Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде 6
2 Инвестициялық жобалар түсінігі: инвестициялық жобаларды құру және талдау механизмдері 13
3 Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері 20
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Инвестициялар – пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында материалдық өндіріс және материалдық емес салалар объектілеріне материалдық және интеллектуалдық ресурстар салымдары. Инвестициялық қызметтің объектісі болып қайта құрылатын және жетілдірілетін негізгі қорлар, айналым қорлары, бағалы қағаздар және тұтастай ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнім, меншіктің басқа да объектілері, сонымен қатар меншік құқығы және интеллектуалдық меншік құқығы табылады.
Қазақстан Республикасының территориясында күші бар Заңнамаларға сәйкес инвестициялардың, соның ішінде, меншік түріне тәуелсіз шетел инвестицияларының қорғалатындығына кепіл беріледі.
Инвестициялық қызмет субъектілері арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құқықтық құжат келісімшарт болып табылады. Ұйым инвестицияның көлемін,бағытын, өлшемін, тиімділігін өздігімен анықтайды. Сонымен, инвестицияның экономикалық категория ретіндегі ұғымы өз алдына инвестициялық ресурстарды қалыптастыру бойынша экономикалық жүйені танытады.
1 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде
Экономиканың тұрақты дамуының, құрылымдық жаңалықтар енгізудің, жаңа ғылыми-техникалық негізде өндірістік потенциалды қалыптастырудың және әлемдік нарықтағы тұрақты бәсекелік позицияларды бекітудің негізгі шарты болып инвестициялық белсенділік табылады. «Жаңа индустриалды» Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің феномені, ғылыми салалардың пайда болуы осы мемлекеттердің экономикасына инвестициялардың көп мөлшерде құйылуымен түсіндіріледі.
Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңіл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестиция жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және өндіріс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады.
2 Инвестициялық жобалар түсінігі: инвестициялық жобаларды құру және талдау механизмдері
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді. Инвестицияларды әртүрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту жағдайы бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде.
Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары қолға алынды.
Жобалық несиелеу – бұл отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын жаңа нысаны болып табылады және оның банктік несиелеуден мынадай артықшылықтары бар:
3 Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері
Қазақстан Республикасының егемендігін алуы ел экономикасын тиімді инвестициялау мәселесін алға қойды.
Кез келген мемлекет үшін әлеуметтік – экономикалық сферадағы ең маңызды мақсаты – ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Экономикалық өсу әлеуметтік және саяси тұрақтылықпен және қоғамның тиімді дамуымен сәйкес келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі байқалады. Төмендегі суретте Қазақстан экономикасына инвестициялық салымдар, өнеркәсіп өсу деңгейі және ЖҰӨ деңгейі көрсетілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Елдегі нарықтық қатынастар шарттарындағы инвестициялық жобаларды дайындау мен іске асырудағы арнайы ерекшеліктерінің бірі, келтірілген объектінің жағдайы жөніндегі ұсынылып жатқан инвестициялық жобада толық ақпараттың жетіспеушілігінде және жобаны қодайтын, тәуекелдікті қажетті деңгейде бағаланбауында болып отыр. Инвестордың жағынан, нормативті-құқықтық және басқа сферадаға кез келген жағдайдағы интерпретацияның түрлілігінен, объектінің нақты жағдайы бағаланбауы мүмкін. Инвестиция үшін, қаржылық, ұйымдық-техникалық, ресурстық және басқа да күрделі факторлардың жиынтығынан, инвестиция салымдарынан күтілген нәтижелер көбеюі мүмкін. Инвестициялық жобаларды дайындауда, өнеркәсіптің қаржылық көрсеткіштері, қаржылық ағымдар қозғалысы жүйесінде, мониторинг жүйесінің көмегімен шешу мүмкін болатын, маңызды мәселелі сұрақтарды қарастыру орын алады.
Мониторинг, ол жобаны дайындаудағы жобалау сатысындағы экономикалық үрдістерді бақылайтын шаралар жиынтығын құрайды. Біріншіден, мониторинг әр түрлі болуы мүмкін, олардың кейбір шаралары инвестициялық жобалаудың кейбір сатыларында қолданылуы мүмкін. Жалпы, мониторинг – инвестициялық жобаның маңызды буыны және инвестициялық жобаларды өңдеуде жаңа бағыттар тудырушы сипатын алады, өйткені мониторинг нәтижесінде, түрлі тәсілдер мен нұсқаулар сипатында, өңдеу жұмыстары кезінде күрделі бақылау жүргізеді. Мониторинг, өңделіп жатқан инвестициялық жобалардың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болған. Инвестицияларды табу кезінде, оларды енгізу сатысында мониторингтің қажеттілігі сезілді. Алайда мониторинг формасы, инвестиция мінезіне, олардың көлеміне және басқа шарттарға байланысты өзгеруі мүмкін.