Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Шаруашылық субъектілер қаржысының жалпы мәні, сыныптамасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Шаруашылық субъектілер қаржысының жалпы мәні, сыныптамасы 5
1.1 Шаруашылық субъектілер қаржысының мәні 5
1.2 Шаруашылық субъектілердің сыныптамасы 6
2 Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы 7
2.1 Талдаудың мақсаттары мен міндеттері 7
2.2 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері мен ақпараттық қамсыздандыру 12
2.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымымен динамикасын жалпы бағалау 14
3 Шаруашылық субъекті қызметінің тиімділігін арттырушы ретіндегі кәсіпорын қаржысын басқару 17
3.1 Кәсіпорынның қаржы саясаты - кәсіпорын қызметі тиімділігін жоғарлатудың негізі 17
3.2 Кәсіпорын қызметі тиімділігін басқару мен жоспарлау 19
3.3 Кәсіпорынның өтімділігімен төлем қабілеттілігін талдау 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

КІРІСПЕ

Шаруашылық субъектілер қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі.
Шаруашылық жүргізуші субъект түсінігі – барлық ұйымдық-құқықтық меншікті сандарына және қызметінің барлық түрлеріне қатысты, шаруашылық субъектілерді жалпылама айтқанда –экономикалық агенттер, экономикалық бірліктер.Олар өзіне міндеттемелер қабылдай алады, активтерді иемденіп басқарады және экономикалық қызметті жүзеге асырады. Шаруашылық субъектілер түсінігі соңғы кездері шаруашылық қызметке заңды тұлғаларды ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тұлғаларды - жеке кәсіпкерлерді, шағын бизнестің дамуымен байланысты қолданады.Соңғы уақыттарда коммерциялық қызметтердің рұқсат етілуіне байланысты, көптеген заңды тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік жекеменшікпен байланысты өндірістік емес салаларына коммерциялық және жарғылық қызметтердің шекарасын шектемейді, бұл субъектілерді –шаруашылық субъектілерге айналады, яғни өз қызметін жарғылыққа емес, сонымен қатар коммерциялық іске бағыттайтын. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге көбінесе кәсіпорындар мен ұйымдар жатқызылады. Шаруашылық субъектілер қаржысы кәсіпорынның, қоғамның, бірлестіктер мен ұйымдардың қаржысын кірістіреді.

1 Шаруашылық субъектілер қаржысының жалпы мәні, сыныптамасы

1.1 Шаруашылық субъектілер қаржысының мәні

Шаруашылық субъектілердің қаржылары бірегей қаржы жүйесінің құрамды бөлімі. Шаруашылық субъектілер қаржысын қарастырмас бұрын шаруашылық субъектілер ұғымына келесі түрдегідей анықтама беруге болады: өзінің атынан активтерді иемдене алатын, өз мойнына міндеттер алатын, экономикалық қызметтерді жүзеге асыратын экономикалық агенттер немесе экономикалық бірліктер. Осы шаруашылық субъектілерге атап айтқанда компаниялар, серіктестер, фермерлік шаруашылықтар, бірлестіктер және тағы басқалары жатқызылады. Шаруашылық субъектілер қаржысы ақша түрінде кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің негізгі тұстарын көрсетеді.
Шаруашылық субъектілер қаржысы ақшалай түрде көрсетілген өндіріс процесінің негізгі жақтарын сипаттайды және оны экономикалық заңдардың талаптарымен сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олар ұлттық шаруашылықты әрі қарай дамыту үшін қажет ақшалай жиынтықтар мен табыстарды пайдалану мен қайта бөлу үшін пайдаланады. Бұл даму процесі ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық құралы болып табылады.

1.2 Шаруашылық субъектілердің сыныптамасы

Көптеген кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер әр түрлі белгілер бойынша сыныпталады, және оның негіздемесі қаржы ұйымының сипатына әсер етуі мүмкін.
Қызмет ету өрісіне қарай кәсіпорындар –материалды және материалды емес (өндірістік емес) болып екіге бөлінеді.
Материалды саладағы кәсіпорын қызметі жалпы қоғамға қажетті игіліктер мен материалды өнімдерді өндіреді. Өнімдер мен игіліктер табиғи - заттық сипатта болады.
Өндірістік емес салаларының қызметтік нәтижесі қызмет көрсетулер түрінде болады, бұл түрлерді құру процесі оларды тұтыну процесімен сай келеді.
Материалды және материалды емес салаларының құрамы бірнеше бөлімдерге, бөлімшелерге бөлінеді. Бұл бөліну процесі экономикалық қызметтің сапалық жағын сипаттағанымен, экономикалық субъектілер тобындағы оның көп түрлілігін ұйғарады. Бұл өндірістің ұйымдық-техникалық, технологиялық сипатымен байланысты.

