Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Құнды қағаздар нарығы.


Жоспар
Кіріспе 3
І-бөлім. Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі 5
1.1 Құнды қағаздар – тарихы мен мәні 5
1.2 Құнды қағаздардың түрлері және қызметтері 6
ІІ-бөлім. Құнды қағаздар нарығы 16
2.1 Құнды қағаздар нарығының басты қызметтері және қажеттілігі 16
2.2 Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері 17
2.3 Құнды қағаздар нарығының құрылымы және қозғалысы 19
ІІІ-бөлім. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы 21
3.1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың қалыптасуы 21
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27

Кіріспе

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары, Ост-Индия акционерлік қоғамы, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құнды қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

І-бөлім. Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі

1.1 Құнды қағаздар – тарихы мен мәні

Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы меншік айналымының объекті тарихи кезеңімен тікелей байланысты болып келеді. Өте ерте кезеңде адамдар бір тарихи формациядан екінші формацияға өткенде, олар тауар мен ақшалардың басқаша орналастыру қажеттілігін алды, бірақ бұл басқаша орналастыру тәсілі тиімсіз болды.
Бұл жолды, ең бірінші, юристтер б.э.д. 4-5 ғасырда тауып, оны былай көрсеткен:

1.2 Құнды қағаздардың түрлері және қызметтері

Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, векселдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды неліктен жалған капитал деп атаған.
Оған қандай себеп болған?
Біріншіден, табыс – көзі тауар өндірісі. Ал, бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі.Ал, құнды қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады.Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес.

ІІ-бөлім. Құнды қағаздар нарығы

2.1 Құнды қағаздар нарығының басты қызметтері және қажеттілігі

Сонымен бағалы қағаздар рыногы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы нарығын құрайды. Банк – шын мәнінде коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес) қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып, олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу – капиталдың айналмала және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы, банктың несие жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер, бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға – жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.
Бағалы қағаздар нарығының маңызды бөлігі – ақша нарығы болып табылады. Онда қысқа мерзімді қарыз міндеттемелері бар қазыналық вексельдер айналыста болады. Ақша нарығы, қолда бос тұрған ақшаларды, мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың бос ақшаларын табыс табуға, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққанды қаржы нарығының орын алуы мүмкін емес.

2.3 Құнды қағаздар нарығының құрылымы және қозғалысы

Алғашқы және қайталама нарық. Ілгеріде атап көрсеткендей, құнды қағаздар нарығы – алғашқы және қайталама болып бөлінеді. Алғашқы нарық, құнды қағаздар шағарып сатуға қатысты. Акция мен облигацияларды алғашқы нарыққа сатудың нәтижесінде, эмитент өзіне қажетті қаржыларын алады. Әр биржа бағалы қағаздарды қабылдауда өз талаптарын қояды. Сондықтан да компаниялардың қағаздары котировкаға түседі. Кейбір биржаларда бағаланбай жатады. Биржадан тыс айналымға екінші рет қатысатын компаниялардың қағаздары бір мезгілде биржада және биржадан тыс та айналымға түседі.

ІІІ-бөлім. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы

3.1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың қалыптасуы

Қазақстан жан-жақты қамтылған жүйелі де мақсаты және белсенді қаржы саясатын ұстанып отыр.
Мүлікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіруге байланысты мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырылып қайта құрылды.
Орташа кәсіпорындар қорының 30% акциялары мемлекет меншігінде қалдырылып, қалғандары жеке меншікке үлестіріледі. Ірі кәсіпорындардың 50% акциялар пакеті мемлекет иелігінде қалдырылады, қалғаны жеке меншікке айналдырылады.
Жекешелендірілген өндіріс орындарының 5% дейінгі акциялары инвестициялық қорлар арқылы Қазақстанның барлық тұрғындарына үлестірілген жекешелендіру купондарына айырбасталады.
Бұл іс-шаралар құнды қағаздар нарығын қалыптастырудағы Қазақстанның бірінші қадамы.
Жекешелендіру мен акционерлердің нарық жүйесіне көшудің ең негізгі алғышарты болғанымен, нарықтық қызмет атқару механизімін қалыптастыра алады.

Қорытынды

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып, осы қорды үнемді, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығы – нарықты экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттеп жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған концепцияға жүргені дұрыс деп ойлаймын.