Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 77 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Ауыл шаруашылығы нарығы және оның нарық экономикадағы даму сатысы


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің теориялық әдістері 9
1.1 Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны мен маңыздылығы 9
1.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі 12
1.3 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің қазіргі жағдайы 19
2 Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде 30
2.1 Республикадағы агроөнеркәсіп кешені және экономикалық мәні 30
2.2 Аграрлық сектордағы реттеу 32
2.3 Нарықтағы ауыл шаруашылық кешенін жекешелендіру 35
3 Мемлекеттің аграрлық саясаты 44
3.1 Ауылшаруашылық өнімінің нарықтық жағдайдағы қалыптасуы 44
3.2 Қостанай облысының ауылшарушылық нарығы 54
3.3 Қостанай облысы бойынша агроөнеркәсіп комплексін жетілдірудің жоспары 60
Қорытынды 69
Пайдаланылған әдебиеттер 68
Қосымша А 75
Қосымша Ә 77

Кіріспе
Аграрлық деген ұғым латын сөзі («agraria» - жер деген мағынаны білдіреді). Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік – экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз.
Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда, көбінесе бұлар экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс - әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін арттырудағы өнеркәсіп рөлінің өсуімен анықталады. Сондай – ақ жерді игеру және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты.
Бұкіл халықтық референдумда 1995-ші жылы 30-шы тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай – ақ Заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» (6 бап, 3-ші пункт).

1 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің теориялық әдістері
1.1 Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны мен маңыздылығы
Кез келген елдің экономикалық жағдайы көбіне оның өнеркәсіп саласының даму деңгейіне байланысты. Өндіріс жағдайымен даму динамикасы халықтың қажеттелігін қанағаттандыра алатын экономикалық тәуелсіздіктің нығаюы, ұлттық қауіпсіздік, әлемдік экономикалық тең құқылы және өзара тиімді шарттарда интеграциялау шараларындағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді нәтижелі орындау мүмкіндігінің кепілі бола алады.
Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптік кешеннің мәні мен ролі келесі факторлармен анықталады.

1.2 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі
Мемлекеттің өнеркәсіпті дамыту мақсатындағы қатысуының өзіндік себептері бар. Әуелі ұлттық мақсат пен мүддеге қызмет ететін өнеркәсіпті дамытуды қамтамасыз ету, экспорттың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін, жұмысбастылықты, табиғи ресурстарды қорғауды, қоршаған ортаны бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекеттің мүддесіне мыналар кіреді:

1.3 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің қазіргі жағдайы
Кеңес одағының ыдырауымен сәйкесінше келген ауыр өнеркәсіптің өніміне сұраныстың күрт төмендеп кетуі 1991 жылы экономикалық дағдарысқа әкелді, ол 1994 жылға дейін жалғасып, 1998 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі мен Ресейдегі тамыз қаржы дағдарысының салдарынан ел экономикасы тағы бір құлдырау қиыншылығын бастан өткізді. Осыдан кейін 2000-2001 жылы мұнай бағасының өсуімен, 1999 жылғы девальвациясы мен берекелі егістіктің арқасында бірқатар дүмпу байқалды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі өнеркәсіптік жағдайының құлдырауы мен оның негізгі себептеріне сипаттама берсек.

2 Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
2.1 Республикадағы агроөнеркәсіп кешені және экономикалық мәні
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негзгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары.
Осынау саяси-моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді», - деп атап көрсетті. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық саладатерең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сқзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көшу тактикасындағы орын алған кателіктерді атап өту керек.

2.2 Аграрлық сектордағы реттеу
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін тұрақты қаржы-ненсие жүйесі әлі құралмаған. Банк пайызының жоғарға мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі – бұл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы.
Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өндеуші, сатушы ұйымдардың және өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілер мен форвардты, фъючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыру қажет. Сонда тауар өндірушілер алдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар – бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар – белгілі бір көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату – бұл пайызсыз несие алумен қатар ауыл шаруашылық бағалы қағаздар қарығын құруға, тұрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфляциялық процестердің төмендеуіне мүмкіндік береді.


2.3 Нарықтағы ауыл шаруашылық кешенін жекешелендіру
Экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тарихи және қазіргі тәжірибесі көрсеткеніндей қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде аграрлық реформаның бағыты, дұрыстығы мен жүйелілігі үлкен рөл атқарады. Қазақстанда аграрлық саясатты жүргізу барысында осы дұрыс бағыт пен жүйелілікті қамтамасыз етуге керекті көңіл бөлінбеді де, соның салдарынан басқарудың, жоспарлаудың әкімшілік әдістерінен бірден бас тарту орын алып, жедел жекешелендіру жергілікті жағдайды ескерусіз жүргізілді. Түптеп келгенде бұл өндірістің құлдырауына, инфляцияның өсуіне, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты.

3 Мемлекеттің аграрлық саясаты
3.1 Ауылшаруашылық өнімінің нарықтық жағдайдағы қалыптасуы
Аграрлық нарықтағы бәсекеге қабілетті маңызды мақсатты қалыптастыруда экономиканы ұйымдастырудағы нарықтық кезеңді қалыптастырудың ауысымдық кезеңінің маңызы зор. Үкіметтің келесі кезеңдік алға қойған мақсаты – аграрлық өндірістік процесті қалпына келтіру.
Аграрлық нарықтағы ауылшаруашылық өнімді қамтамасыз ету, сатылымдық тауарды, өнім өндірісін, мемлекетпен қарым-қатынасын ішкі республикада агроөндірістік комплектік қызмет пен ғылыми техникалық тұрғыда қамтамасыз ету.

3.2 Қостанай облысының ауылшарушылық нарығы
Ауыл шаруашылығы облыстың экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының анықтаушы факторы болуын жалғастыруда.
Соңғы жылдар бойы сала терең реформалауға ұшырады, және қазіргі уақытта облыста сегіз мыңға жуық агро қалыптасулар жасалған. Даму үстіндегі нарықтық экономиканың тең жаңдайында белгілі нәтижелерге қол жеткізетін өндіріс көлемі әртүрлі шаруашылықтар қалыптасты. Қостанай облысы 18 млн гектар, соның ішінде 5,5 млн га – жыртылатын жер, 12,2 млн. – жайылым болатын ауылшаруашылық ие.
Меншік түрі бойынша мемлекеттік кәсіпорындар жалпы ауыл шаруашыл
-ық қалыптасуларының 0,3%, мемлекеттік еместер 99,7% алады.

3.3 Қостанай облысы бойынша агроөнеркәсіп комплексін жетілдірудің жоспары
1. Өнеркәсіп комплексін жетілдіру.
Қостанай облысының өнеркәсіп потенциалын эффективті пайдалану және дамыту үшін ыңғайлы әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларын құру, ол облыстың тауар өндірушілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін ішкі және сыртқы нарықта көтеруді қамтамасыз етеді, сондай ақ осының негізінде өмір деңгейін және тұрғындардың жұмысбастылығын көтереді.
Облыстың өнеркәсіп саясатының негізгі мақсаты кәсіпорындарға бәсекелестікке қабілеттілікті дамытуды ұйымдастыру. Бәсекелестікке қабілеттілікті ұйымдастыру өндірісті жетілдіру процесстеріне ерекше талаптар қояды, инновацияларды енгізу, өнімді стандарттау және сапа, специалистов и менеджерлер және мамандардың квалификациясын арттыру, жұмысшы мамандардың кәсіптік–квалификациялық, еңбек сапасын, өнеркәсіп өнімдеріне сұраныс, ол еңбекақыны көтеру есебінен қамтамасыз етіледі, ұйымдарды қаржымен қамтамасыз ету, отандық өндіріске белгілі имидж құру, оның өнімдерін нарықта итермелеу.

Қорытынды
Қазір тұрғындардың азық-түлікке қол жетімділігі алаңдатады. Өйткені,азық-түлік өнімдерінің күрт өсуі оны тұтынудың мөлшерін азайтуда. Ал біздегі тірлік қалай? Біз қауіпсіздік деген бұл бидай екен,нан екен деп,астықтық айналасынан шыға алмай жүруіміз. Оған дәлел ауыл шаруашылығы министірлігінің өткен жылғы азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасының мағынасы 517 мың тонна астықты мемлекеттік қорға дайындап алу ғана.
Азық-түлік қауіпсіздігі бұл тек нан өнімдерімен қамтамасыз ету емес. Оған ет және ет өнімдері,балық,сүт,жұмыртқа,жеміс,көкіністер,картоп, қант сондай –ақ,кондитерлік өнімдер кіреді.