Лингвистикалық типологияның негізгі бөлімдері
Жоспар
1 Лингвистикалық типологияның негізгі бөлімдері 3
1.1 «Тілдер типологиясы» терминінің мазмұны 3
1.2 Тілдер типологиясының бөлімдері 5
1.1.1 Зерттеу объектісі бойынша лингвистикалық типологияның бөлімдері 8
1.1.1.1 Генетикалық типология 9
1.1.1.2 Құрылымдық типология 11
1.1.1.3 Ареалды типология 12
1.1.1.4 Салыстырмалы типология 13
1.1.2 Тіл иерархиясы деңгейлеріне қатысы бойынша лингвистикалық типология бөлімдері 15
1.1.1.1 Фонологиялық типология 16
1.1.1.2 Фонетикалық типология 17
1.1.1.3 Морфологиялық типология 17
1.1.1. 4 Синтаксистік типология 18
1.1.1.5 Лексикалық типология 19
1.1.1.6 Деңгейлік типологияның шағын бөлімдері 20
1.1.3 Лингвистикалық типологияны тілдің екі межесіне қатыстылығы бойынша бөлу 20
1.1.3.1 Формалды типология 21
1.1.3.2 Семантикалық типология 21
Әдебиеттер 23
1 Лингвистикалық типологияның негізгі бөлімдері
1.1 «Тілдер типологиясы» терминінің мазмұны
Типология пәнін анықтау жөнінде түрлі пікірлер бар: тіл мамандарының біреулері типология ғылымының шеңбері мен көлемін шамадан тыс кеңейтсе, басқалары, керісінше, типологияны зерттеудің мейлінше тар саласы деп түсіндіреді.
Барынша кең тараған және мезгілі жағынан бұрын туған мәні ғылымның тұтас бөлімінің атауына – лингвистикалық типологиға немесе тілдер типологиясына қатысты. Тіл мамандарының көпшілігі тіл білімінде типологины жекелеген тұтас тілдер мен тілдер топтарының жүйелері сияқты, жекелеген деңгейлерін, шағын деңгейлері мен микрожүйелерін салыстыру немесе салғастыру жолымен зерделенетін тілдердің типтері туралы ілім ретінде түсіндіруге келіседі.
1.2 Тілдер типологиясының бөлімдері
Ғылыми әдебиетте лингвистикалық типологияның негізгі әдістері мен бөлімдерін дәл жіктеу жоқ.
Профессор В.Д. Аракиннің пікірінше, лингвистикалық типологияға төмендегі бөлімдер кіреді.
Жалпы типология генетикалық және географиялық жағынан байланыспайтын, әлемнің жекелеген тілдерінің жүйесін сипаттайтын ұқсас және айырықша белгілерінің сомасын табумен байланысты жалпы проблемаларды зерделейді.
Типологиялық зерттеулер түрлі құрылымдық тілдердің кең ауқымын тарта отырып, туыстас тілдердің шеңберінен тыс лингвистикалық қадағалаулар шығарады, сөйтіп ауқымды жалпы тілдік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Жеке типология бір тілдің немесе туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдердің шектеулі тобының типологиялық қасиеттерін зерделейді. Бастапқы сәті материалдық тұлғаның ортақтығы емес, туыстас емес тілдердегі белгілі бір бірліктердің семантикасының немесе функциясының ортақтығы (жіктеу есімдігің жүйесі, белгілі бір мысалы, қызмет функциялы жұрнақты морфемалар жүйесі).
1.1.1 Зерттеу объектісі бойынша лингвистикалық типологияның бөлімдері
Зерттеу объектісі бойынша лингвистикалық типологияға төменгі бөлімдер енеді:
1) генетикалық типология;
2) құрылымдық типология;
3) ареалды типология;
4) салыстыру типологиясы.
1.1.1.1 Генетикалық типология
Генетикалық типология салыстыратын тілдердің гентикалық ортақтылығын ескере отырып, диахрониялы, сондай-ақ синхрониялы генетикалық туыстас тілдер жүйелерін салыстырумен айналасады. Бұл жағынан генетикалық типология жеке лингвистикалық сипатқа ие.
1.1.1.2 Құрылымдық типология
Құрылымдық типология – типологиянынң негізгі құрамдас бөлігі – барлық, генетикалық немесе ареалдық шектеулерден тыс нақты тілдер фактілерін жүйелеумен және түгендеумен, ортақ тілдік әмбебаптарды табумен айналысады.
Өз операцияларын типтік нышандарды анықтаумен аяқтайды. Ол лингвистикалық типологияның генетикалық және басқа бөлімдерінің мәліметтерін пайдалана алады. Құрылымдық типологияның түпкі мақсаты – тілдердің әмбебап қасиеттерін табу.
