Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 72 стр.
Год: 2013
Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ 9
1.2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ 16
1.3 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ СИПАТЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 32
1.4 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 36
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 46
2.1 СИНТАКСИСТІ ҚАТЫСЫМДЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ 46
2.2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 53
2.3 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
2.4 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ 57
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
ҚОСЫМША А 68
ҚОСЫМША Ә 69
ҚОСЫМША Б 72
КІРІСПЕ
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі – әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады [5.21].
Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді [5.156].
1.2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымына танымдық қызығушылық, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттер кіреді. Зерттеу жұмысымызда танымдық белсенділікке кеңінен сипаттама берілді. Нақты оқу-танымдық әрекет туралы айтар болсақ, баланың әрекеті предметтік, яғни заттық сипатта қандай да бір теориялық білім негізінде ғана толыққанды болады.
1.3 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ СИПАТЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Дамыта оқыту – шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын негіз етіп алатын үдеріс деп қарастыра келе, дамыта оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланды.
Дамыта оқыту жүйесі көздеген мақсаттарға жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді, сонымен қатар баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсіп, білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
1.4 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді. Тілден жүйелі білім беру оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсі – қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы, өзекті ісі болып отыр. Қазір қазақ тілі пәні тереңдетіліп оқытылады.
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 СИНТАКСИСТІ ҚАТЫСЫМДЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ
Әрбір елдің болашағы білім беру жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуына және пәнді меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсынуға байланысты. Қазіргі таңда жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары мамандарға сұраныс күшейді. Сондықтан қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі мақсатты көздей отырып жүйеленді: синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста меңгертуді, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауды, оның синтаксисті оқытуда алатын орнын зерделеуді, оны сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруды мақсат етсе, танымдық тұрғыдан оқыту синтаксисті танымдық әрекет пен танымдық іскерлік арқылы меңгертуді көздеді.
2.2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсатына сай дәстүрлі дидактикалық ұстанымдар: оқытудың өмірмен байланыстылығы ұстанымы, оқу матералының ғылымилық ұстанымы, оқушылардың танымдық мотивациясын қалыптастыру ұстанымы, оқушының саналылықпен, белсенділікпен білім алу ұстанымы, оқушының жас, дара ерекшелігін ескеру ұстанымы, түрлі әдістер мен тәсілдердің, көрнекілік пен оқыту құралдарының үйлесімді қолдану ұстанымы, білімнің беріктілігі ұстанымы, оқытудың оқушыны тәрбиелеу ұстанымдары алынды.
2.3 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылардың эмпирикалық және теориялық білім мазмұнын лингводидактикалық тұрғыдан іріктеуде біз М.Балақаевтың, Р.Әміровтің, Ә.Аблақовтың, С.Исаевтың еңбектерін талдаудан өткіздік.Сөз тіркесін қазақ тіл білімінде алғаш жүйелі түрде зерттеп, қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің синтаксисі деген саланы қалыптастырған – профессор М.Балақаев.[56.112] Ол сөз тіркесін жасау белгілерін атап көрсетті. Сөз тіркесінің ол көрсеткен белгілері теориялық деңгейде білім алу үшін қажетті эмпирикалық деңгейдің ғана мазмұны болып табылады.
2.4 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Зерттеу жұмысы 2012-2013 жылдар арасында жүргізіліп, үш кезеңнен тұрды: Эксперимент жұмысы анықтау, қалыптастыру, қорыту кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Алдымен бастауыш сынып оқушыларының синтаксисті дамыта оқытуға арналған тәжірибелік-экспериментке материалдар дайындалып, белгіленген тірек мектепте ұйымдастырылып, эксперимент және бақылау сыныптары белгіленді. Сонымен қатар, қазақ тілін оқытуға арналған бастауыш мектеп бағдарламасының мазмұны мен құрылымы және синтаксисті дамыта оқытуға арналған бағдарлама талданды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіндегі қазақ тілі – қазақ халқының барлық тарихы мен мәдениетін кумулятивтік қазынасында сақтап келген, болашағына аманат етіп тапсыратын барлық ақпаратты бойына жинап алған теңдесі жоқ жүйелі тіл. Осындай мұраны оқып-игеріп, өзінің өмірінде тірек етіп, оны келер болашаққа алып бару міндеті – қазіргі мектепте отырған, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына жүктеліп отырғаны белгілі. Қазіргі бастауыш сынып оқушылары – осыдан 6-7 жыл бұрынғы бастауыш оқушыларынан мүлде өзгеше. Оған дәлел – Қазақстан Республикасының рәміздері, ұлттық мерекелер, тарихи аталып өтілетін даталар – қазіргі бастауыш мектепте отырған балалардың санасында берік орныққан құбылыстар.