2 Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы

2.1 Талдаудың мақсаттары мен міндеттері

Қазіргі заманғы жағдайларда тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін басшыларға өз кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайдың, сондай-ақ серіктері мен бәсекелестерінің іскерлік белсенділігі жағдайын нақты бағалай білуі қажет. Ол үшін:
• кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын бағалау әдістемесін меңгеруі;
• қаржылық ақпараттарды жинақтаудың, өндеудің үстірт және үстірт емес түрде пайдалануы;
• тәжірибеде осы әдістерді жүзеге асыруға қабілетті талдаушы мамандарды тарту қажет.

2.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымымен динамикасын жалпы бағалау

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау бухгалтерлік балансты, оның құрылымын, құрамымен динамикасын танып білуден басталады. Ол үшін келесі мәселелерді қарастыру керек:

3 Шаруашылық субъекті қызметінің тиімділігін арттырушы ретіндегі кәсіпорын қаржысын басқару

3.1 Кәсіпорынның қаржы саясаты - кәсіпорын қызметі тиімділігін жоғарлатудың негізі

Кәсіпорындардың қызмет түрлері мен ауқымдары, ұйымдық – құқықтық нысандары, қызмет ету жағдайлары бойынша нақты жалқылануы оларды басқарудың ұйымдық құрылымының кең көлемді алуан түрлігін туғызады.
Кәсіпорынның қаржы саясатын жасақтаудың мақсаты кәсіпорын қызметінің стратегиялық және тактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қаржыны басқарудың тиімді жүйесі кіру болып табылады.
Көрсетілген мақсаттар әрбір шаруашылық субъекті үшін жекше. Кәсіпорын жоғары инфляция және бар салық саясаты жағдайларында пайданы қалыптастыру және бөлу; дивиденттер төлеу; өндіріс шығындарын реттеу мүлікті және сату көлемін өсіру мәселелерінде мемлекеттің әртүрлі мүдделерін білдіруі мүмкін.
Бірақта кәсіпорын қызметін есепке алудың қаржылық, салықтық және басқарушылық түрлерінде көрсетілген барлық аспектілері әлемдік тәжірибемен жасақталған жиынтығы басқару жүйесін құрайтын әдістердің көмегімен басқаруға көшеді.

3.2 Кәсіпорын қызметі тиімділігін басқару мен жоспарлау

Реформалар жағдайында кәсіпорынға ұзақ мерзімді стратегия – бизнес жоспарды жасақтауға негізделген қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесі талап етіледі.
Бизнес-жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақ мерзімді келешекке айналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет.

3.3 Кәсіпорынның өтімділігімен төлем қабілеттілігін талдау

Жаппай төлем қабілетсіздік және көптеген кәсіпорындарға банкроттық процедуралар қолдану жағдайларында қаржылық-экономикалық жағдай объективтік және дәл бағалаудың бірінші дәрежедегі мәні болады. Мұндай бағалаудың негізгі критерийі төлем қабілеттілік көрсеткіштері мен кәсіпорынның өтімділігі дәрежесі болып табылады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ақша сипатындағы сауда, несиелік және басқада операциялардан келіп шығатын төлем міндеттемелерін өз уақытында және толықтай орындау мүмкіндігімен анықталады. Төлем қабілеттілік коммерцияның мәмілелердің нысандар мен шарттарына, соның ішінде несиені алу әсер етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Шаруашылық субъектінің қызметінің қаржылық-экономикалық жағдайын талдау» тақырыбына жазылған диплом жұмысымды қорытындылай отырып, келесі түрдегі тұжырымды жасадым.
Мемлекеттік реттеумен толықтырылатын, әлеуметтік бағдарланған шаруашылықты білдіретін нарықтық экономикаға өту тек экономиканы мемлекет иелігінен алуды, кәсіпорындарды жекешелендіруді, бағаны ырықсыздандыруды білдіріп қоймайды, сонымен бірге қаржылық қатынастардың барабар жүйесін құруды білдіреді.
Кәсіпорын қаржысы барлық қаржы жүйесінің бастапқы негізі болып табылады және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты, ұлттық байлықты өндіру бөлу және пайдалану бойынша, табыстарды, ақша жинақтарын және қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.