалап тексеру; трактордың қосалқы бөлшектермен және құрал-саймандармен жабдықталуын бағалау.
Техникалық сарапты сапалы жүргізу сенімділіктің көрсеткіштерін дұрыс, дәл анықтаудың кепілі. Техникалық сарап үшке бөлінеді: алғашқы техникалық сарап, ағымдағы техникалық сарап және қортынды техникалық сарап.

1.10 Тозуды өлшеп зерттеу тәсілдері

Трактордың көптеген механизмдерінің және қозғауышының ұзақ өмірлігі олардың тетіктерінің тозуға бекемділігімен анықталады. Тозуға бекемдік тракторды мерзімдік қорға сынағандағы тозудың шамасымен және тозу қарқындылығымен анықталады.
Мерзімдік қорды анықтауға бағытталған сынаудың уақыты трактордың толық мерзімдік қорынан бірнеше есе (2-3 есе) кем болғандықтан сынақ кезінде жинақісі шекті деңгейге жететін тетіктердің ғана ұзақ уақыттылығы анықталады, ал қалған тетіктердің ұзақ уақыттылығы сынақ кезінде жинақталып алынған тозу, тозу қарқындылығы туралы ақпараттарды талдап, зерттеп болжанады. Осы болжауларға сүйеніп трактордың және оның тетіктерінің жалпы мерзімдік қоры есптеліп анықталады.