Қазақ әдебиеті тарихындағы Абай ілімінің зерттеулердің қалыптасуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Абай өмірі мен шығармашылығы жөнінідегі Мұхтар Әуезов және басқа әдебиетшілірдің зерттеулері 7
1.1 Ақын өмірі мен шығармашылығы 7
1.2 Абай - өз заманының жаршысы 9
1.3 Абай мұрасындағы эстетикалық тағылым 12
2 Мұхтар Әуезов – Абайтану ғылымының негізін қалаушы 19
2.1 М. Әуезовтың Абай шығармаларының әр саласын зерттеудегі ролі 19
2.2 Орта Азия әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов 24
3 М. Әуезов пен А. Құнанбаев шығармаларындағы ақындық дүниетаным 39
3.1 М. Әуезовтың Абайдың әдеби бейнесін сомдау ерекшелігі 39
3.2 Абайтану ілімінің қалыптасуы 41
3.3 Абай әдеби мұрасына қатысты М. Әуезовтың ғылыми тұжырымдары 44
3.4 Абай және қазақ аудармасы 52
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
КІРІСПЕ
Қазақтың бас ақыны Абай мұраларын зерттеудегі, сондай-ақ әдебиетіндегі абайтану ілімінің қалыптасуындағы заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың еңбегі орасан зор. Аталмыш тақырыпты диплом жұмысымда Абай тақырыбын зерттеген ғалымдардың еңбектері де зерттелді. Көптеген ғалымдардың Абай шығармашылығы жөнінде жазылған еңбектері бар. Бірақ осы жұмысты жүргізе отырып, Абай шығармашылығын Әуезовше терең де салмақты зерттеген ғалым жоқ екен. Сондықтан мен өз зерттеуімде ұлы ақынның шығармашылығы турасында басқа да ғалымдардың еңбектерін қарастыра отырып, М.Әуезовтың ерекше еңбегін даралауға тырыстым. Соңдықтан да Абай шығармашылығын зерттеудегі Мұхтар Әуезов еңбектерін зерттеу кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы.
1 Абай өмірі мен шығармашылығы жөнінідегі Мұхтар Әуезов және басқа әдебиетшілірдің зерттеулері
1.1 Ақын өмірі мен шығармашылығы
Қайсы әдебиетті алсақ та ішінде буырқанып жатқан елеулі кезенді өзгерістер, негізінен, қоғамның саяси – әлеуметтік болмысымен тікелей астасып жатқан рухани құбылыстар. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ әдебиеті тарихында айтарлықтай орын алып, оның даму үстінде келе жатқан өзекті саласы – абайтану пайда болуы, қалыптасу, даму жолына назар аударсақ та өткен ерекшеліктерді көреміз.
1.2 Абай - өз заманының жаршысы
Айбайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын айта аламыз. Ахмет Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», деп Абайды аса жоғара бағалаған.
1.3 Абай мұрасындағы эстетикалық тағылым
Абайдың ақындық әлемі дегеніміз мағыналық ауқымы өте кең ұғым. Абай Құнанбаев поэзиясы – өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерің қозғанған, талғаған поэзия. Оның өлеңдерінде, қара сөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай Құнанбаев шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік жаңа ой – пікір, көркем сезім әлемін ашқаны дауссыз. Абайдың ақандық әлемі деп осыны айтамыз.
2 Мұхтар Әуезов – Абайтану ғылымының негізін қалаушы
2.1 М. Әуезовтың Абай шығармаларының әр саласын зерттеудегі ролі
Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданы) туған. Оның атасы Әуез де, әкесі Омархан да арбша оқыған сауатты да ауқатты адамдар екен, Мұхтарды жасынан ауыл мектебіне беріп оқытады. Болашақ жазушының жасынан көзі ашылып орыс, қазақ мәденитеіне бірей ықылас қоюына көбіне – көп атасы Әуез айрықша еңбек сіңірген. Әуез Абаймен құрбы, дос екен. Әкесімен он бір жасында, шешесінен он алты жасында қалған Мұхтар ата т әрбиесінде өсіп, ата нұсқаумен бала күнінен бастап Абай Құнанбаев өлеңдерін, Абай Құнанбаев аудармаларын оқитын болған.