Құрылымдық типологияның пәнін анықтайтын факторлар:
1.1.1.3 Ареалды типология
Ареалды типология белгілі бір аумақта немесе ареалды тілдік қасиеттердің таралу және жақындық тұрғысынан тілдік жүйелерді салыстырумен айналысады. Ареалды әдіс тілдердің өзінің және олардың сыртында тұрған мәдениеттердің өзара жерінің немесе оларға үшінші тілдердің ықпалының әсерінен құрылған ортақ элементтерді анықтау мақсатында туыстық дәрежесіне қарамастан тілдердің туыстуасуын қарастырады. Тілдердегі алмасқан элементтер, тілдік жалғаулықтар, қос тілділік осындай зерттеудің объектісі болып табылады.
1.1.1.4 Салыстырмалы типология
Салыстырмалы типология мазмұн жоспарының таңдап алынған ортақ бірліктің тіларалық нварианттарын тілдердің шектеулі санын (екеуден) қарастырады және әртүрлі генетикалық топтар тілдерінің типологиялық ұқсастығын анықтайды. Оның тілдердің шектеулі саны жүйесіндегі кейбір ортақтықты немесе изоморфтықты бөлуге болады. Салғастырырылатын тілдер санының шектеулігінен салыстырмалы типология лингвистикалық әмбебаптарды таба алмайды. Алайда тілдердің шектеулі саны жүйелерін зерделеу негізінде алынған нәтижелерді құрылымдық типология лингвистикалық әмбебаптарды одан әрі табу үшін пайдаланылуы мүмкін.
1.1.2 Тіл иерархиясы деңгейлеріне қатысы бойынша лингвистикалық типология бөлімдері
Лингвистикалық типология тіл иерархиясының барлық деңгейлеріне сүйенеді. Басқаша айтқанда, ол фонологиялық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік деңгейлердің бірліктерін салыстыра алады. Деңгейлік талдауға жолдар әртүрлі, алайда типологтардың көпшілігі тіл деңгейлерін шектеуді жөн санайды. Белгілі бір деңгейдің әлдебір бірліктерінің бөлінуі түрлі себептерге қатысты. Біріншіден, салыстыру сипатына, яғни құрылымдық, генетикалық және ареалды типологияға атомарлық яғни деңгейлік жол көбірек тән, ал салыстырмалы типология түрлі деңгейлік бірліктерді табумен айналысады. Екіншіден, жекелеген деңгейлер барынша оқшау қарастыруды қажет етеді. Мәселен, фонологиялық деңгейге барынша оқшаулану керек. Салыстырғанда тілдік шектеудің белгілі мағынасы бар, өйткені ондай шектеусіз әмбебапты табу мүмкін емес.
1.1.1.1 Фонологиялық типология
Басқа деңгейлермен салыстырғанда бұл деңгей барынша оқшауланған, сонымен қатар типологиялық көзкарас тұрғысынан барынша өңделген бөлім болып табылады. Фонологиялық деңгей ішінде өзіндік фонологиялық шағын деңгейлерге бөлінеді.
Фонологиялық типология тілдің фонологиялық-эмикалық деңгей бірліктерін салыстыруды білдіреді. Ол фонологиялық дифференциалды нышандарды бөлу мәселелерімен, олардың әмбебаптылығын анықтаумен, тілдердің фонологиялық құрылымын зерделеумен, фонологиялық ерекшеліктеріңің негізінде тілдерді жіктеумен (тональды және тональсыз тілдер типі), әлем тілдерінің фонемалық құралын анықтаумен және басқаларымен айналысады.
1.1.1.2 Фонетикалық типология
Фонетикалық типология тілдің фонетикалық деңгейінің бірліктерін салыстырумен айналысады. Негізінен нақты физикалық бірліктерді зерттейді. Фонетикалық типология туыстас, сол сияқты туыстас емес тілдердің бірліктерін салыстыра алады. Оның міндетіне барлық тілдердегі немесе тілдердің белгілі тобының дауысты дыбыстарының санын, таралу аймағын немесе екі нақты тілдегі бинарноны анықтау, нақты тілдердің дауыстылары мен дауыссыздарының үйреншікті айтылу қасиеттерін бөлу, тілдердің жекелеген топтарында белгілі бір айырықша дыбыстардың бар – жоғын зерттеу, тілдерді дыбыстық ерекшеліктері бойынша жіктеу, сынақтық мәліметтерді салыстыру және басқа көптеген мәселелер енеді.
1.1.1.3 Морфологиялық типология
Морфологиялық типология зерттеулерінің шеңбері өте кең. Ол морфологиялық деңгей бірліктерін салыстырады. Зерттеу сипаты бойынша морфологиялық типологияны екі типке бөлуге болады:
1) тілдерді морфологиялық жіктеумен айналысатын морфологиялық типология;
2) грамматиканың жекелеген нақты мәселелерімен айналысатын морфологиялық типология;
Біріншісі тілдік типтерді аңықтаумен айналысатын классикалық типологиялық жіктеудің жалғасы болып табылады. Ол тілдерді белгілі бір типтер бойынша жіктеудің жалпы мәселелерімен айналысады.
