Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 45 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Ұйымдастыру - реттеу құжаттары


Жоспар
1 Ұйымдастыру - реттеу құжаттары 3
1.1 Жеке құрамның құжаттары 3
1.1.1 Жеке құрамның құжаттарының маңызы. Өтініш 3
1.1.2 Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы 4
1.1.3 Жеке құрамға байланысты бұйрықтар 5
1.1.4 Мінездеме 6
1.1.5 Еңбек келісімі 7
1.2 Анықтамалық-ақпараттық құжаттар 7
1.2.1 Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың маңызы.
1.2.2 Баяндау хат 9
1.2.3 Түсініктеме 9
1.3 Қызметтік хаттар 10
1.3.1 Қызметтік хаттарды ресімдеудің ережелері 10
1.4 Реттеу құжаттары 12
1.5 Ұйымдастыру құжаттары 15
Әдебиеттер 17
Қосымшалар 18

1 Ұйымдастыру-реттеу құжаттары
1.1 Жеке құрамның құжаттары
1.1.1 Жеке құрамның құжаттарының маңызы. Өтініш
Мекемелерде, кәсіпорындарда немесе ұйымдарда жұмыскерлердің жұмысқа орналасуын, жұмыстан босатылуын, олардың басқа қызметке ауыстырылуын, оларға еңбек демалыстарының берілуін, жұмыскерлердің түрлі жағдайларға байланысты марапаттасуларын немесе сөгістер жариялауды және тағы да басқа жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында болатын қарым-қатынастарды тіркеу барысында жасалатын құжаттар жеке құрамның құжаттарының қатарын құрайды.
Жеке құрамның құжаттарының қатарына мына құжаттар жатады: еңбек кітапшасы, кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы, дербес карточка, жеке құрамға байланысты бұйрықтар, мінездеме, еңбек келісімдері.

1.1.3 Жеке құрамға байланысты бұйрықтар
Бұйрықтар ұйымдастыру, реттеу мәселелеріне қатысты және жеке құрамға байланысты шығарылады. Жеке құрамға байланысты шығарылған бұйрықтар жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа қызметке ауыстыру, марапаттау, сөгіс жариялау, еңбек демалыстарын беру мәселелеріне қатысты ресімделеді. Бұйрықтың бұл түрі өтініштің, ұйымдастыру, реттеу мәселелеріне қатысты бұйрықтардың негізінде жасалады. Бұйрық бір жұмыскерге қатысты немесе бірнеше жұмыскерге қатысты бір қағазда ресімделуі мүмкін. Құжат А4 форматты қағазға ресімделеді, кадрлар бөлімінде сақталады.

1.1.4 Мінездеме
Мінездемені мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның әкімшілігі түрлі жағдайларға байланысты өзінің жұмыскеріне береді. Мінездеме А4 форматты қағазға жазылады. Құжатта жұмыскердің қызметі мен қоғамдық жұмыстарға қатысына пікір жазылып, оның моральдік және іскерлік сипатына баға беріледі.
Мінездеменің реквизиттері: мәтіннің тақырыбы, құжат түрінің атауы, дата, мәтін, қол, мөр.

1.1.5 Еңбек келісімі
Еңбек келісімі– жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді, тоқтатуды реттейтін ресми құжат.
Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалады. Құжатта мәміленің мазмұны толық көрсетіледі. Оған тараптар немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды. Құжатты қажет жағдайда нотариус куәландырады. Жеке құрамның құжаттарына қатысы бар келісімдер: жеке еңбек келісімдері, ұжымдық еңбек келісімдері.

1.2 Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
1.2.1 Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың маңызы. Анықтама
Анықтамалық - ақпараттық құжаттардың қатарын мекемеден басқа мекемелерге жіберілетін, мекемеге басқа мекемелерден немесе жеке тұлғалардан түсетін құжаттар құрайды. Ақпараттық-анықтамалық құжаттарда реттеу құжаттарын қабылдауға негіз болатын, мекемедегі істердің жағдайлары жөніндегі ақпараттар болады. Анықтамалық - ақпараттық құжаттардың қатарын мынандай құжаттар құрайды:

1.2.2 Баяндау хат
Баяндау хат – мекеменің немесе жоғары тұрған орындардың басшыларының атына жазылатын құжат.

1.2.3 Түсініктеме
Түсініктеме – негізгі құжаттың жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін немесе белгілі бір фактінің, оқиғаның, әрекеттің себебі баяндалатын құжат.

1.3 Қызметтік хаттар
1.3.1 Қызметтік хаттарды ресімдеудің ережелері
Қызметтік хаттар ұйымдардың басқа ұйымдармен, жеке адамдармен байланысуының құралы. Қызмет бабымен жазылатын хаттар түрлі жағдайларға байланысты жазылады. Ұйымдар байланыстың қазіргі заман талабына сай құралдарын, атап айтқанда телефонды, факсті, модемдік байланысты т.б.пайдаланса да, қызметтік хаттардың мәні ерекше болып қала бермек.

1.4 Реттеу құжаттары
Хаттама
Ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың атқару-реттеу ісіне қатысты қызметінің бір түрі - басқарудың маңызды мәселелерін шешуге қажетті реттеу құжаттарын шығару. Қазіргі заңдармен байланысты басқару органдары мынандай құжаттар шығарады: ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың әкімшіліктері - бұйрықтар, нұсқаулар және нұсқаулықтар, жеке кәсіпорындар – шешімдер, қоғамдық ұйымдар – қаулы, өкім және осы аталған барлық ұйымдарда хаттама жазылады. Бұл құжаттардың тілдік құрылымы бір-біріне ұқсас келеді.