Құқықтық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары 6
1.1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы 6
1.2 Құқықтық норманың негізгі сипаттары 7
1.3 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері 8
2 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы 11
2.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері 11
2.2 Қоғамдық қатынастар 17
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері 18
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері, субъективті заңдылық құқығы мен міндеттері 20
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік 20
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі 23
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік 25
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер 26
3.4.1 Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі 34
3.4.2 Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау 42
3.4.3 Бірнеше рет жасалған қылмысты квалификациялау 46
Қолданылған әдебиеттер 60
Кіріспе
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы өрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді ендіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
1.1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.
1.3 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
2 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері
Құқықтық қатынас–тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет.
Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субъективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Құқық субъективтік жағынан алғанда, жекелеген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арасына көшіреді.
Құқықтық қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
2.2 Қоғамдық қатынастар
Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективтік, адамдардың санасы мен еркін байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы.
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамсыз етеді. Құқықтық қатынастардың түрлері:
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері, субъективті заңдылық құқығы мен міндеттері
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік
Қазіргі заң ғылымында тәжірибе мойындағандай, құқықтық қатынасты белгілі қоғамдық қатынастардан бөлек қарауға болмайды, себебі олар құқықтық нысанға айналады. Олар құқықтық нормалар негізінде пайда болып,и адамдар қимылдарының ерекше нысандарына және қылықтарына айналады. Заңдылық нысанмен қоғамдық қатынастардың нақты мазмұны-тұтас әлеуметтік құбылыс.
Дегенмен де, құқықтық нысандардың негізгі бөліктерінің қайсысының нақты қатынасына мемлекеттік мәртебе беретінін және оның қорғалу кепілдігінің қамтамасыз етілуін білу өте маңызды.
Құқықтық қатынастардың құрамында төрт қажетті бөліктер бар:
3.4.1 Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі
ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, «тікелей қылмыс жасауға бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады». «Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет» ретінде қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе обьективтік жағы белгілерін орындағанмен, бірақ тиісті зардаптың туындамауы алынады. Бұл екі жағдайда да, яғни қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе ол белгілер орындалғанмен зардаптың туындамауы кінәлінің еркіне тәуелсіз жағдайларға, себептерге байланысты болуы керек. Осы екі жағдайға қарай қылмыстық құқық қылмысқа оқталудың екі түрін, аяқталған және аяқталмаған оқталуды келтіреді.