1.1.1. 4 Синтаксистік типология
Синтаксистік типология синтаксистік деңгей бірліктерін салыстырумен айналысады. Салыстыру үшін сөз, сөз тіркесі мен сөйлем негізгі бірліктер болып қызмет етеді. Зерттеу сипатына қарай синтаксистік типология бірнеше бөлімнен - сөз тіркесі деңгейі бірліктерін салыстырудан, сөйлем деңгейінен, сол сияқты синтаксистік функцияларын ескере отырып, түрлі деңгейлер бірліктерін салыстырудан құралуы мүмкін. Синтаксистік типология әдетте тілдерді трансформациялық синтаксис негізінде салыстырады.
1.1.1.5 Лексикалық типология
Тілдің лексикалық деңгейінің бірліктерін салыстыру лексикалық типологияның басты міндеті болып табылады. Лексикалық типология сөздердің тіларалық парадигмаларын, сөздік бірліктермен айтылатын мәннің тіларалық инварианттарды қарастырады. Кейбір тіл мамандары лексикалық және семантикалық типологияны біріктіреді. Алайда фонетика – фонологиялық, морфологиялық және синтаксистік типология сияқты оның салыстырмалы типологияның арнайы бөлімі ретінде қарастырылу мүмкіндігі бар. Лексикалық типологияның негізгі мәселелері түрлі типті жұмыстарда – сөз типологиясына, тілдерді лексикалық салғастыруға, тілдердің лексикалық-семантикалық проблемаларына, тілдердің лексикалық-синтаксистік деңгейіне, сөзжасамға, лексикографияға, лингвистикаға және басқаларына арналған арнайы еңбектерде қарастырылды.
1.1.1.6 Деңгейлік типологияның шағын бөлімдері
Көрсетілген бөлімдердің ішінде лингвистикалық типологияның кейбір басқа шағын бөлімдерін бөлуге болады.
Супрасегментті типология бір мезгілде тілдердің фонологилық, морфологиялық және синтаксистік деңгейлерімен байланысты тілдердің просодиялық бірліктерін (интонация, тон, акцент) зерделейді.
Символикалық типология сөздің дыбыстық айтылымында белгілі семантиканың болуын зерделейді. Мысалы, сөздерде мұрын арқылы айтылатын дыбыстардың ана, латынша mater, ағылшынша mother, немісше Mutter, орысша мать, тәжікше модар мәнді сөздерде болуы. Мұндай құбылыстың көптеген тілдерде болуы оның типологиялық изоморфалығын дәлелдейді. Қазір дыбыстық символизм аз зерттелген немесе белгілі бір тілдік топтармен немесе тілдік одақтармен шекшеледі.
1.1.3 Лингвистикалық типологияны тілдің екі межесіне қатыстылығы бойынша бөлу
Айтылу меже мен мазмұн межеге қарай лингвистикалық типология формалды және семантикалық типологияға бөлінуі мүмкін. Өзара тәуелді және өзара шартты болғандықтан бұл екі бөлімінің әрқайсысының өз міндеттері, өз ерекшеліктері бар.
1.1.3.1 Формалды типология
Формалды типология айтылу меже бірліктерін зерделейді. Мазмұн меже бірліктерінің түрлі деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан тілдер жүйелерін салыстырғанда формалды немесе сыртқы -құрылымдық көзқарас тұрғысынан типологтың тілдің барлық деңгейлерімен айналысуына тура келеді. Формалды типологияның негізгі міндеттеріне бірқатар проблемаларды, соның ішінде мыналарды жатқызуға болады:
1.1.3.2 Семантикалық типология
Семантикалық типология – салыстыру межесінде тіл бірліктерінің семантикалық құрылымын зерделейтін лингвистикалық типологияның бөлімі. Ол мазмұн меже бірліктерін табумен, оларды модельдендірумен, тіларалық изоморфалық және алломорфалық қасиеттерді табумен және салыстырумен айналысады. Семантикалық типология тілдердің семантикалық қасиеттерінің негізінде типтік нышандарды анықтайды. Семантикалық әмбебаптарды белгілеу түпкі мақсат болып табылады.
Әдебиеттер
1 Аракин В.Д. Сравнительная типология английского и русского языков.: учеб. пособие для студентов пед. ин-тов по спец. «Иностр. яз.» – 2-е изд. – М. : Просвещение, 1989. – 254 с.
2 Буранов Дж. Сравнительная типология английского и тюркских языков: учеб. пособие для пед. ин-тов. – М. : Высш. шк., 1983. – 267 с.
3 Демесинова Н.Х. Сопоставительная грамматика казахского и русского языков. Синтаксис. – Алма-Ата, 1959. – 259 с.