Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 19 стр.

Полный просмотр работы

XV ғасыр - XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы

Жоспар
1. Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cултандар 3
2. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары 8
3. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж) 12
4. Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). «Жеті жарғы» заңдары 16

1. Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cултандар
Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

2. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары
Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

3. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж)
Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.
Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.

4. Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). «Жеті жарғы» заңдары
Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.

Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.