2.2 Орта Азия әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов
Бүгінгі танда дарқан дарын, ғұлама ғалым, тарлан суреткерлер арасындағы досық қарым – қатынастар мен шығармашылық байланыстардың алуан сырларын жан – жақты аша түсіп, олардың бір – біріне тигізген игі ықпалдары мен өзара әсерлеріне көңіл аудара отырып, күн өткен сайын кемелдене, дами түскен мәдени, әдеби байланыстардың негізгі ерекшеліктері мен оның мәнін ашу – әдебиеттану ылымының алдында тұрған келелі де, соны мәселелердің бірі. Өйткені белгілі суреткер Г. Марков: «... әдебиеттердің өзара әсері мен бірін – бірі байытуы, әрқашанда келелі әңгімені керек етеді» деген болатын. Міне, солай екен, туысқан халықтар әдебиеттерінің бір – бірінің дамуына тигізген игі әсерлері мен ықпалдарына ой көзін тігіп барлай назар аударғанда, онда қалмагерлердегі бір – бірінде болған тікелей еліктеуден іздемей, әрбір суреткердің өмірге көзқарасынан, жазушылық позициясы мен концепциясынан, асқар арман, ізгі мұраттарынан іздеу керек.
3 М. Әуезов пен А. Құнанбаев шығармаларындағы ақындық дүниетаным
3.1 М. Әуезовтың Абайдың әдеби бейнесін сомдау ерекшелігі
Абай заманы, ол ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез – қазақ халықының тарихындағы ең бір күрделі, талас – тартысты, қайшылығы мол дәуір болатын. Абай қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүдессі үшін, адалдық, адамгершілік үшін күресуге ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. Елдің өнімсіз қылықтарымен көбірек әуес болатының себебі білімсіздіктің, ескі ұғым түсініктерден арыла алмай келе жатқандығынан деп біледі.
3.2 Абайтану ілімінің қалыптасуы
Абайтанудың арғы бастауы бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. Ахмет Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», - деп Абайды аса жоғары бағалады.
3.3 Абай әдеби мұрасына қатысты М. Әуезовтың ғылыми тұжырымдары
Абайдың өзі отыз сегізінші сөзінде айтқанындай, адамның өсіп – жетілуіне сыртқы әне ішкі болып бөлінетін екі түрлі себептің әсері болады. Сыртқы сбептер екеу:
Біріншісі – ата – тегінің әсері;
Екіншісі – қоршаған жан дүниесінің, яғни тәрбиесінің әсері.
Ал ішкі себепке адамның дан дүниесінің әсері жатады. Алдымен Абайдың өсіп жетілуіне әсер еткен сыртқы себептерді қарастырайық. Оның бірінішісі – ата – тегінің әсері. Абай тәрізді адамдардың ұлылығы кездейсоқ нәрсе емес, заңдалық екеніне көз жеткізу өте маңызды мәселе. Енді осы тұрғыдан Абайдың ата – тегіне көз жіберелік.
3.4 Абай және қазақ аудармасы
Ойсыз әлем болмайтын секілді, идеясыз ұлт болмайды. Ғұмырлық идеясыз халық жел қуған қаңбақ сынды. Ұлттық идеяны іздеу халықтың өзін - өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге , тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәттерінде өзіне өзі есеп беріп, төрт құбыласын түгендейді, өткен ғасырлардан сыр тыңдайды, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Ұлттық идея, оның ішінде, ұлттық жетілу мұраты патриотизммен тығыз байланысты. Ал патриотизм неден басталады? Өзіміз тірішілік етіп отырған ландшафтағы, мәдени кеңестігіміздегі біртуар дүниелер, қасиеттер мен дара тұлғаларды сүю, қасиетті санау мен уағыздаудан басталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы дипломдық жұмысыма арқау еткен Мұхтар Әуезов қайталанбас ұлы бұл күнде көркем әдебиет пен өнерде және ғылым саласында танып білу мәселесі тармақтанып, кең тұрғыдан зерттеу нысанасына алу процесі де көптен бері жүргізіліп келеді. Мәселе өнер мен ғылым саласындағы зерттеу жұмыстарының нақтылы әрі бір жүйеге түсіріліп, тереңдеуімен ғана мұхтартануға елеулі үлес қоса алатынымызды сезінуге жатады.