Басқару шешімдерін қабылдау
Жоспар
1. Өндіріс зиянсыздығын талдау 3
2. «Релевантты» ақпарат түсінігі 8
3. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау 10
4. Ұзақ мерзімді басқару шешімдерін қабылдау 13
Әдебиеттер 16
1. Өндіріс зиянсыздығын талдау
Басқару есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін кэсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылығына аса қажетті ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.
Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.
2. «Релевантты» ақпарат түсінігі
Шығындарды тұрактыға және өзгермеліге бөлгенде мынаны есте ұстау қажет: оларды осылайша жіктеу тек белгілі бір шекте ғана болады, немесе былайша айтқанда, түсім мен шығынның арасындағьі ерекше катынас сақталатын тұрақты шығын осы саладағы және осы уақыттағы релеванттыққа тұрақты қатынаста болатын релеванттық саласында ғана жүзеге асырылмақ.
Өндіріс процесі бәрінен бүрын тұрақты және өзгермелі шығындардан тұратын аралас шығындармен сипатталады. Мысалы, көліктік қызмет көрсету, яғни жүк тасымалдаудың шығынын анықтауда тұрақты (көліктік құрал-жабдықтың амортизациясы немесе оларды пайдаланғаны үшін жалдаудың ақысы) және өзгермелі (бензин, машина майы, доңғалақ (шина), жөндеу шығындары) шығындарды ескеру қажет. Тұрақты шығын жүріп өткен жолға тұрақты болады, ал өзгермелі шығын рейс (сапар) санына үйлесімді.
3. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау
"Шығын - көлем - пайда" талдауы - бұл негізінде шығынның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; баскарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез-кұлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге. қысқа мерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін,осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Залалсыздықты талдаудағы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) -өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.
4. Ұзақ мерзімді басқару шешімдерін қабылдау
Мынаны есте ұстау керек "тұрақты" және "өзгермелі'" ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтык шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұракты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз калады.
Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады: