Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 6
1.1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен принциптері 6
1.2 Қаржы механизмінің жүйесі мен құрылымы және оны реформалау 9
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 14
2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару 14
2.2 Қаржы саясаты нарықтық экономикада әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуші процесс 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Қаржы саясаты – мемлекеттің өз міндеттері мен қызметін қаржы саласында іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс – шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты – экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Қаржы саясаты, басқа барлық саясаты сияқты қондырмаға жатады.
Жалпы алғанда экономикалық саясат сияқты, мемлекет қаржы саясатын да экономикалық заңдардың – қоғамның экономикалық өмірінің құбылыстары мен процестерінің мәндік, ұдайы қайталанып отыратын, объективті байланыстары мен өзара тәуекелділіктерінің талаптарын басшылыққа алып әзірлейді.
Менің курстық жұмысымның ең басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылуы. Қаржы механизмі дегеніміз қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың формалары мен әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің әр түрлі деңгейлері мен қызмет салаларында экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын орындауға арналған ақшалай қаражаттардың нысаналы қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
І. ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен принциптері
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезде арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдылықтардың іс - әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің тоғағы жеткен қажеттіліктерін және басқада факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
1.2 Қаржы механизмінің жүйесі мен құрылымы және оны реформалау
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың саласына қарай экономикалық немесе, әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты – қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып келгенде экономиканы тұрақтандыру мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау мақсатымен қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде оларды қайта бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне тән нәрсе. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
2.2 Қаржы саясаты нарықтық экономикада әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуші процесс
Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепциясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік - экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Републикасы үкiметiнiң актiлер жинағы.
2. Берлин С.И. Теория финансов. Учебник пособие. М: Приор, 2000г.
3. Бюджет жүйесi туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана: 2001ж.
4. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) – Алматы: ЮРИСТ, 2002ж.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2000ж.
6. Дробозина Л. А. Финансы. Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ, 2000г.
7. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие.- Алматы: Экономика, 1998г.