Қызықты сабақ - қиялға қанат
Сабақ - оқытушының шығармашылық ізденісінің туындысы. Барлық ізденімпаз оқытушы өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға тырысады. Жаңашыл оқытушының ізденісі негізінен оқыту әдісіне, студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысына, дамыта оқыту технологиясына, ұжымдағы қарым-қатынасын жетілдіруге бағытталуы тиіс.
Оқытушының басты мақсаты - студентті ізденіске баулу. Бұл қазіргі кредиттік жүйенің де негізгі міндеті болып саналады. Сол мақсатқа жетудің тиімді әдістерінің бірі сабақ үрдісін түрлендіріп, түрлі инновациялық технологияларды пайдалану.
Түрлі технологияларды сабақтарда қолдана отырып, оқытушы процесті әлдеқайда қызықты етеді. Педагогикалық технологиялар түрлері өте көп, олардың түрлі белгілеріне қарай жіктейді.
Сабақтарда көбірек қолданылатын технологиялар келесідей:
- Кейс-технологиялар. Дәл құрылымдалған және сәйкесінше арнайы «портфельге» жинақталған оқу-әдістемелік материалдарды студентке өз бетімен оқуға жіберген кезде жүзеге асатын технология.
- Жобалық технология. Жобалық технологияны қолдану оқыту процесіне оқу жобаларын кеңінен енгізу болып табылады. Бүл әдіс білім алушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Осындай технологияларды сабақтарда қолдана отырып, оқытушы оны толық, қызықты егіп өткізеді. Сабақ тиімділігі оқытуды ұйымдастыру формаларының дұрыс педагогикалық негізде таңдалуына байланысты.
Әлемдік білім беру жүйелерінің тәжірибелері және шығармашылық негізде жұмыс істейтін оқытушылардың ізденістері жобалық әдісті қамтитын және жобалар арқылы жұмыс істеуді талап ететін педагогикалық ситуациялардың сан алуан болатындығын көрсетеді: