Бәсеке және монополия
Жоспар
Кіріспе 3
1 Бәсеке және монополия 4
1.1 Бәсеке және монополия 4
1.2 Бәсеке - нарықтық механизмің басты элементі 5
1.3 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері 9
1.4 Монополиялық бәсеке жағдайында баға белгілеу принциптері 10
1.5 Монополиялық бәсекенің ең басты қаруы - жарнама 11
Қорытынды 16
Әдебиеттер 17
Кіріспе
Нарықтың монополиялық бәсеке құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі. Монополия бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті. Монополиялық бәсеке нарығы – көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. өнімдерді бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсету бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы, аяқ киім, тағам өнімдері, жанармай және бөлшек сауда жасау өте жақын.
1 Бәсеке және монополия
Бәсеке - нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену және шығу шектелмеген.Әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.
Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңды және табиғи тосқауылдар әсер етеді.
Бәсекенің түрлері:
1.2 Бәсеке - нарықтық механизмің басты элементі
Нарықтық қатынастардың мән - мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке (латын сөзі конкурро – түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайында өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал тұтынушылар арасындағы бәсекені – нарықтық бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсеке нарық субьектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарасын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өктем жүргізеді. Нарық субьектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.
1.3 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда, көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген ірі айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
1.4 Монополиялық бәсеке жағдайында баға белгілеу принциптері
Монополиялық бәсеке нарығында тауарларды бір-бірімен жеңіл алмастыруға болатындықтан, жеке фирманың өніміне деген сұраныс өз өнімінің бағасына тәуелді емес, сонымен қатар осы фирмамен бәсекелес фирмалардың тауарларының бағасына да тәуелді болады. Монополиялық бәсеке нарығында екі фирма (А және В) бар деп жорамалдайық. Олардың өнімдеріне деген сұраныс төмендегідей өрнектелген:
1.5 Монополиялық бәсекенің ең басты қаруы - жарнама
Жарнама - қаржылау көзі анық көрсетілген төлемді ақпарат құралдары арқылы орындалатын коммуникацияның дербес телінбеген формасы.
Жарнамаға ақша шығаратындардың арасындағы коммерциялық фирмалармен қатар, өз мақсаттарын әртүрлі нысаналы аудиториялар алдында жарнамалауға тырысатын мұражайлар, қорлар және әртүрлі қоғамдық мекемелер де болады. Айтпақшы, ірі жарнама берушілер қатарында 24- орында коммерциямен айналыспайтын мекеме -АҚШ үкіметі.
Қорытынды
Бұл курстық жұмыс нарықтық монополиялық бәсеке моделіне арналады. Нарықтық осы құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі.
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тең кейбір қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті.
Бұл жұмысты қорыта келіп, монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап, болжауға болады.
Қазіргі жетілмеген бағалық емес бәсеке жағдайында өндірттің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.