Абайсыздық қылмысы
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ 3
І-тарау. Абайсызда жасалатын қылмыстар 6
1.1 Абайсызда жасалатын қылмыстар туралы түсінік 6
1.2 Абайсызда жасалатын қылмыстардың түрлері және криминологиялық сипаттамасы 16
1.3 Автокөлікті пайдалану саласындағы абайсызда жасалатын қылмыстар және қылмысының жалпы сипаттамасы 23
ІІ-тарау. Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшеліктері және қолданылатын жаза түрлері 34
2.1 Абайсызда жасалатын қылмыстармен қасақана жасалатын қылмыстардың өзгешелігі 34
2.2 Абайсызда жасалатын қылмыстер үшін қолданылатын жаза түрлері 41
Қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 50
КІРІСПЕ
Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бет дұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүние жүзілік қоғамдастық таныған егемендік мемлекетке айналды.
Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының, Қазақстан Республикасының тарихында хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынғанда жаңа дәуір басталды.
Жаңа әлеуметтік - саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан халықаралық сана - сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көз қарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана - сезім , ал сонымен бірге Отанымыздың шыншылды да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта - ықыласына қауырт өсе түсті.
І-тарау. Абайсызда жасалатын қылмыстар
1.1 Абайсызда жасалатын қылмыстар туралы түсінік
Абайсыздық қылмыскерлігі де жаппай әлеуметтік құқықтық құбылыс сияқты қоғамның белгілі бір даму кезеңінде өмір сүретін қылмыс туралы жаппай түсініктің құрамды бір бөлігі болып табылады.
Абайсыздық қылмыскерлігі жөніндегі түсініктің негізіне
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 21 бабына сәйкес абайсыздық салдарынан жасаған қоғам үшін қауіпті әрекеттер немесе әрекетсіздік жатады. Сондықтан да абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерлік жөніндегі түсініктің мазмұны қылмыс туралы заңдылыққа онда көрсетілген абайсыздықтан болатын қылмыстардың тізіміне және олардың сипатына сәйкес болады.
Абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз белгілі бір мерзім ішінде қоғамда абайсыздық салдарынан жасалған заңсыздықтың жиынтығы. Сондай-ақ ол түрлі қылмыстардың жай ғана қосындысы емес белгілі бір әлеуметтік заңдылықтарға сәйкес өзінше дамып отыратын құрылымы бар қылмыстардың бірегей жиынтыгы болып табылады.
1.2 Абайсызда жасалатын қылмыстардың түрлері және криминологиялық сипаттамасы
Абайсыздық - кінәлінің өзі жасаған әрекеттерінің не әрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалық қатынасының ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық құрамы бар қылмыстар ғана абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК абайсыздықтың екі түрі қарастырылған: а. менмендік, б.немқұрайдылық. ҚР ҚК 21- бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенің алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптары жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасаған қылмыс деп танылады.
1.3 Автокөлікті пайдалану саласындағы абайсызда жасалатын қылмыстар және қылмысының жалпы сипаттамасы
Қылмысты абайсыздықпен күрестің криминологиялық және қылмыстық - құқылық проблемаларын зерттеу ең алдымен бастапқы негізгі түсініктің мазмұны дәл талап етіледі .
Абайсыздық қылмыскерлігі, абайсыздық қылмыскер, қылмысты абайсыздық сияқты түсінік категорияларының негізінде ең алдымен абайсыздық қылмысы жөніндегі ұғым жатыр. Айыптың абайсыздық түрінің белгілерін абайсыздық құрылымын есепке алмайынша, дұрыс тұжырымдау мүмкін емес, өйткені, ол құрылым сол абайсыздықтың субъективті жағынан саналады .
ІІ-тарау. Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшеліктері және қолданылатын жаза түрлері
2.1 Абайсызда жасалатын қылмыстармен қасақана жасалатын қылмыстардың өзгешелігі
Әлеуметтік жоспарлау бүгінгі өмірдің құрамды бөлігіне айналып отыр. Оның мақсаттылығы, жоспарлығы қоғам алдында тұрған саяси, идеологиялық және экономикалық міндеттерді шешуде күш жігерімізді дұрыс шоғырландыра білуге ықпал жасайды.
Әлеуметтік жоспарлардың арқасында кейбір келеңсіз құбылыстардың алдын алу мүмкіндігі пайда болды. Бірақ бүл - қылмысты болдырмай проблемасы толық шешілді деген сөз емес. Соның ішінде, әсіресе, абайсыздық қылмысының алдын алу немесе кәмелетке толмағандар қылмысы жөніндегі мәселелер әлі де зерттеуді қажет етеді.
2.2 Абайсызда жасалатын қылмыстер үшін қолданылатын жаза түрлері
Техниканы пайдалану саласындағы абайсыздық қылмысының механизімін қарау кезінде анықталған адам мен жағдайдың өзара қарым - қатынасының өзіндік ерекшелігі көп жағдайда мұндай тәртіпсіздікке курсы күрес шараларын жүйесінде қылмыстық жазаның орны мен рөлін айқындап беруі тиіс . Мұны нақты қылмысқа қолдану мынаны байқатады: қылмыстың себебі айыпкердің қоғамдық қауіптілік деңгейімен өзара байланысты болады, өйткені себептер сипатына баға беру жауапкершілік пен жазаны даралауға аса маңызды мәселеден саналады.
Қорытынды
Сонымен, бүгінгі жағдайдағы абайсыздық қылмысының келешегі, өз кезегінде абайсыздық қылмысының себебіне, профилактика әдістері мен жолдарына, қылмыстың алдын алуға және жазалауға байланысты мәселелерді жүйелі түрде, бір - бірімен тығыз байланысты шешуді талап етеді.