Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Баяндама

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Баланс – кәсіпорынның қаржылық есептемесінің негізгі

Жоспар
Кіріспе 3
1 Бухгалтерлік баланстың мәні мен ерекшеліктері 4
2 Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны 6
3 Ағымдағы активтер 8
4 Меншікті капитал мен резервтер 9
5 Ұзақ мерзімді міндеттемелер 10
6 Ағымдағы міндеттемелер 11
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады.

1 Бухгалтерлік баланстың мәні мен ерекшеліктері
Баланс сөзі француз тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

2 Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны
Өзінің жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлік баланс әртүрі болып келеді. Кәсіпорын жаңадан құрылып, өз жұмысын жүргізген кезде жасалатын бухгалтерлік баланс – кіріспе баланс деп аталады. Бұл баланста мекеменің қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Мекеменің өз қызметі барысында белгіленген уақытта, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басында есеп беретін кезде құрастырылған балансы – ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептелінеді. Ал мекеменің өз қызметін тоқтатар кезде немесе таратылған уақытта жасалған балансы – жойылу балансы деп аталады. Бұл баланста мекеменің өз қызметі барысында жасалған барлық операциялары тіркеліп, барлық мүлкі есептеледі.

3 Ағымдағы активтер
Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).
Алдағы кезең шығындары – есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.
Ақша қаражаттары – пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.

4 Меншікті капитал мен резервтер
Баланстың пассивінің меншікті капитал бірінші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі. Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен құралған жарғылық қор. Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.

5 Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:

6 Ағымдағы міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелардің бөлігі қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиіс:

Қорытынды
Сонымен қорытындылай келсем, жалпы «баланс» сөзі француз тілінен алынған және тура мағынасы «тепе-теңдік» немесе «теңдестік» болып табылады. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. С.Б.Баймұханова. «Қаржылық есеп». - Алматы, 2007 жыл.
2. С.Б.Баймұханова. Бухгалтерлік есеп. - Алматы, 2005 жыл.