Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2004

Полный просмотр работы

Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары 5
1.1 Өнеркәсіптік өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы 5
1.2 Кәсіпорын қасиетінің көрсеткіштері 8
2 Өнеркәсіптік кәсіпорынды басқаруды талдау 10
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі тетіктерінің ретінде 10
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау 14
3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 17
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 22

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

1 Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары
1.1 Өнеркәсіптік өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы
Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

1.2 Кәсіпорын қасиетінің көрсеткіштері
Кәсіпорын қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

2 Өнеркәсіптік кәсіпорынды басқаруды талдау
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі тетіктерінің ретінде
Қазақстан 1996 жылы қаңтар айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ бақылаушы статусын алған болатын.
Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде.

2.2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамымен 2004 жылы 9388 тонна кондитерлік өнім өндіріліп, оның құны 178805 мың теңге әрекеттегі бағада және 1580187 мың теңге салыстырмалы бағада құрады. Өткен жылдың көрсеткіштері осы көрсеткіштерінің 99,7 %-ын құрайды. Әрекеттегі бағаның өсімі 266612 мың теңге. Кондитерлік өнімнің өндіріс өсуінің жоғары қарқыны өткізу нарығының кеңеюі, өнімге сұраныстың өсуі, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының жақсаруы, соның ішінде сапа деңгейінің жоғарылауы арқылы жеткізілді.
Кәсіпорын маркетингтік стратегиясының мақсаты ─ әдемі орауышта сапалы тауар шығару және қалыпты бағамен оның өткізуін қамтамасыз ету. Сондықтан кәсіпорында 14 адамнан тұратын маркетингтік жүйесі енгізілді. Үлкен ассортименттің болуы нарықтың анықталаған аумағының халықтың әртүрлі талғамдарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Нарық шетелден келіп жатқан әртүрлі кондитерлік өнімдерге қанық және нарықта жоғары бәсекелік болғандықтан, кәсіпорын маркетингтік жұмыстарын жалғастырып, сапа жүйесіне көп көңіл бөлуде.

3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа мәселесін шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер, оларды талдау және себептерін талдау кіреді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ауылшаруашылық өнімнің сапасын басқару экономикалық өсудің, табыс табудың, кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігінің маңызды факторларының бірі. Бірақ осыған қарамастан, өнімнің сапасын жоғарылату мәселесіне аз көңіл бөлінеді, өйткені өнім өндірушілер негізінен оның көлемінің ұлғаюына бағытталады.
Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: