Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Көркем шығармадағы қазақ әйелі сипатының берілу тәсілі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Әйелдер образының сомдалу ерекшелігі 7
1.1 Әлемдік әдебиеттегі әйел бейнесінің суреттелуі 7
1.2 Көркем шығармадағы «Қазақ әйелі» ұғымының психофизиологиялық негізі 10
1.3 «Қазақ әйелі» ұғымын әлеуметтік лингвистика тұрғысынан сипаттау 14
1.4 «Қазақ әйелі» ұғымына қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды мәні 22
2 Тілдік бейнедегі «Қазақ әйелі» ұғымы 32
2.1 Қазақ дүниетанымына сәйкес «әйел» ұғымы 32
2.2 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» ұғымының берілуі 43
2.3 Абай өлеңдеріндегі «қазақ әйелінің» көрінісі 48
2.4 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» ұғымының лингвомәдени сипаты 52
2.5 О. Бөкей және Ф.Оңғарсынова, Ш. Бейсенова прозасындағы әйел-Ана бейнесі 57
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Зерттеу жұмысының өзектілігі – көркем шығармадағы қазақ әйелі сипатының бейнесі қандай деңгейде сомдалуда, өзіне дейінгі әдебиетте қалыптасқан әйел-Ана бейнесімен ұқсастық, айырмашылығы, арқалаған жүгі, атқаратын қызметі қандай деген мәселемен ұштасады. Туған халқының өткенін, бүгінгісін жетік білетін, қазақ менталитеті бойында тұнып тұрған әйел-Ана бейнелерінің галереясын жасаған жазушылар қатарына Абайдан бастап, осы күнгі жазушылардан Оралхан Бөкей, Фариза Оңғарсынова, Шәрбану Бейсенова т.б. жатқызуға болады. Әйел-Ана бейнесін, болмысын қамтитын туындылар аталмыш жазушылар шығамаларында молынан ұшырасады. Өз қолтаңбаларында олар адам болмысы, әйел тағдыры, неке, шаңырақ, қазіргі қоғам мен заман тынысы, психологиялық келбеті, салт пен сана, ұлттық діл туралы кеңінен толғанады. Ана тақырыбының кеше де, бүгін де, ертең де дабыл қақтыруы – уақыт талабынан туған қажеттілік. Көтерген тақырып - әйел тағдыры, әйел табиғаты болғанымен, әр жазушының тарихтың талқысына түскен әйел-Аналар жүріп өткен жолды суреттеулеріндегі өзіндік шеберліктерін, өмір сүріп отырған дәуірінің талғамын, ұстанымын, идеясын, қаламгерлік қарымын тану.

1 Әйелдер образының сомдалу ерекшелігі

1.1 Әлемдік әдебиеттегі әйел бейнесінің суреттелуі
Әйел-Ана бейнесі қай халықтың әдебиетінде болмасын өзекті, өз заманының келелі мәселесін көтерген негізгі тақырып болды. Әдебиеттану ғылымында әйел бейнесін зерттеу мәселесі ешқашан назардан тыс қалған емес. Әлем және орыс әдебиетінің де танымал өкілдерінің әйел бейнесі туралы жазылған шығармалары мен олардың әйел-Ана бейнесін сомдауда қалыптастырған дәстүрлері туралы ғылыми ой-тұжырымдары жүйеленді. Сан ғасырлық әдебиетімізде әйел-Ананың жан дүниесі, сырлы әлемі, нәзіктігі, сұлулығы, даналығы, ерлігі, адамгершілік сапалары ерекше тақырып ретінде қалыптасты. Қаламның «Наполеоны» болам деп жүзге тарта роман жазған француз жазушысы О но ре де Бальзак буржуазиялық қоғамдағы ардың да, ұяттың да, керек десеңіз махаббат пен адамгершіліктің де долларға, байлыққа сатылып, адамның азып тұрған дәуіріндегі әйелдер бейнесіне ерекше көңіл бөлді. Оның «Горно әкей» романындағы барлық тіршілігін, өмірін екі қызына арнап, соңында сорлы өмір кешкен Горноның қайғы-мұңы қыздары арқылы суреттеледі. Мейірімді, еңбекқор әке өмірінің соңында қыздарын бір көре алмай арманмен көз жұмады.

1.2 Көркем шығармадағы «Қазақ әйелі» ұғымының психофизиологиялық негізі
Қазақ әйелінің рухани дүниесінің, төл мәдениетінің тілде қай деңгейде көрініс тапқанын айқындайтын, ол туралы ұлттық деректерді келешек ұрпаққа жеткізуші лингвомәдениеттану ғылымы психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланысты. Атап айтқанда, «қазақ әйелі» ұғымының кілтін ашуда әйел табиғатын, тілін оның психофизиологиялық жақтарымен қарастыру тиімді болмақ. Әрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тіл білімінде кенжелеу қалып жатыр. Ал жалпы тіл білімінде (орыс тіл білімінде) ол біршама қалыптасып қалған.

1.3 «Қазақ әйелі» ұғымын әлеуметтік лингвистика тұрғысынан сипаттау
Қазіргі таңда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік бірліктерді қолдану айырмасын т.б. зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың «қазақ әйелі» ұғымын сипаттауда рөлі ерекше. Осы мәселелерге бағытталған лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. Ғалым A.Чекалинаның көрсетуінше, «гендер – әлеуметтік психологиялық мағынадағы жыныс, әйелдер мен еркектердің әлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын арнайы мәдени және мінез‐құлықтық сипаттардың жиынтығы. Гендер аясында әйел және еркек жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән, әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінез‐құлық қалыпты, күдікті немесе нормадан ауытқушылық саналады, сондай‐ақ жыныс әлеуметтік жағдайға, жеке тұлға мәртебесіне қалай әсер етеді деген тәрізді мәселелер қарастырылады»[9, 30 c.].

1.4 «Қазақ әйелі» ұғымына қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды мәні
Кез келген нәрсенің асылы мен жасығын асқан талғампаздықпен айыра білген халқымыздың қыздары мен әйелдерін асыл тассыз, алтын-әшекейсіз елестету мүмкін емес тәрізді. Күн көрісін негізінен төрт түлік малдан айырған ата- бабаларымыз үшін зергерлік кәсіп те бөтен болмаған. Қазақ шеберлерінің қасиетті өнердің бұл түрімен өте ерте кезден айналысқанын осы күнге дейінгі түрлі археологиялық экспедициялардың деректері де дәлелдейді. Түп аталарымыз мекендеген көне қалашықтар мен тарихи орындардан табылған қолөнер бұйымдарымен қоса кәсіби шеберліктің шынайы үлгісі ретінде бағаланатын алтын, күмісті, неше алуан асыл тасты әшекей заттардың көптеп табылуы осыларды айғақтайды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Қараүңгір тұрағын зерттеген археологтар оны б.д.д. 5 мың жыл бұрын мекендеген неолит адамдарының тас пен сүйектен жасалған қаруларын, еңбек және іс құралдарымен бірге олар тұтынған әшекей заттарды тапқан. Сүйектен жасалған инелер, ілгектер, басқа да іс құралдарына қарап әйелдердің тері өңдеп, жүннен мата тоқып, киім тігуді меңгергенін, тұрмысқа қажетті басқа заттарды да жасай білгенін көреміз.Зергерлер асыл тастан әсемдік және әшекей бұйымдар жасаған.

2 Тілдік бейнедегі «Қазақ әйелі» ұғымы

2.1 Қазақ дүниетанымына сәйкес «әйел» ұғымы
Исламтанушылардың пайымдауынша, әйел мен еркектің тең құқықтығы мәселесі қисынсыз. Себебі, оларды өзара тең санау алма мен алмұртты теңестірумен бірдей. Әйел мен еркек психологиялық та, физиологиялық тұрғыдан да өзгеше жаратылғандықтан, табиғаты бірбірінен ерекшелетіндіктен, бақыт пен тыныш өмірге ие болу үшін әрқайсысы өзінің табиғи жаратылысына сай салада өзін жетілдіру керек.

2.2 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» ұғымының берілуі
Жаңа ғасырда ерекше қарқын алған жаһандану үдерісінің жағымды, игі әсерлерімен қатар жағымсыз ықпалы жөніндегі пікірталас толастамай отырғаны мәлім. Әсіресе ұлттық болмысты табиғи қалпында сақтауға деген құлшыныс пен ұмтылысты бәсеңдетуде ізін қалдырмай кетпейтін аталған үдерістің кейбір кері әсерлерін кемітуге өзге құбылыстармен бірге халықтың тіліндегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерге айрықша назар аудартатын антропоөзектік бағыт қарсы тұруда. Бұған соңғы кездердегі лингвистикалық зерттеулер дәлел.

2.3 Абай өлеңдеріндегі «қазақ әйелінің» көрінісі
Зерттеуші В.А. Маслова концептілерді жеке тұлғалық концептілер, адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер, жалпыұлттық концептілер деп бөлсе, Р. М. Фрумкина тілдік жүйедегі концептілерді әмбебап концептілер және ұлттық-мәдени мәнге ие концептілер деп ажыратады [20, c. 41].
Осыған орай Абай өлеңдеріндегі «қазақ әйелі» концептісінің тілдік көрінісінің кейбір қырларын сипаттауға тырыстық.

2.4 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» ұғымының лингвомәдени сипаты
Көркем сөз шебері Ғ. Мүсіреповтің шығармаларында қазақ әйелінің сыртқы сыр-сымбаты мен ішкі рухани әлемінің сан қатпарлы, мол иірімді ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени белгілерін танытатын, жоғарыда аталған коннотацияларға дәлел бола алатын айрықша лингвомәдени бірліктер жиі кездеседі. Біздіңше, оларды шартты түрде мынадай когнитивтік модельдер арқылы көрсетуге болады:

2.5 О. Бөкей және Ф.Оңғарсынова, Ш. Бейсенова прозасындағы әйел-Ана бейнесі
О. Бөкей шығармашылығында да талайды табындырған, шиеленіске толы прозалық шығармаларындағы негізгі тақырыптардың бірі - әйел-Ана бейнесі. Қаламгер әйел тағдырын өз басынан кешіргендей жанымен түсініп, кең жүрегімен толғана отырып жазады. О.Бөкей шығармаларын оқи отырып, қаламгер сомдаған әйел-Ана бейнесін екі топқа бөлуге болады: бірі - жер бетіндегі бар тіршіліктің бастау көзі, қамқоршысы мен ұйтқысы, киелі Аналарды жазушының «Апамның астауы», «Айпара-ана», «Жесірлер», «Бәрі де майдан», «Атау-кере» сынды шығармаларынан кездестірсек, екіншісі - жер бетіндегі тазалықтың, сұлулықтың, махаббатқа адалдықтың символы әйел-Ана-арулар бейнесімен «Өз отыңды өшірме» романында танысамыз.

ҚОРЫТЫНДЫ
Әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол – мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан оны құрылымдық лингвистика деңгейінде зерттесек, үлкен нәтиже ала алмаймыз.